Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөз және оның мағынасы

05 қараша 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Сөз және оның мағынасы
Мақсаты:
1. Өткен сабақта алған білімдерін қайталау арқылы оқушы ой – пікірін пысықтау, тиянақтау.
2. Оқушы сөйлеу, сөздік қорын молайту, сөз туралы ұғымдарын кеңейту.
3. Сыпайылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Үлестірмелі қима қағаз, оқулық, көк, жасыл, қызыл конверттер ( тапсырма жазылған)

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Білімді тиянақтау
Үйге берілген жаттығуда берілген сөйлемдерді көшіріп жазып, қысқарған сөздерге жалғаулардың қалай жалғанғанын түсіндіру. (оқушылардың жауабы)
Бүгінгі сабаққа ерекше көңіл бөлейік, өйткені өткен сабақ материалдарын қалай меңгергендіктеріңді білу үшін үш топқа бөлініп сайысқа түсеміз. Әр топқа тиесілі тапсырма салынған конверт ұсынылады.(көк, жасыл, қызыл)

1 - кезең «Алғашқы адым» - Әр топқа конверт берілді, онда бірнеше сұрақтар бар, соған жауап беріледі.
І - топ. Көк конверт
1. Түбір сөз дегеніміз не?
2. Сөйлем дегеніміз не?
3. Буын үндестігі дегеніміз?
4. Мәтін дегеніміз не?
5. Етістік дегеніміз не?
ІІ топ. Жасыл конверт
1. Сөз тіркесі дегеніміз не?
2. Мәтін түрлерін ата.
3. Жай сөйлем дегеніміз не?
4. Дыбыс үндестігі дегеніміз не?
5. Сөйлемнің дара мүшесі дегеніміз не?
ІІІ топ. Қызыл конверт.
1. Қыстырма сөз дегеніміз не?
2. Қос сөздер дегеніміз не?
3. Құрмалас сөйлем дегеніміз?
4. Біріккен сөз дегеніміз не?
5. Сөйлемнің күрделі мүшесі дегеніміз не?
а) Оқушылардың сұрақтарға жауабы.
ә) Қалған оқушылар тақтада берілген сөздерді ретімен мағынасына қарай жазу.

2 – кезең «Кім жылдам» Әр топқа сөздер беріледі, сол сөздерге сөйлем құрап дәптерлеріне жазып, оқылады.

3 – кезең «Ой түйін» Мәтінге ат қою. Әр топқа мәтін беріледі, мәтін оқылып, ат қойылады. Берілген мәтін қандай мәтін түріне жатады?

4 – кезең «Ойлан тап» Екі – үш шумақ өлең жолдары оқылады, сол өлеңнен өздері білетін сөздерді табу. (қос сөз, біріккен сөз, қыстырма сөз)

5 – кезең «Мәреге жету»
- Балалар, кәне ойланып көрелік біз қай сөздер туралы айтпадық
- Иә, Сендерге берілген тапсырмалар ішінде қысқарған сөзге байланыстыа йтылмаған. Бұл сөзге бірнеше жаттығу орындайық.
Кітаппен жұмыс.
265 – жаттығу.
1. Қысқарған сөзді толық жазу.
Кг, км, см, л, г, м, мм.
Кг - килограмм, л - литр. т. б.
266 – жаттығу.
1. Есепті көшіріп жазу, шығару.
2. Жауабын қысқарған сөз қатыстырып жазу.
Жауабы: Серік 300м жол жүрді, зат салмағы 2кг 450г.
267 – жаттығу. 1. Сөйлемдерді оқу, қысқарған сөздерді табу.
268 – жаттығу. 1. Қысқарған сөздерді толық жазу.
1. Біріккен Ұлттар ұйымы. БҰҰ
2. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы. ТМД
3. Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті. ҚҰПУ
4. Ұжым шаруашылығы. ҰШ

6 – кезең. Оқушыларға сұрақ қоя отырып
а) Сабақты қорытындылау.
ә) Оқушы білімін бағалау.
б) Үй тапсырмасына 269 – жаттығу.

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы
К. Бозтаев атындағы жалпы білім беру мектебі
Бастауыш пән мұғалімі Шегебаева Қарлығаш Қайрлықызы
1 843
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өзіңді – өзің тексер
Өзіңді – өзің тексер
Сөйлем мүшелері, құрмалас сөйлем және бірыңғай мүшелер туралы алған білімдерін тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, пысықтау және қайталау.
Өзіңді - өзің тексер (күрделі сөз)
Өзіңді - өзің тексер (күрделі сөз)
Күрделі сөз туралы алған білімдерін тереңдету, ойда қалғандарды пысықтау және қайталау. Танымдық тапсырмалар арқылы оқушының ой - өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру. Сауатты, көркем жазуға, өзара ынтымақтастыққа,
Ы дыбысы мен әрпі
Ы дыбысы мен әрпі
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Амангелді атындағы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Дауренова Зейнекуль Абдалиевна
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жаңатаң орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абшекенова Асем Рысбаевна
Сын есім және оның түрлері
Сын есім және оның түрлері
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Калиева Нурлыхан Жұбатқанқызы
Жұрнақ
Жұрнақ
Ақтөбе қаласы Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Мажитова Алтын Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға түбір мен қосымша, сөздің түбіріне жалғанғанда, оның мағынасын өзгертіп, туынды
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×