Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ара мен Шыбын. Оспанхан Әубәкіров

21 қазан 2018, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Ара мен Шыбын. Оспанхан Әубәкіров.
Мақсаты: а) Оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау.
ә) Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту;
б) сауаттылыққа, шапшаңдыққа, еңбекке, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс - сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, сызба

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеріп бағалау.
1. А. Байтұрсынов туралы не білесің?
2. Бұл мысалда кейіпкерлер не істемекші болды?
3. Олар неге жүкті орнынан қозғалта алмады?
4. Мысалда адамдардың қандай әрекеті сыналады?
Жұмбақ шешу:
1. Шақсам, удай тісім Оны, бала, түсін. Көп жей берсең балды, Ауырады тісің. Ара
2. Қыста ұйықтап жатар, Жазда думан ашар. Шыбын. Бал арасы мен шыбын - бунақденелі жануарларға жатады. Өте ұсақ болғандықтан, оларды «жәндіктер» деп атайды. Бал арасы табиғатта өздігінен тіршілік етеді. Гүл шырынын сорып, бал жинайды. Балы үшін адамдар бал арасын қолда асырайды. Оны «еңбекқор жәндік» деп атайды. Олар өзінің дене тұрқының өте кішкенелігіне қарамастан үлкен жұмыстар атқарады. Шыбын - зиянды жәндік. Ол лас жерде жүреді. Түрлі жұқпалы аурулар таратады. Сондықтан үйде шыбынның болмауын үнемі қадағалап отыру керек.

ІІІ. Жаңа сабақ: Ара мен Шыбын. Автор туралы қысқаша дерек. Оспанхан Әубәкіров 1934 жылы туып, 1986 жылы қайтыс болған. Ол Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы Өнер институтының театр факультетін бітірген. Оның «Қоңырау», «Бөдене», «Күлкіңіз келе ме?», «Анау мен Мынау», «Бір дорба», т. б. көптеген жинақтары бар. Оспанхан Әубәкіров – талантты сатирик. Сатирик деп адамның бойындағы теріс қылықтарды сынап, мысқылдап жазатын жазушыны айтамыз. Не білесің?

Ара жарғаққанаттылар отрядына жататын бунақдене, ұзындығы 1 - 1, 5 см.- Аралар сары ала болып киінген жауынгерлерге ұқсайды. Демтүтік арқылы ауамен демалады.– Ұясын шатырға, ағаштардың қуысына бұтақтарға салады. Құйрығының ұшында өткір шаншар бізі бар.– Шаққан жері ісіп кетеді. Аралардың 22 мыңнан астам түрлері белгілі. Олар ара патшасы, еркек ара, жұмысшы ара болып үшке бөлінеді.

Шыбын қосқанаттылар отрядының бір тармағына жатады. Жер шарында кең тараған. Шыбындардың мұртшалары қысқа, үш бунақты. Шыбын көптеген жұқпалы ауруларды – дизентерия, асқазан сүзегін, ішек - қарын құрттарының жұмыртқаларын таратады. Үй - жайларда шыбынның өсіп - өнуіне жол бермеу үшін ас - судың бетін жауып ұстау керек. Мал немесе құс ұстаған жағдайда қора - қопсыны таза ұстау керектігін есте сақтау керек. Шыбынға қарсы «Мухолов», «Дихлофос», «Нефос» т. б. дустарды пайдаланған жөн. Оқулықпен жұмыс. Мысалды оқытып, талдау. 1. Үнтаспадан «Ара мен Шыбын» диалогын тыңдату.
2. Тірек сызба бойынша мысалды талдау.
Ара мен Шыбын бейнеленген сурет бойынша екеуіне мінездеме, сипаттама беру.

ІҮ. Сергіту. "Кім шапшаң?"

Y. Сабақты бекіту:«Кім ақын?» тапсырмасы. Үш топқа өлең бойынша ұйқас табу тапсырмасы беріледі: Келді араға Шыбын Жиып жатқан шырын, Шақырды Шыбын қонаққа Ара келсе кешігіп, Жатып қапты шешініп. Қонақты дұрыс күтпепті, Шыбынға ақыл жетпепті. «Кім ұтқыр?» тапсырмасы. Бұл тапсырма бойынша мынандай сұрақтар таратылып беріледі. Оқушылар ойларын мына сұрақ негізінде жинақтайды: 1.«Қонақжай» дегенді қалай түсінесің? 2.«Қонақ» деген кім? Қонақтың қандай түрлері бар? 3. Қонақты ілтипатпен қарсы алу дегенді қалай түсінесің? «Кім тапқыр?» тапсырмасы. Мысал бойынша мақал - мәтел тауып жазу тапсырмасы беріледі. 1. Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады. 2. Қонақ асыңа емес, қабақ - қасыңа риза. 3. Еңбекшінің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.
YI. Үйге: Оқып келу
3 823
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
О. Әубәкіров « Ара мен шыбын»
О. Әубәкіров « Ара мен шыбын»
Оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Ара мен Шыбын. Оспанхан Әубәкіров
Ара мен Шыбын. Оспанхан Әубәкіров
Оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Арыстан мен тышқан. Сұлтанмахмұт Торайғыров.
Арыстан мен тышқан. Сұлтанмахмұт Торайғыров.
Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірімен таныстыра отырып, «Арыстан мен Тышқан» арасындағы мысалды оқып, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау.
Оспанхан Әубәкіров Ара мен шыбын
Оспанхан Әубәкіров Ара мен шыбын
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құланды ауылы, Құланды орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Диханова Райхан Ахытқызы
Оспанхан Әубәкіров "Ара мен Шыбын"
Оспанхан Әубәкіров "Ара мен Шыбын"
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, № 6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Байгуттина Гулжиян Сабировна
Ара мен шыбын. Оспанхан Әубәкіров
Ара мен шыбын. Оспанхан Әубәкіров
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мырзахметова Акгулсим Нурлыбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×