Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бәйшешек

30 қаңтар 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Білім саласы: Шығармашылық, Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Жапсыру
Тақырыбы: Бәйшешек
Мақсаты: Көктемнің алғашқы гүлі бәйшешек туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеті:
1. Бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдісі – жұлмалап қию әдісін үйрету.
2. Желімдей білу іскерліктерін жетілдіру.
3. Ұқыптылыққа, табиғаттың сұлулығын сезінуге тәрбиелеу, ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Әдіс - тәсілдер: көрсету, түсіндіру, тосын сәт, тақпақ, шаттық шеңбері, сергіту сәті, ойын, сұрақ - жауап.
Керекті құралдар: Интерактивті тақтадан көктем көрінісі, гүлдердің, суреттері, әр балаға бәйшешектің суреті файлда, қызыл, сары, көгілдір, жасыл түсті алдын - ала қиылған, дайындалған қағаз, сулық.
Алдын - ала жүргізілетін жұмыс: Балалармен қағазды жұлмалап қию әдісімен қию, сулау, желімге араластыру. (слайд арқылы көрсету)

Шаттық шеңбері:
Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған.
Сабақтары салалы,
Желге ырғалып шайқалған.

Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем мезгілі
Тәрбиеші: Көктемде қандай табиғат өзгерістері болады?( Интерактивті тақтадан көктем көрінісін тамашалау, табиғат құбылыстарын атау )

Балалар: Күн жылынады, қар ериді, ағаштар бүршік жарады, құстар ұшып келеді.
ТОСЫН СӘТ: Көгершін аузына гүл қыстырып алып, ұшып келеді.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, бізге Көгершін қонаққа келіпті.
Өзімен бірге гүл ала келіпті. (Өлең оқу)
Бәйшешектен білеміз,
Көктем келіп қалғанын.
Мәз боламыз, күлеміз,
Көрсек гүлін жарғанын.
Тәрбиеші: Өлеңде қандай гүл туралы айтылған?
Балалар: - Бәйшешек туралы.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Басқа қандай гүлдерді білесіңдер?(слайдарқылы гүлдің түрлерін көрсету, атату)
Балалар: Бәйшешек, Қызғалдақ, Өгейшөп, Түймедақ.
Тәрбиеші: Гүлдердің қандай пайдасы бар, не үшін қажет?
Рахман: Гүлдер – туған еліміздің болашағы, олар оттегін бөліп шығарып, айналадағы ортаны жақсартады, ауаны шаң - тозаңнан тазартады.
Динара: Гүл – сұлулық, гүл - әсемдік, гүл – нәзіктік. Олардың кейбіреулерінің емдік, дәрілік қасиеттері де болады.
Тәрбиеші: Міне, балалар, гүлдің түрлері өте көп екен. Бүгін біздер гүлдің бір түрі бәйшешек гүлін бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдісі жұлмалап қию жолымен жасаймыз.
(Интерактив тақтадан суретін көрсету)
Бәйшешек — көктемнің алғашқы гүлі. Оның тамыры, сабағы болады, жапырағы – жасыл, сопақша, күлтесі – әр түрлі болып келеді, күлгін, ақ, қызғылт, көгілдір болады.
Тәрбиеші: Неше күлтесі бар, санайықшы?
Балалар: 1, 2, 3, 4, 5
Тәрбиеші: Неше жапырағы бар?
Балалар: 1 жапырағы бар.
Тәрбиеші: Қағазды жұлмалап қиып, дайындадық, сосын ең әуелі қиылған қағазды суға батырып, суын сығып алғаннан кейін қағазды ПВА желіммен араластырдық. осы дайын қағазды файлдағы суретке ретімен жапсырамыз. Ең әуелі сабағын, жапырағын жасыл түспен жапсырып жасаймыз. Күлтелерін әр түрлі түспен жасауға болады. ашық қызғылт, сары, қызыл, күлгін (слайд арқылы жұмыстың жасалу жолын көрсету
Бәйшешек жүктеу
10 211
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көктем гүлдері
Көктем гүлдері
Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыра отырып, дүниетанымын кеңейту.
Бөлме өсімдіктері
Бөлме өсімдіктері
Сурет салу арқылы баланың бейнелі ойлауын, кеңістікті бағдарлауын дамыту. Ыдыстағы бөлме өсімдігінің суретін салуға үйрету.
Таңғажайып көктемнің сыры
Таңғажайып көктемнің сыры
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы, "Ақбота" балабақшасының бейнелеу пәні мұғалімі Дуймбаева Райхан Аманжоловна
Су, гүл (тәжірибе сабақ)
Су, гүл (тәжірибе сабақ)
Тақырыбы: Су, гүл (тәжірибе сабақ)
Көктем келбеті
Көктем келбеті
Атырау облысы, Атырау қаласы, Еркінқала мектебінің мектепалды дайындық тобының тәрбиешісі Амирова Гүлбаршын Қадірліқызы
Бөлме өсімдіктері
Бөлме өсімдіктері
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×