Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Диктанттар жинағы (бастауыш сыныптарға арналған)

25 қаңтар 2018, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Диктанттар жинағы. Бастауыш сыныптарға арналған диктанттар жинағы
Диктанттар (І сынып)

І. Сөз, дыбыс, әріп, сөйлемдер.
Дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.
Түлкі, сүт, ұя, ыдыс, дәптер, нан, көбелек, ине, теңге, ою.
(10 сөз)
Мүйiз, май, Сәуле, бас, қағаз, белдік, жүгері, дәрі, отыр, жаз.
(10 сөз)

ІІ. Дауыссыз дыбыстардың астын сызыңдар.
Шық, отыр, бесік, доп, емен, жіп, қаз, қияр, еден, есік, көз, көл.
(12 сөз)
Жарқанат, жүзім, үйрек, қияр, қауын, лақ, қант, тиын, нәресте, оймақ, піл, қол, тарақ, түйе, тау, үтік, сөз, сынып, қалам, тақта.
(20 сөз)

ІІІ. Сөздерді буынға бөліңдер (сөздерді тақтаға жазып, оның схемасын сыздыру).
Айгүл, алма, доп, (үлгi).
Жолбарыс, балық домбыра, терезе, ат, айна, дәрiгер, әже, көкек, дұрыс.
Алмұрт, шелек, піл, айран, сағат, бор, торғай, күн, май.
(10 сөз)

IV. Дауысты дыбыстардың астын сызыңдар
Түлкі, сүт, ұя, ыдыс, дәптер, көбелек, нан, ине, теңге, ою, ас, су, ақ, көк.
(15 сөз)
Шаңғы, әріп, бұзау, қызыл, қара, сынып, шам, кесе, іні, көше, бала, есеп, еңбек, сары, бет.
(15 сөз)
Бор, шеңбер, шағала, ыдыс, жылан, қазақша, орысша, орын, ойна, демал.
(10 сөз)

V. Кім? Не? – деген сұрақтарға жауап беретін сөздер.
Орындық, көбелек, ата, бесік, әже, гүл, мысық, дәрігер, айна, ай, кітап, торғай, қыз, мектеп, күз.
(15 сөз)
қасық, түлкі, тауық, бала, сурет, іні, ине, ана, шортан, әке, ара, сызғыш, доп, дүкенші, ұя, мұғалім, тарақ, ою, көрпе, балмұздақ.
(20 сөз)

VI. Қандай? - деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.
Ерлан жақсы оқушы. Ол бірінші сыныпта оқиды. Ерланның сыныбы таза. Оқушылар қазақ тілін біледі.
(14 сөз)
Түлкi – сұлу аң. Ол таулы жерде жүредi .Түлкi қызыл түстi болады. Оның терiсi бағалы. Менiң ойыншық түлкiм бар.
(18 сөз)
Ертіс
Ертіс - өзеннiң аты. Ертiс терең, әдемi өзен. Ертісте кеме жүредi. Өзеннiң суы өте суық. Мен Ертісті көрдiм.
(17 сөз)

VІI. Бас әріппен жазылатын сөздер.
Астана – бас қала; Абай даңғылы; Пушкин көшесі; Тобыл өзені; *Қазақ тілі* - газеті; Алматы қаласы; Қостанай облысы.
(16 сөз)
Алтынсарин мұражайы; Қостанай қаласы; Әулиекөл ауданы; халық әртісі – Роза Рымбаева; Ақылбек Шаяхметов – ақын; «Балдырған» журналы.
(14 сөз)
Қостанай.
Біз Қостанайда тұрамыз. Қостанай сұлу қала. Қаланың көшелері үлкен. Мектеп Байтұрсынов көшесінде.
(12 сөз)
Тапсырма: бас әріппен жазылған сөздердің астын сызыңдар.

VІІI. Не істеді? – деген сұраққа жауап беретін сөздер.
Әлия аюдың суретін салды. Мәдина ою ойды. Қыз орнына отырды. Әжем шай ішіп отыр. Мен доп ойнап отырмын.
(18 сөз)
Көктем
Көктем келді. Қар еріді. Ауа таза. Кеше жаңбыр жауды. Күн жылы. Балалар көктем айларын жаксы көреді. Менің анам көктем гүлдерін ұнатады.
(21 сөз) Мектеп
Мынау біздің мектеп. Мектебіміз таза, жарық. Мен бірінші сыныпта оқимын. Біздің мектепте оқушылар көп. Менің досым да осы мектепте оқиды.
(20 сөз)

Менің әжем.
Менің әжем ауылда тұрады. Әжем жақсы адам. Әжемнің төрт баласы бар. Ең үлкен баласы менің әкем. Жазда мен әжеме барамын.
(20 сөз)
Тапсырма: дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.

Қайрат.
Қайрат – оқушы. Ол жақсы оқиды. Кітап, дәптерін таза ұстайды. Таза киінеді. Қайраттың достары көп. Ол достарымен доп ойнауды ұнатады.
(19 сөз)
Тапсырма: * «Мәдина» сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар.

Саулық пен сымбат.
Денсаулық – зор байлық. Дені сау адам сұлу, сымбатты болады. Менің ағам – спортсмен. Ол ауырмайды.
(14 сөз)
Тапсырма:«сымбатты«сөзін буынға бөліңдер.

Бастауыш сыныптарға арналған диктанттар жинағы. жүктеу
10 303
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық
Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық
Балаларға дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшелігі туралы түсінік беру. Жаттығулар орындату арқылы дауысты дыбыс туралы білімдерін жетілдіру.
Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық
Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық
Балаларға дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшелігі туралы түсінік беру. Жаттығулар орындату арқылы дауысты дыбыс туралы білімдерін жетілдіру.
Диктанттар жинағы. 5 - 11 - сыныптарға арналған
Диктанттар жинағы. 5 - 11 - сыныптарға арналған
Бұл құрал оқыту орыс тілінде жүретін мектептердің қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған. Ол 5 - 11 сынып оқушыларына арналған диктанттар жинағы ретінде құрастырылған. Қазақ тілі бойынша қорытынды жазба жұмыстарын жүргізуге арналған.
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Заденова Меруерт Жумаханқызы
Я әрпінің жазылуы
Я әрпінің жазылуы
Атырау қаласы, Жанаталап селосы, Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қадесова Салтанат Әлімжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×