Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қысқы киімдер

10 қараша 2018, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Қысқы киімдер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: модуль бойынша алған білімдерін саралап, қорытынды жасау;
Дамытушылық: оқушының ақыл - ойын, білімге деген ынталарын дамыту, сұрақ - жауап беруге машықтандыру;
Тәрбиелік: ұлттық салт - дәстүрге, оның ішінде ұлттық киімге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, сөйлесу, әңгімелесу, топтық жұмыс.
Көрнекіліктер: киімдердің, ұлттық киімдердің суреттері, сиқырлы сандық, доп, қуыршақтар, қағазға жазылған сөздер, плакаттар.
Сабақтың мазмұны мен жүрісі.

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу,
оқушылар қонақ мұғалімдермен сәлемдеседі,
оқушыларды түгендеу,
оқушыларды сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
Мұғалім сөзі: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Отырыңдар.
Сабаққа дайынсыңдар ма?
Топқа бөлініп отырдыңдар ма? Дайын болсаңдар, сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ - жауаптармен жұмыс.
- Менің қойған сұрақтарыма жауап беріңдер.
Бүгін аптаның қай күні? (бүгін аптаның бейсенбі күні)
Қазір қай ай? (қазір желтоқсан айы)
Желтоқсан айы қай мезгілге жатады?(желтоқсан айы қыс мезгілге жатады)
Тағы қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?(қыс, көктем, жаз, күз жыл мезгілдері)

ІІІ. Жоспар бойынша жаңа материалды баяндау. Топпен жұмыс.
- Балалар, бүгін біз сабақта осы жыл мезгілдерінде киетін киімдерді қайталаймыз, топпен жұмыс істейміз, әр түрлі тапсырмалар орындаймыз, білімімізді көрсетеміз.
Мына менің қолымдағы сиқырлы сандықта конверттерде топтың аттары жасырылған. Кәне, әр топтан бір оқушы шықсын, топтың атын таңдайық. (сөйтіп төрт топ пайда болады).
Олар: «қысқы киімдер» тобы, «көктемгі киімдер» тобы, «жазғы киімдер» тобы, «күзгі киімдер» тобы.
Енді тапсырмаларға көшейік. (Әр топқа плакаттар таратамын).
Қыста, көктемде, жазда, күзде қандай киімдер киесіңдер? Екі минут уақыт беріледі. Оқушылар жауаптарына қарай «3», «4», «5» деген ұпай алады.
! топ: көктемгі киімдері (күртке, шалбар, бәтеңке, джемпер)
ІІ топ: жазғы киімдері (жейде, көйлек, қалпақ, туфли
ІІІ топ: күзгі киімдері (пальто, күртке, бәтеңке, джемпер)
IV топ: қысқы киімдері (тон, құлақшын, бөкебай, пима, етік, қолғап)
- Ал, балалар, бір - біріміздің жауаптарын тыңдап, қателерді жөндейік. І топ
- Балалар, біздің сабағымызға қонақтар келіпті. Кәне, оларды қарсы алайық.
(Осы кезде есік қағылып ішке қазақша киінген ұл мен қыз кіреді).
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Сәлеметсіздер ме?
- Халдарың қалай?
- Жақсы, рақмет.
- Сендер киімдерді білесіңдер ме?
- Иә, білеміз.
- Жақсы. Ал, біздің үстіміздегі қандай киім, айтыңдаршы?
- Ұлттық киімдер (қазақша киім, қазақ халқының ұлттық киімі)
- Қазақ халқының тағы қандай ұлттық киімдерін білесіңдер?
- Тақия, бөрік, сәукеле, қамзол, ішік бүрмелі көйлек, шапан, мәсі.
Мұғалім: - Балалар, Қаһарман мен Кәмшаттың киімдерін айтыңдар.
- Кәмшаттың үстінде не бар?
- Бүрмелі көйлек, оюлы қамзол.
- Басында не бар?
- Басында тақия бар.
- Қаһарманның үстінде не бар?
- Қаһарманның үстінде шапан.
- Басында не бар?
- Басында қалпақ бар.
Қонақ оқушылар: - Жарайсыңдар, балалар. Біз кеттік. Сау болыңдар.
- Сау болыңдар.

IV. Бекіту. Дәптермен жұмыс.
- Ал, бізге Дымбілмес келді. Сендер оған 2 - тапсырманы орындауға көмектесесіңдер ме?
- Иә, көмектесеміз.
- Тапсырманы тыңдаңдар. Берілген сөздердегі жоқ әріпті тауып, фонетикалық талдау жасаңдар.(тақтаға әр топтан бір оқушы шығады)
Қ... лақшын, ет... к, к... йлек, бәте... ке
- Балалар, тақтаға қарап, тапсырманы тексерейік.
- Келесі тапсырма «Ойнайық та ойлайық» деп аталады. тәуелдік жалғауын қайталайық. (мұғалім допты лақтырып, «менің» деп айтады. Допты қаққан оқушы «қолғабым» деп айтуы керек. Сөйтіп «қалпақ, етік, көйлек» сөздерімен ойын жалғасады.
Келесі тапсырма «Пирамида» ойыны. Берілген сөздерден сөз өрбіту.
Жейде. Бөкебай.
Мынау – жейде Мынау – бөкебай.
Мынау – менің жейдем. Мынау – менің бөкебайым.
3 839
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Әр мезгілде киетін киімдерді атай білуге, сауалнамалар өткізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Киім және киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету.
Қысқы киімдердің түрлері
Қысқы киімдердің түрлері
Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету. Ойын ойнау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту. Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Балаларға киім, киім түрлері туралы түсінік беру. Тақырып бойынша мәтін құрастыра білуге, қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету.
Нәтиже сабақ
Нәтиже сабақ
Модуль бойынша алған білімдерін қорытынды жасау. Оқушының ақыл - ойын, білімге ынтасын дамыту.
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Шамуратова Куралай
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×