Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Патриот болу - парызың

28 наурыз 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: «Патриот болу - парызың»
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
«Қазақстан - 2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы Мәңгілік ел – идеясының маңызын түсіну
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.
Сабақтың көрнекілігі: Отан, табиғат көріністері туралы плакат, проэктор, компьютер, үнтаспа, кітаптар көрмесі.
Өтілетін орын: акт залы

Жоспары:
I. «Мен өз елімнің патриотымын»
(әдеби – композиция)
II. Концерттік бағдарлама
III «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының жеті тұғыры (Таныстырылым)

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Бүгінгі «Патриот болу - парызың» тақырыбы аясында өтетін тәрбие іс шарасына хош келдіңіздер!.
2 - жүргізуші: Биыл 2017 жыл айтулы күндерге толы жыл, атап айтар болсақ, Қазақстан тәуелсіздігіне 26 жыл, Конституциямыздың қабылдануына 22 жыл,

1 - жүргізуші:
Қазақпын еңселі елмін егеменді
Кеңейттім кең әлемге керегемді
Қазақпын, қойнауы құт жері дархан
Әнімді бес құрлықтың бәріне айтам!

2 - жүргізуші:
Бірлігімнің бұзылмаған қаймағы,
Бейбіт күнде желбіреген байрағы.
Әлем білген басшысымен көреген,
Қазақстан ынтымақтың айғағы!
1 - жүргізуші:

Патриотизм - өз Отанын қорғауды мақсат тұтатын, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі.
2 - жүргізуші:
Патриотизм – отбасына, туып - өскен ортасына, топырағы мен табиғатына, еліне деген құрметтен бастау алады. Өз ұлтын, жерін сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын адам ғана шынайы патриот бола алады.

/жай әуен орындалып оқушылар әуенінің ырғағымен ортаға шығады./

П - Қазақстаным Отаным гүлдей жайнаған,
Төсінде оның тасқындап еңбек қайнаған.
Төскейі малға, астыққа толып қамбасы,
Еліміз дамып, жылжыды өрге арбасы.

А Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – мәңгілік елордамызды тұрғыздық.
Т - Биылғы 2017 жыл Қазақстан тарихында көптеген елеулі оқиғалармен есте қалды, олардың ішіндегі ең ауқымдысы – «Болашақтың энергиясы» атауымен ұйымдастырылған «Астана ЭКСПО - 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің өткізілуі болды.
Р - Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығымен жаңа Қазақстанның тарихын жазудың биік мәртебесі мен жауапкершілігі біздің ұрпақтың үлесіне тиді.

И - Елбасы, ҚР Тқңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың көшбасшылығымен жаңа Қазақстанның тарихын жазудың биік мәртебесі мен жауапкершілігі біздің ұрпақтың үлесіне тиді.
О - Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындықтың белгісі.
Т - Ерлік – табиғат сыйы емес, саналы әскери тәрбиенің жемісі, Отан алдындағы қасиетті парызыңды орындау үшін адамзаттың ең асыл сезімімен жігерленіп, өзіңді саналы түрде қауіп - қатерге бас тігуге мәжбүр етудің нәтижесі.
П - Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін!
Ы - Ежелден ел тілегі – ер тілегі, Адал ұл ер боп туса – ел тірегі.
Н - Сабырлық алдында дұшпан сасады, Сабырсыздан береке қашады.

Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. (бәрі бірге)
- Біз өз Отанымыздың патриотымыз.
- Мы патриоты нашей страны
- We are patriots of our country
Музыка
/жай әуен орындалып оқушылар әуенінің ырғағымен ортаға шығады./
1. Ақжол
Біз қазақпыз -
Қастерлеген баба салтын
Аман бол, айналайын дана халқым
Күн туса, атқа қонам бір сен үшін
Міне жалын, міне қолым, міне айым

2. Аяжан
Бірлігімен ынтымағы халықтың
Көгімізде жарқырайды жарық күн
Ырыс, даулет, жайнай берсін жарық күн!
Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн!

3. Диас
Қазақстан - көк байрақты нұрлы елім,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім,
Өзің менің қуынышым, бақытым
Өзің сенің тынысым да тірегім

4. оқушы – Диана
Ел ұралық шыттық, құйып көңілге
Жарқырайды Елтаңбаң да төрінде
Ірге тасың жатыр берік қаланып
Бетті бұрдың алға - жарқын өмірге!

Патриот болу - парызың. жүктеу
26 595
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұрпаққа берген ұлағатты тәрбие - Мәңгілік елдің кепілі
Ұрпаққа берген ұлағатты тәрбие - Мәңгілік елдің кепілі
Оқушыларды Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Мен өз Отанымның патриотымын!
Мен өз Отанымның патриотымын!
Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
«Мәңгілік ел» идеясы арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеудің жылдық бағдарламасы
«Мәңгілік ел» идеясы арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеудің жылдық бағдарламасы
«Бір ел – бір тағдыр» оқушыларға жас ұрпақтың патриоттық сезімін жандандыра түсіп, «Қазақстан - 2050» стратегиясының маңызы мен мақсаттарын түсіндіру арқылы «Мәңгілік ел» идеясының маңызын түсіну.
Бір халық – бір ел – бір тағдыр
Бір халық – бір ел – бір тағдыр
Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
«Қазақстан-2050» стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр
«Қазақстан-2050» стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр
Ақтөбе қаласындағы №30 қазақ орта мектебінің физика пәні мұғалімі Зурбаева Майя Битановна
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×