Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Интеллектуалды ойын Жұлдызды сәт

08 қаңтар 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы
М. Ломоносов атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Абраимова Нургул Сеитжапаровна

Тақырыбы: Интеллектуалды ойын «Жұлдызды сәт.»
Мақсаты:
1 .Білімділік:Алған білімдерін тереңдете түсу және оны қолдануға
дағдыландыру,сөздік қорын молайту.
2. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3 .Тәрбиелік: Бірлікшілдікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Дүниетануға - қызыл, математикаға-сары, қазақ тіліне-жасыл аялдамалар,3 машинаның макеті, бағдаршым, текше, сұраққа қатысты суреттер.
ОЙЫННЫҢ ОЙНАЛУ ШАРТЫ: Текшені лақтырғанда қанша сан шықса сонша жүріс жүреді. Аялдаманың түсіне байланысты сұраққа жауап береді. Сұраққа дұрыс жауап бере алса сол жердегі стрелканың сызбасы бойынша жүреді. (кейін немесе алдыға жүреді). Егер дұрыс жауап бере алмаса орындарында қалады.

Өткізілу барысы.
І. Ұйымдастыру кезең. Сәлемдесу.
- Балалар, біз бір-бірімізге жолымыз ашық болсын, денсаулығымыз мықты болсын деген тілек тілейік.
ІІ.Ойын ережесімен таныстыру.
1.Жүріс текшені тастағанда шыққан санға байланысты және қай аялдамаға келсе сол аялдаманың сұрағына жауап береді. Егер жауап бере алмаса алғашқы орнында қалады.
2.Дайын топ жалауша көтеріп белгі беру.
3.Жұлдызды аялдамаға жеткен топ жеңеді, яғни ойын тоқтайды.
4. Ереженің сақталғанын жол полициясы бақылайды.
ІІІ. Жүргізуші: «Жұлдызды сәт.» интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер. Ойынды тамашалауға және ойнауға шақырамыз.
- Бағдаршам не үшін керек? Ол қандай түстен басталады, нені білдіреді?
- Қызыл – тоқта яғни,тапсырманы ал.Сары – дайындал яғни, ойлан
Жасыл – жүр яғни, жауабын айт.
Математика: 1. Санды бірнеше рет көбейтіп нөл санын шығаруға бола ма?
2.Алдарыңдағы суретте неше үшбұрыш бар? ( 1) Енді осы үшбұрышқа ойша көлденеңінен бір сызық қоссақ неше үшбұрыш болады?
3. Берілген сызықтың қайсысы ұзын?
4.Бала мектепке дейін мамасымен 15 минут уақытта барады.Ал қайтарда жалғыз қанша уақыт жүреді?
5. Төрт аттың неше аяғы болады?
6. Мектепке кірерде неше баспалдақтан өтесің?
7. Егер тауық бір аяғымен тұрса 3 кг. Ал екі аяғымен қатар тұрса неше кг?
8. Оңынан оқысаң да, солынан оқысаң да бір сан шығады.Ол қандай сөз? /қырық/
9. Сені мен оны қонаққа шақырды. Қонаққа неше адам бардыңдар?
10. Столдың 4 бұрышы бар. Егер оның бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрышы қалады?

Дүниетану:
1.Берілген сөзді жалғастыр: машина – адам, сиыр –шөп, өсімдік -...
2. Мына жануарлардың қатарында не артық? Тауық,сиыр,есек,ат.
**** Музыкалық пауза. Ән
3. Әріптерден сөз құрастыр. Келмеген сөзді табыңдар.

МЙСЕЕ ТСІРЕ ЕАБКТӨ МАЛАТЫ
4. . Қазақстан Республикасының қалаларын ата?
5. Ол тек қана сенікі. Бірақ оны сенен басқа адам өте жиі айтады. Ол не?
6. . Екеуі қарайды, екеуі тыңдайды. Ол не?
7. Бір өзенге бір өзенді қосса неше өзен болады?
8. Сиыр мен ешкінің біреуі шөп ал, екіншісі жем жеп тұр. Ешкі жем жеген жоқ. Шөпті не жеп тұр?
9. Шеңберді пайдаланып қанша заттың суретін салуға болады?
****Сергіту сәті.
Қазақ тілі. 1.а/ Суреттің бір бөлігі арқылы ол затты анықтау. ә/ Шыққан суретке жұмбақ. өлең, ертегі құрастыр.Теледидардан құстарды көрсету.

**** Көрермендерге бос уақыттарына тапсырма:
ғ- * -------- п-+ ------- м-= ----------- ә-$ --------- й-# ---------- о-/ ---------- й-(
р- & ---------- д-W -------- к-g -------- с-? ---------- л-((--------- ү-Ә --------------- г-
ж- z ---------- е-V ----------- р-! ---------- д- 5 ------------ і-3 ------------ ң-; ---------- т-0 -------- у-1
ғ- « а-U н- %

... ... ... ...., 0 1 » u % z v ! 5 3# >3! u (( u
... ... ... > 3 (( 3 g % $ ! 3% ? v > v (( v +
... ... . z v 0 v (( v # 3 g u ! = u % * u

2. Әр топқа бірдей үш қоянның суретін беріп айырмашылықтарын тапқызу./10/
3.
А С Қ Р Қ Ы
20:10 27:9 20:5 3.2 5:5 25:5

1 оқушы -«Қасқыр мен түлкі» мәнерлеп оқу
4. Басы бар бірақ, шашы жоқ.
Көзі бар бірақ, қасы жоқ. Ол не? /балық/
5. Сөзжұмбақ шеш.
Мақсаты: Т әрпінен басталатын сөздерді қою арқылы торкөздерді толтыру
а/ Үй құсын ата.
ә/Киімге тігетін не?
б/ Шошқаның баласының аты қалай?
в/Қалың киімді тігетін иненің аты.
г/ Машина неден жасалады?
ғ/ Отқа жағатын отын .
д/Адам ұйықтағанда неде жатады?
5. Басы бар бірақ, шашы жоқ.
Көзі бар бірақ, қасы жоқ. Ол не? /балық/

ІІІ. Ойынды қорытындылау.
Марапаттау.
І орын ДИПЛОМ
ІІ орын ГРАМОТА
ІІІ орын СЕРТИФИКАТ
- Ойын ұнады ма? Ұнаса несімен ұнады?
- Ойын ұнамады ма? Ұнамаса несімен ұнамады?
6 169
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тапқыр достар
Тапқыр достар
Міндеттері: 1.Оқушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру; 2.Сөздік қорын байыту, дүниетанымын дамыту;
Не? Қашан? Қайда?
Не? Қашан? Қайда?
Балаларға әр түрлі тапсырмалар бере отырып, олардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорын, белсенділігін, қиялын дамыту. Төтенше жағдай байланысты суреттерді қарастырып, қандай төтенше жағдай және қандай қауіпсіз ережелерін сақтау керектігін айтуға
Қызықты электр әлеміне саяхат
Қызықты электр әлеміне саяхат
Өндірістік оқыту шебері: Г. Танкаманова
Trafficlight -  Бағдаршам
Trafficlight - Бағдаршам
Павлодар облысы, Павлодар қаласы №25 орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Дюсембаева Майгүл
Көркем жазу жарысы
Көркем жазу жарысы
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы «М.Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімі Абраимова Нургул Сеитжапаровна
Ғажайып алаң (математикалық интеллектуалды сайыс)
Ғажайып алаң (математикалық интеллектуалды сайыс)
Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Ғажайып алаң» интеллектуалды математикалық сайысына қош келдіңіздер! Бүгін сіздер математиканың жұмбақты да тылсым әлемімен танысасыздар. Бұл әлемнің қаншалықты қызықты да тартымды екеніне куә боласыздар. Ғажайып алаң
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×