Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлем туралы өткенді қайталау

22 қараша 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «Сөйлем туралы өткенді қайталау» (презентациясымен)

Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: өткен тақырыпты саяхат жасау арқылы пысықтау, сурет бойынша сөйлем құруға дағдыландыру;
Дамытушылығы: ауызша және жазбаша тілдерін дамыту. Сөздік қорын және байланыстырып сөйлеуін дамыту.
Тәрбиелігі: адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, шапшаңдыққа баулу.

Сабақтың түрі: Саяхат - сабақ.
Көрнекіліктер: Ауыл сызбасы, парақшалар, қоржын, жұмбақтар, сандық, қамшы,
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар
- бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ, бізге қонаққа көптеген мұғалімдер келді
Сабақтың тақырыбы және мақсаттарымен таныстыру
- Бүгін мамырдың нешесі?
- аптаның қай күні?
- қазір қай мезгіл?
- Көктем.
Дәптерлерімізге бүгінгі күнді жазамын
Көркем жазу
Ата – балаға сыншы.
- Біз бүгін «Жеті ата ауылына саяхатқа шығамыз»
- Саяхатқа шығу үшін өзімізге көлік сайлап алайық. Бұрын ата - бабаларымыз техника дамымаған, машина болмаған кезде көлік ретінде нені пайдаланған, оны әлі күнге дейін ауылдарда қолданады?
- Атты, түйені, өгізді.
- Сендер соның қайсысын қалайсыңдар?
- Атты.
- Жарайды атты жолға әзірлейік. Ол үшін өткен сабаққа тоқталайық? Өткен сабақта сөйлемдегі сөздің байланысын өттік.
- Сөйлемдегі сөздер туралы не білесіңдер?
- Олардың байланысын қалай білеміз?
- Сөйлем туралы не білесіңдер?
- Бас әріптен басталып жазылады, соңында нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі қойылады.

2. Өткенді қайталау.
- Балалар, сұрақтарға жауап беріп, атамыздың ауылына келіп қалыппыз. «Ата» ауылы сендердің білімдеріңді тексермекші екен, мынадай тапсырмалар әзірлепті.
Жылт - жылт еткен,
Жырадан өткен. (су)

Өнерде бар, Талапта жоқ.
Өрмекте бар, Оюда жоқ (ө)

Мейізде бар, өрікте жоқ.
Киізде бар, Сырмақта жоқ (з)

- Ал, балалар, жұмбақтан қандай сөз шықты? Сөзден не құралады?
- Дұрыс балалар «Ата» ауылының сұрақтарынан дұрыс өттіңдер, әрі қарай «Әке ауылына саяхатқа шығамыз.
- Сөйлемді дұрыс құрастыра аласыңдар ма? Оны білу үшін мына киіз үй сөзінен сөйлем құрастырыңдар (Киіз үй тез құрылып, тез жиналады. Киіз үйдің шаңырағы, керегесі, есігі бар. Киіз үй қыста жылы, жазда суық болады.) (Оқушылар қима сөздерден сөйлем құрастырады)
Жер балшық, құлап қалмаңдар, бәріміз арбаға отырайық.
- Алмаз, атты айда.
- Айт - шу жануар.
- - Алдымызда көрінген қай ауыл екен?
- «Бала» ауылы
- Міне, бұл ауылға да келіп қалыппыз. Бағанадан екі ауылға саяхат жасап шаршадық, енді сергіту сәтін жасап алайық.
Орнымыздан тұрамыз
Алақанды ұрамыз
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып аламыз.

1. «Немере» ауылына келіп қалыппыз. Бұл ауылда «Ойлан тап!» ойынын ойнаймыз Ойынның шарты: «Шөбере» ауылына саяхат жасаймыз. Уақыт болса тақап қалды.
- Алмаз, айда атты.
- Айт - шу, жануар.
- Міне «Шөбере» ауылына да келдік.
- Бұл ауыл қоржын әзірлепті, осы қоржындағы сұрақтарға жауап берейік.
1 - парақша «Балалар» сөзін қатыстырып сөйлем құра.
2 - парақша «Ойыншықтар» сөзімен сөйлем құрау.
Тоңып қалмау үшін «Санамақ» ойынын ойнайық
Басбармағым – алғашқы,
Балан үйрек – жалғасы,
Ортан терек - ағасы,
Шылдыр шүмек - нағашы,
Кішкентай бөбек – балақан,
Бәріне ортақ алақан.

Міне «Шөпшек» аулына да келіп қалыппыз.
Бұл ауыл сендерге жұмбақ әзірлепті.
Қызықтап күнде сен,
Суретін көресің,
Оқисың одан сен
Ертегі, өлеңді, ол не? (кітап)

Тілдерімен жүреді,
Уақытты біледі. (сағат)

Үлкен алып табақтан
Әлемге нұр таратқан (күн)

Жұмбақтардың шешуінен сөйлем құрастырыңдар, және мына белгілерді қолданыңдар..!?
Мысалы: Оқушы кітап оқыды. Сағат қанша болды? Алақай, күн жылынды!
Сөйлем құрастырған оқушы тақтаға жазады, ал қалғандары дәптеріне көшіреді.

2. «Немене» аулына саяхат жасаймыз. «Немене» ауылы сендердің сөйлем тақырыбын қалай меңгергендеріңді сынамақшы. «Сиқырлы сандық» әзірлепті.
- Қане, сандықты ашып қарайық. (сандықтан сұрақтар оқу)
1 - оқушы: Сөйлемдегі сөздер бір - бірімен қалай жазылады?
2 - оқушы: Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?
3 - оқушы: Сөйлемнің соңына қандай белгілер қойылады?
4 - оқушы: Сөйлемдегі сөздер қандай болады?
5 - оқушы: Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай білеміз?
6 - оқушы: Қазақтың тұнғыш ғарышкері кім?
Енді бәріміз «Ұшты - ұшты» ойынын ойнаймыз
Көркем жазу.

3. Қорытынды бөлім.
- Міне, балалар, сыныпқа да келдік. Саяхат сабағына барлығың жақсы қатыстыңдар. Жеті ата ауылының адамдары сендердің білімдеріңе риза болып жатыр.
Бүгін жеті атамызбен таныса отырып сөйлем және сөйлемдегі сөздердің байланысы тарауларынан алған білімімізді қайталадық. Жеті атасын білген оқушы, өскенде туған, туыстарына мейірімді, жақынын танитын жақсы азамат болып өседі деген екен.
Әкесінің баласының баласы - немере,
Немере баласы – шөбере,
Шөбере баласы – шөпшек,
Шөпшек баласы – немене болады.
Әрі қарай өскенде білетін боласыңдар.
8. Балалар білімдерін бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 390
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мағынасы қарама - қарсы сөздер
Мағынасы қарама - қарсы сөздер
Сөз мағынасы қарай түрлерін еске түсіре отырып, қарама - қарсы мағыналы сөздерді таба білуге және байланыстырып сөйлем құрай білуге қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының қалалары
Қазақстан Республикасының қалалары
Тіл үйренушілерге Қазақстан Республикасының қалаларын аралата отырып, тапсырмаларды орындату, арнайы тіл материалдары арқылы тыңдаушылардың бойында өз ойын, пікірін, тілегін жеткізуге және әңгімелесушінің берген ақпаратын дұрыс түсінуге қажетті
2 – ге көбейту кестесі
2 – ге көбейту кестесі
«Тараз қаласы, М. Мәметова атындағы №27 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі: Бектібаева Жұлдызай Икарамқызы
Көктемгі ауа райы. Етістіктің шақтары
Көктемгі ауа райы. Етістіктің шақтары
Қызылорда қаласы, №198 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бакенова Анар Сарсенбаевна
Туынды зат есім жасайтын жұрнақтар
Туынды зат есім жасайтын жұрнақтар
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Елшібекова Сәуле Орынбасарқызы Сабақ тақырыбы: Туынды зат есім жасайтын жұрнақтар
Мағынасы қарама-қарсы сөздер
Мағынасы қарама-қарсы сөздер
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Елшібекова Сәуле Орынбасарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×