Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ермек Өтетілеуов «Мақтанышым - Астанам»

20 желтоқсан 2018, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 3 сынып
Бөлім: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Ермек Өтетілеуов. «Мақтанышым - Астанам»
Оқу мақсаты: Шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсыну, мұғалімнің көмегімен фотосуреттерді пайдаланып, шығармашылық жұмыс жасау.
Шығарманы дауыстап, түсініп, мәнерлеп оқу.

Бағалау критерийлері:• өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды;
• сурет бойынша мәтін құрастыра алады;
• дереккөздерден тақырып бойынша мәліметтер жинастырады;
• ақпаратты сызбаға түсіреді.
Тірек сөздер: Оқушылар: Астана туралы өз ойын айта алады. Өзінің тұрған көрікті жерлері туралы әңгімелейді, басқа қалалармен салыстыра алады. Суретке қарап мәтін құрап жаза алады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Целиноград, ғимарат, құрылыс, сәулет, қызу еңбек.
Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:
Астанаға айтар тілегім бар, себебі....
Астана көркейіп келеді, себебі...
Құндылықтарды дарыту: Бұл сабақ академиялық адалдық, ұйымшылдық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған. Құндылықтарды қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін орнату, қабілеті төменірек оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Пәнаралық байланыстар: Сурет бойынша мәтін құрастырып жазу барысында қазақ тілі пәнімен байланыс пайда болады. Астана тарихын әңгімелеуде дүниетану пәнімен байланыс пайда болады.

Сабақтың басы 5 минут
Қызығушылықты ояту. Сыныпты қалыпқа келтіру.
Топқа бөлу. (түстер арқылы)
Оқушылар түстерді таңдап топтарға бірігеді.
Ширату жаттығуы
Көк аспанда күн күлсін,
(қолдарын жоғары көтереді)
Ұл қолында ту тұрсын.
(ұлдар қолдарына ту көтереді)
Қыз қолында гүл тұрсын,
(қыздар қолдарына гүл көтереді)
Көк аспанда күн тұрсын.
(оқушылар қолдарын жоғары көтереді)
Бірге жүрсін бүлдіршін.
(қолдарын соғады)

Үй тапсырмасын сұрау
«Автор орындығы»
- Балалар біз қазір қандай бөлімді бастадық?
- Алдыңғы білім туралы кім айтады?
- Жас Ахмет қандай болды?
- Ол қайда оқыды?
- Ахмет қай орталықтың тұрмыс тіршілігімен танысты?
- Туған жеріне неше жасында оралды?
- Оның ең бірінші қоныстанған жері қалай аталады?
- Яссауиға арнап кім күмбез салдырды?
- Ғимараттың биіктігі қандай?
- Не себепті керемет күмбез атанды?
Тақырыпты болжау
- Қазақстанда тағы қандай сәулетті ғимараттар бар? Ой бөлісейік.
- Жарайсыңдар, балалар, олай болса барлығыңызың алдарыңызда суреттер бар сол суреттерді құрастырайық.
- Бұл ғимараттарды қайдан көрдіңіздер?
- Әрине, Астана қаласы.
- Оқушыларды Астананың жаңа көрікті жерлерін «Мозайка» әдісі(суреттерді қиып тастап құрастыру) арқылы құрастырып 3 топқа біріктіреміз.
1 - топ: «Қазақ елі» монументі
2 - топ: «ЭКСПО шары»
3 - топ: «Атырау көпірі»

Сабақтың ортасы 30 минут
«Жалғастыр...» әдісі
(МК, Ж, ОТ) Білген дыбыстардан басталатын сөйлемдер ойластырып жазады.
1 - топ
А - алып - Ханшатыр
С - символы - Бәйтерек
2 - топ
Т - тұғырлы - Туы
А - асқақтаған - Әнұраны
3 - топ
Н - нұр шашқан - Қазақ елі монументі
А - арман қала - Астана
(Б) «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.
Сабақтың тақырыбын айту.
- Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Мақтанышым - Астанам. Ермек Өтетілеуов.
Сабағымыздың мақсатымен таныстыру.
3. 3. 3. 1. Шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсыну, мұғалімнің көмегімен фотосуреттерді пайдаланып, шығармашылық жұмыс жазу.
3. 2. 1. 1. Шығарманы дауыстап, түсініп, мәнерлеп оқу

Бағалау критерийлері
• өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды;
• сурет бойынша мәтін құрастыра алады;
• дереккөздерден тақырып бойынша мәліметтер жинастырады;
• ақпаратты сызбаға түсіреді.

Автормен танысу айдары
Ермек Өтетілеуов – балалар ақыны, аудармашы.
1938 жылы 1 каңтарда Ақмола (қазіргі Астана) қаласында туған. Республикалық «Жалын», «Жазушы», «Балдырған» баспа журналында еңбек істеген. Осы үш көркем әдебиет баспаларында жиырма жылдан астам уакыт жұмыс жасаған баспагердің қолынан жүздеген жинақтар мен жеке кітаптар жазған. Ақынның шығармашылығы бірыңғай балаларға арналғандықтан, оның редакторлық қызметі де жас оқырмандар үшін жазылған көркем әдебиетпен тікелей байланыста болады.
"Баспа және полиграфия ісінің қайраткері" құрмет белгісімен марапатталған.

Мектеп: Нарын орта мектебі
Мұғалімнің аты - жөні: А. Нарымбетова
Ермек Өтетілеуов «Мақтанышым - Астанам» жүктеу
6 583
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Астана өлеңі Ермек Өтетілеуұлы
Астана өлеңі Ермек Өтетілеуұлы
Астана қаласы туралы түсініктерін кеңейту, Астана өлеңнің мазмұнын түсініп тыңдау үйрету.
Жемістер
Жемістер
Жемістердің дәмін, түсін ажырата алады, қандай екенін айта алады. Жемістердің атауын үш тілде біледі және жаза алады.
Уақыт алтыннан қымбат
Уақыт алтыннан қымбат
Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану.
Астана – көрікті қала
Астана – көрікті қала
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар істей алады: Сурет бойынша мәтін құрастырады. Оқушылардың көпшілігі істей алады: Берілген мәтіннің мазмұнын түсініп, ойын жеткізеді.
Менің Астанам. Ірі құрылыс материалдарымен ұжымдық жұмыс
Менің Астанам. Ірі құрылыс материалдарымен ұжымдық жұмыс
Астанаға саяхат. Бізде Астана қаласына серуенге барайық деп, тәрбиеші өзі мультимедиа арқылы Астана қаласының көрікті жерлерін таныстырады. «Хан шатыры», «Нұр - Астана мешіті», «Бейбітшілік және Келісім сарайы», «Астана - Бәйтерек», «Қазақ елі»
Астана Е. Өтетілеуұлы
Астана Е. Өтетілеуұлы
Ақтөбе облысы, Алға ауданы В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шенгелбаева Гаухар Сарсенбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×