Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош бол, Әліппе!

04 қаңтар 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Бастауыш сынып мұғалімі
Жаназилова Айнагүл Маратовна

Тақырыбы: Қош бол, Әліппе!
Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата - аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін-өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу; Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарға жапсырылған қима әріптер мен цифрлар, «Әліппе» оқулығын мұқабасы, шардан жасалған бағаналар, ертегі кейіпкерлерінің киімдері, қызыл және көк түсті үйшік, сынып өмірінен үзінді слайдтар мен бейне таспа, «1 «А» сынып» жазуы.

Барысы:
1. Қойылым: «Алғашқы қоңырау». «Сымбат» жеке мектебі туралы бейне баян жүріп жатады. Сахнада оқушылар мен мұғалімі тұрады. Мұғалім қолында 1 «А» сынып деген кесте болады.Ортаға баласын жетектеген ата-ана шығады.
Автор: Жеті жасар баласын,
Жетпісте шал жетектеп.
Келе жатыр көшеде,
«Қайда әлгі мектеп»- деп.

Ата: Балам, балам, жақсы бол,
Міне, сенің мектебің.
Сабағыңа зейін сал
Ақылды бол тентегім.

Мұғалімі: - Саламатсыз ба? Менің аты-жөнім – Айнагүл Маратовна. Мен сіздің балаңызды оқытатын алғашқы мұғалімі боламын.

Ата-ана: - Ал, енді мынау менің балам! Баламды сізге тапсырдым. Білімді , сауатты азамат етіп шығарады деп сенемін!
Мұғалім: - Сеніміңізге рақмет!
Күндерің өтер осында әр,
Сыныптас ұл-қыз досың бар.
Ел-жұрттың ақтап үмітін,
Оқуды үздік оқыңдар!
Оқуды үздік оқыңдар!
Ал, балалар, жүріңдер білім әлеміне!
(бәрі сахнадан кетіп қалады)

1- жүргізуші:
Қыркүйектің ақ таңы,
Атып келе жатты әні.
Ұстаздар мен шәкірттің,
Қауышатын шақтары.
Ішінде бір кеменің
Өткізетін белеңін.
Дәл бүгіннен басталар
Іздеу білім тереңін.

2-жүргізуші: Қалықтайды құс аппақ,
Бала жүр гүл құшақтап.
Алғаш келген шәкіртті,
Мектеп жатыр құшаққа ап.
Жүздерінде - қуаныш,
Жүрегінде жұбаныш.
Келе жатқан шәкірттің,
Барар жолы тым алыс.
Таудай болып талабы,
Үркектемей жанары.
Шәкірт енсін мектепке,
Құтты болып қадамы!

1-жүргізуші: Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға..

2-жүргізуші; Армысыздар аналар
Бармысыздар балалар
Сөзіме құлақ салыңыз
Бір серпіліп қалыңыз
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр әніміз
ІІ. «Сынып өмірінен үзінді» слайдтар мен бейне таспа.

3-жүргізуші: Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып,
Қарсы алды ұстаз мейіріммен
Қадамымды құп алып.
- Біз «Сымбат» мектебінің 1 «А» сыныбында міне, 3 ай оқыдық. Осы уақытта Айнагүл апай бізді білім нәрімен сусындатты. Енді сіздердің назарларыңызға осы оқу кезеңдерінен шағын презентация ұсынамын.
1-слайд.Мынау - біздің мектепке алғаш келген кезімізден көрініс.
2-слайд. Бізге оқу мен жазуды үйреткен сүйікті Әліппе сабағы.
3-слайд.Математика сабағын да жақсы көреміз. Санау мен есеп шығаруды да үйрендік.
4-слайд.Сабақты жақсы оқу үшін , әлденіп тамақтану керек. Мынау – біздің асхана.
5-слайд. Біздің алғашқы сайысымыз - «Көңілді старт». Ата-аналар, ұстаздар және оқушылар арасында сайыс. Бұл сайыста ата-аналар атынан Нұрдәулеттің папасы – Шералы ағай қатысты.
6-слайд.Ал мынау «Толағай» отбасылық сайыс. Бұл сайысқа Дамир ата-анасымен қатысты.
7-слайд.Ас атасы – нан. Нанның қадірін ұғыну үшін, оның жасалу жолын көру керек. Біз наубайханаға саяхат жасадық.
9-слайд. Келесі саяхатымыз – баспахана болды. Газет журналдың шығарылуы біз үшін – қызық!
Бейне баян.Біз осы уақыт аралығында телеарнаға да түсіп үлгердік. «Қайырлы таң, Ақтөбе» бағдарламасынан үзінді тамашалаңыздар!

ІІІ. Сазды - әуенді бөлім.
Ақмади Айымның орындауында «Бал балалық» әні
1-жүргізуші: Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?

Хормен: Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті - Әліппе!
Ол сүйікті - Әліппе!
Хор: «Әліппе», «Отан»

1-оқушы. Албина
Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,
Ұстазым маған кілтін алып берді.

2-оқушы. Дамир
Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат ашып тойладық

3-оқушы. Аяулым
Бәрімізді сүйіп өткен,
Балаларға үйреткен.
Әліппе мен ұстазға,
Бас иеміз құрметпен.
Барлық әріп бағалы
Айтсақ әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды

4- оқушы. Әлихан
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын
Болармын күні ертең мақтанышың
Білім алып , тер төгем, еңбек етем
Ата-ана сеніміңді ақтау үшін.

5- оқушы. Айкен
Ата-анамнан кейінгі
Екінші адам өмірде
Бала бол деп зейінді
Мейір құйған көңілге
Тәрбиелі білікті
Ол ұстазың сүйікті
Шәкірт қана алаңы
Өсиеті адалдық
Тентек сотқар баланы
Шығаратын адам ғып
Тәрбиелі саналы
Ол ұстазың сүйікті

Хор: «Мұғалім – ол біздің»
2-жүргізуші: Олай болса ортаға Әліппені шақырайық! (Әліппе келеді)
Әліппе: Армыссыздар, жас достар
Армысыздар ата-ана!
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден
Жақсы білім көрімдік
Болсын бізге халайық
Не үйреніп не білдік
Кәне ортаға салайық!

2- жүргізуші: Армыздар, жас достар
Болашаққа жол бастар
Әліппесін меңгерген
Әріптер әлеміне саяхатқа шақырамын.
(Оқушылардың қолдарында шарға жапсырылған қима әріптер бар)
А-ға й-ды қоссаңыз
Көкте тұрған ай болар

Ә әрпінен табамыз
Әжемізді ақылғөй

Б дегенің бабамыз
Бауыржандай батыр ғой

М-дегенің мал болар
Қадір тұтқан бабалар

Ауылда бар,
Елде жоқ (У)

Ж-дегенің жөргегің
Туып өскен жерлерің

Кірпікте жоқ,
Қаста бар.(Қ)

З-әріпімен зердедім
Зергерлердің зергерін

Тауда бар, Бауда жоқ.

Ы-дегенің ырысың
Орман-тоғай өзенің

О-дегенің отбасы
Отан деген ұғым бар

С әріпінен тұратын
Сый, сияпат, сенімің
Әліппе; - Бәрекелді, қандай ақылды балалар? Бәрің сауаттаныпсыңдар. Мен туралы біраз нәрсе ұғыпсыңдар. Мен сендерге ризамын!
- Ал, қане маған әріптермен сөз құрап көрсетіңдерші.
Ә: - Сендер қай мектепте оқисыңдар?
Оқушылар қолдарындағы әріптермен «СЫМБАТ» сөзін құрайды, хормен айтады.
Ә: - Сендер меннен нені үйрендіңдер?
Әріптер «оқу » және «жазу» деген сөздерді құрап, хормен айтады.

6-оқушы. Айым
Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің сүйікті Әліппем.
Сенің арқаң оқи жаза білгенім,
Сауатты адам қатарына кіргенім.
Құрметтеп қадір тұтатын

7-оқушы. Мәди
Халқымның дана тілі бар
Әліппені білген соң
Білімнің жолын ұғынар
Сүйікті менің Әліппем
Өзіңмен қимай қоштасам

8-оқушы. Мәдина
Қош бол құтты Әліппем
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің

9-оқушы. Нұрдәулет
Әліппе сауатыңмен санамды аштың,
Достарыммен теңдес араластым.
Үйреніп, әріптер мен әңгімені,
Күн сайын алға қарай қадам бастым.

10—оқушы. Әлисұлтан
Әліппе жарты жылдай жолдас болдым,
Ана тілге әкеліп жалғастырдың.
Әр әріпті қостырып, сөзін құрап,
Хат танытып, алғаш сен көзімді аштың.
Қош болып тұр, әліппе, анамдайсың,
Жақсы бол деп, біздерге алаңдайсың.
Мен үйреткен әріптің құдіретімен,
Дейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың.
11- оқушы. Аян
Орындаймыз әліппе ақылыңды,
Жарысқанда жазамын тақымымды.
Қандай қиын жұмбақты шешу үшін,
Арттырамын ғылымға құштарлықты.
Әліппе; - Рахмет , балалар!Келесі оқитын пәндерің Ана тілін де жақсы меңгеріңдер.Маған өкпелерің болмаса, мен енді басқа балаларға барайын. Қош болыңдар, балалар!
Барлығы бірге; Қош, бол Әліппе!
1-жүргізуші: - Ал енді, құрметті әріптер алдарыңызда дауысты және дауыссыз дыбыстар үйілері тұр. Өз үйлеріңізге жайғасыңыздар! (әріптер қызыл және көк түсті үйлерге бөлініп орналасды)
1- жүргізуші: - Абдикапул Аянның орындауында «Қара жорға» биі
ІҮ. Сахналық көріністер
2-жүргізуші: - Біз көптеген ертегілерді оқып, олардың қызығына баттық. Енді сол оқыған ертегілерімізді сахналап береміз. Тамашалаңыздар!
Көрініс: «Жалқау мысық» (Мәди, Дамир, Әлихан)
Көрініс: «Түлкі мен қоян» (Айдана, Альбина)
Көрініс: «Түлкінің күлкісі» (Айкен, Айым, Мәдина)
Көрініс: «Айлакер қоян» (Дамир, Әлигимран, Аян)
Көрініс: «Тапқыр қоян» (Нұрдәулет, Аяулым, аңдар)
2- жүргізуші: Рүстемқызы Айдананың орындауында: «Айдана» әні

2- жүргізуші: - Ортаға сандарды шақырамыз!
Санамақ айту
1.Әлисұлтан
Біздің үйде бір тауық,
Бір жұмыртқа жүр тауып.
Бір сиыр бар қорада,
Бәтіш тәтем жүр сауып.

2. Альбина
Екі аяқпен жүремін,
Екі көзбен көремін.
Екі қолым бар менің,
Екеу құлақ, білемін.
3. Әлихан
Үйімде бар үш қалам,
Үшеуін де ұштағам.
Үш досымды салдым мен,
Үш балыққа ұқсаған.

4. Аяулым
Төрт дөңгелек арбада,
Төрт аяқ бар малда да...
Тауыса алмай бидайды,
Төрт тышқан жүр қамбада.
5. Аян
«Бестік» деген бағаны,
Бақыт күнде алады.
Бәрі жақсы көреді,
«Беске» оқыған баланы.

6. Дамир
«Алақай!» дер келді күн,
Алтыдамын мен бүгін.
Алты жасқа келмекші,
Алғы аптада енді кім?!
7. Айым
Жеті саны киелі,
Жұрттың бәрі біледі.
Жеті жасқа жеткендер,
Жығылмай-ақ жүреді.

8. Нұрдәулет
Сен де, мен де баламыз,
Сегіз санын саламыз.
Сегіз деген екі төрт,
Сегіз жаста ағамыз.
9. Айкен
Тоғыз жасқа келгенім -
Тоғыз жылды көргенім.
Тоғыз жаста тәнті еткен,
Талабымды көр менің!

10. Мәдина
Он жыл, он жас - он деген,
Он жас кіші ол менен.
Онды жаза аламыз,
Он - тұрған бір нөл менен.

Мәди: - Қане, балалар, есепке қалайсыңдар?
- 5пен 3-тің қосындысы нешеге тең?
- 7 мен 5-тің айырмасы ше?
- 2 мен 4-тің қосындысы ше?

2- жүргізуші: - Мектепте ағылшын тілін де меңгеріп келеміз. Куә болыңыздар!
Ағылшын тілінде ән.
1-жүргізуші: Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!

2-жүргізуші:«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз!

2-жүргізуші: Жұмағалиева Альбинаның мен Рүстемқызы Айдананың орындауында: «Көк тудың желбірегені»
1- жүргізуші: - Құрметті ұстаздар, ата-аналар!Әліппеге арналған сазды әуенімізді аяқтаймыз!
Ү. 1. Атасы балаларға бата береді.
2. Естелік суреттер мен сыйлықтар тапсырады.
3. Белсенді ата-аналарды марапаттау.
9 723
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош бол, құтты әліппем!
Қош бол, құтты әліппем!
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Қ. Сәтбаев атындағы ЖОББМ Бастауыш сынып мұғалімі: Кожагалиева Айнур Набигалиевна
Қош бол, құтты Әліппем
Қош бол, құтты Әліппем
Атырау облысы, Атырау қаласы, №2 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Куанова Анар Аманкайыровна
Әліппе, саған мың алғыс!
Әліппе, саған мың алғыс!
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тулегенова Мейрамгул Назаровна
Әліппе, саған мың алғыс!
Әліппе, саған мың алғыс!
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы Г. Орджоникидзе атындағы №1 мектеп - гимназия Бастауыш сынып мұғалімі Бегайдарова Лейле Айдосовна
Қош бол, Әліппе! (ертеңгілік)
Қош бол, Әліппе! (ертеңгілік)
ШҚО. Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш класс мұғалімі Аязбекова Дария Сериковна
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу. Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата — аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу 1) Так, так, так Бәрін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×