Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұ дыбысы мен әріпі

23 ақпан 2018, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Ұ ұ дыбысы мен әріпі.
Мақсаты: Ұ дыбысы мен әрпін таныту, сол әріп арқылы берілген оқу мен жазуға үйрету. Ұ дыбысына байланысты сөздер ойлатып талдау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Оқушыларды партада дұрыс отыруға, сауатты, қатесіз, таза, Коллиграфиясын сақтап жазуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: Суреттер, кеспе әріп, түрлі түсті бор, Ұ дыбысының баспа және жазба түрі, кадоскоп, плакат.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Психологиялық дайындық.
Отан - қамқор анамыз,
Біз бақытты баламыз.

2. «Аттарды баптау» ойыны.
- Қазанның 25 күні ауылда ат жарыс болады. Сол жарысқа аттарды баптап дайындауға көмектесуміз керек. Әр аттың өз тапсырмасы бар, сол тапсырманы орындаумыз керек. Сода көмектескеніміз болады.
Тапсырма: 1. Жауын сөзін кепе әріппен құрастыру.
Дыбыстық талдау жаса.
2. Жылқы сөзін тақтаға әр түсті бормен жазу, буынға бөлу.
3. Берілген сурет атауын атау. Сурет бойынша сөйлем құру.
Сөйлем сызбасын сызу.

3. Жаңа сабақ: Жұмбақ.
Темір құсты алып батпан,
Көк аспанда қалықтатқан.
Ағаларды кімдер дейді,
Алдымен тез тауып мақтан. (ұшқыш)
- Ұшқыш сөзі қай дыбыстан басталып тұр?
- Олай болса, біз бүгін Ұ ұ дыбысымен танысымыз.
- Бәріміз Ұ дыбысын айтып көрейік.
- Ол қандай дыбыс?
- Жуан дыбысты дыбыс.
- Оны қайдан білдіңдер?
- Созып айтуға болады.
- Қай үйге кіргіземіз?
- Қызыл үйге кіргіземіз.

4. «Сөз ойла, тез ойла» ойыны. Ұ дыбысына сөз ойлату.
- Ойлаған сөздерді қима әріптен құрату.
Ұн, құс, ұшқыш.
- Ұ дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі екен.
- Сөз басында, ортасында келеді.

5. Ұйқасын тап.
Ұр - ұр - ұр Ұқ - ұқ - ұқ
Бекарыс бұрышқа тұр Басыңды төмен бұқ

6. Оқулықпен жұмыс
- Сурет бойынша сөйлем ойлату.
- Бағандағы сөздерді оқыту. Мағынасын түсіндіру.
- Тізбектей оқыту.
- Түсінгенін айтқызу.

7. Дәптермен жұмыс. Ұ, ұ әрпінің жазылу элементтерін түсіндіру. Ауаға жазып саусақтарын жаттықтыру.

8. Диктант жазу.
Ұн. ұр, ұш, құс, ұт.
9. Сабақты бекіту.
«Кім шапшаң» ойыны. Кадаскоп.
Тірек сызба арқылы бір буыннан бірнеше сөз құрау.

Қорытындылау: Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?
10. Бағалау.

ОҚО, Шымкент қаласы,
Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы,
Атамекен ауылы, "Жібек жолы" жалпы орта мектебі
бастауыш пәні мұғалімі Миманжораева Гүлжан Қуанышқызы

Ұ дыбысы мен әріпі. жүктеу
2 619
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғ дыбысы және әрпі
Ғ дыбысы және әрпі
Ғ дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру. Ғ дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасауға, буынға бөліп оқуға жаттықтыру.
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар Сауат ашу (48 сағат)
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы берілген сөздерді тізбектей оқыту
Ж дыбысы мен әріпі
Ж дыбысы мен әріпі
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, "Ақтоғай жалпы орта білім беру мектебі"КММ даярлық тобының тәрбиешісі: Майликутова Сайлаухан
Я дыбысы мен әрпі
Я дыбысы мен әрпі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Құрбанова Жанат Төлегенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×