Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ы. Алтынсарин. Өнер, бiлiм бар жұрттар

25 қаңтар 2019, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың атауы: Ы. Алтынсарин. Өнер, бiлiм бар жұрттар
Мақсаты: Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыту, топтық тапсырма беру арқылы өлеңнің идеясын ашуға мүмкіндік жасау. Өз ойын нақты жеткізе білуге дағдыландыру.
Нәтижесі: Өнер мен білімнің маңыздылығын біледі, адам өмірінде алатын орнын түсінеді. Топтық жұмыс жүргізу нәтижесінде ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады.

Сәлемдесу.
Топқа бөлу, топ ережесін еске түсіру.
Бағалау критерийлерімен таныстыру.
Маслоудің қажеттіліктер иерархиясы бойынша бағалау.
1. Белсенділік, әдептілік.
2. Тапсырма орындау.
3. Топтық жұмыс.
4. Жеке жұмыс.
5. Өзін - өзі ұстау әдебі.

Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.

Бейнежазба көрсету.
Бейнежазбадан нені көрдік?
Осылай болу мүмкін бе?
Осы кереметтерді жасау үшін не қажет?
Сөзжұмбақ сұрақтарын беру.
Ы. Алтынсарин кім?
- Шығармаларын ата
- Ол туралы қандай шығарма оқыдық?
- Дала жұлдызы кім?
- Неге олай аталды?
- Қазіргі мыңдаған жұлдыздар кімдер?
- Тағы қандай кейіпкерлер бар?

Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20 - сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш - төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді. Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған. Замана бет алысын өзінше болжаған Балғожа табысқа жетудің ендігі жолы – оқу деп біледі. Сөйтіп, немересі кішкентай Ыбырайды Орынборда ашылады деп күтілген орыс - қазақ мектебіне күні бұрын жаздырып қояды. Бидің ондағы мақсаты, әрине, немересінің бала оқытып, педагог болуы емес, әкімшілік орындарда жұмыс істеп, шенеунік, орысша оқыған "төре" болып шығуы, ата - анасын асырауы. Ыбырай Алтынсариннің «Өнер, білім бар жұрттар» өлеңімен танысу.
Оқулықпен жұмыс.
Өлеңнің бірінші шумағын оқу, мағынасын ашу.
1 топ екінші шумақ.
2 топ үшінші шумақ.
3 топ төртінші шумақ.
4 топ бесінші шумақ.
Топ арасында бағалау.
Суретпен жұмыс.
Топтық тапсырма.
1 топ (телефон, хат)
Ғылым мен техника дамыған кездегі тұрмыс заттарын жазу.
2 топ (ат арба, көлік)
Қазіргі заманғы техника түрлерін жазу, қолдану әдісі туралы әңгімелеу.
3 топ (орақ, комбайн)
Жаңа техниканы жасап шығару үшін адамға не қажет болады?
4 топ (қазан, ошақ, газ плита)
Өз өлеңінде ақын ғылым мен техникаға, білімге байланысты не деп атап көрсетті?
Кері байланыс.
Дәптермен жұмыс.
Ата - ананың еңбегін, өзіңнің еңбегіңді жеңілдету үшін не ойлап табар едің?
Ы. Алтынсарин. Өнер, бiлiм бар жұрттар жүктеу
2 416
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әке мен бала. А - Ә дыбыстары
Әке мен бала. А - Ә дыбыстары
Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын, сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту.
Ө Тұрманжанов Жаралы торғай
Ө Тұрманжанов Жаралы торғай
Өлеңді мәнерлеп түсініп оқуға машықтандыру. Өлеңдегі өзекті, түйінді ойды ашуға жағдай жасау.
Ыбырай Алтынсарин «Өнер - білім бар жұрттар»
Ыбырай Алтынсарин «Өнер - білім бар жұрттар»
Өлең мазмұнымен таныса отырып, мәтін мазмұнына бағытталған сұрақтарға жауап береді.
Ыбырай Алтынсарин және заманауи білім
Ыбырай Алтынсарин және заманауи білім
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда ата - аналармен бірлесе жұмыс істеу, сынып пен мұғалім, мұғалім мен бала, педагог пен ата - ана арасындағы қарым – қатынасты нығайту, жетістікке жету үшін бірлескен әрекеттің ортақ мақсаттарын анықтау.
Мен және табиғат. Ғ дыбысы мен әрпі
Мен және табиғат. Ғ дыбысы мен әрпі
Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Көзді салып қараңыз, Былай қанат қағамыз.
Ыбырай Алтынсарин Өнер - білім бар жұрттар
Ыбырай Алтынсарин Өнер - білім бар жұрттар
Астана қаласы, №64 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Арпабаева Баян Габбасовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×