Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көктем гүлдері

31 наурыз 2019, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Технологиялық карта
Білім саласы. Шығармашылық
ҰОІӘ: Сурет
Тақырыбы: Көктем гүлдері
Мақсаты:
а) Көктем мезгілі туралы балаларға түсінік беру.
Ә) Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыра отырып, дүниетанымын кеңейту.
Б) Табиғатты сүюге тәрбиелеу
Көрнекілігі: көктем мезгілі бейнеленген суреттер, слайдтар
Әдіс - тәсілі: Әңгімелеу, сұрақ - жауап, түсіндіру.

Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбер
Шөрілкемей гүл тұрсын! (сол қолын жайып көтереді)
Жерім жайнап құлпырсын!(оң қолын жайып көтереді)
Нұрын сыйлап біздерге (екі қолын жоғары көтереді)
Көкте мәңгі гүл тұрсын!(екі қолын төбесіне көтереді)

Іздену ұйымдастырушы
Кіріспе әңгіме
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Ендеше, бүгінгі оқу іс - әрекетінің тақырыбы «Көктем гулдері».
Балалар сендер көктемде ең алғаш өсетін гүлдерді білесіндер ма?
- Балалар гүлдер қайда өседі?
- Дұрыс айтасыңдар гүлдер орманда, далада, бөлмеде өседі екен.
- Балалар сендер гүлдер әлеміне саяхатқа барғыларың келе ме?
- Ендеше пойызбен «Гүл» әлеміне саяхатқа кеттік Музыкамызды қосайық.(Шақырады көктем әні қосылады)
- Қане балалар пойызымыздан түсейік гүл әлеміне келіп қалдық.
Алдымыздан гүл ханшайымы шығады.
Гүл ханшайымы:
- Сәлеметсіздер ме балалар?
- Мен гүл ханшайымымын. Мен гүлден жаралғанмын.
- Балалар сендер менің гүлдерімді көруге келдіңдер ме?
- Сендер менің тапсырмамды орындасаңдар ғана мен гүлдерімді көрсетемі.
- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырам
1 - тапсырма
Құлпырса, қадірлейді аялайды,
Қураса сыпырғышқа жарамайды.
- Бұл не?
2 - тапсырма
«Гүл құрастыру»
Балалар мына түймедақ гүлін біріктіріп әдемі гүл құрастырайық
3 - тапсырма
Гүл ханшайымы:
- Гүл туралы тақпақ білесіңдер ма?
- Жәрәйсыңдар балалар жұмбағымды шештіңдер, гүл туралы тақпақтар да біледі екенсіңдер. гүлдіде құрастырдыңдар.
Енді менің бақшама кіріңдер.
Мен сендерді гүлдермен таныстырайын.
- Балалар бұл бәйшешек гүлі.
Бәйшешек – сәндік өсімдік. Бәйшешек гүлі өзі кішкентай болса да суыққа төзімді қар ерісімен шығатын гүл.
- Балалар қараңдаршы бәйшешектің түсі қандай?
- Жапырағы қандай түсті?
- Балалар ал мына гүл бақбақ гүлі.
Бақбақ – көп жылдық, жол жиегінде, тау бөктерлерінде өседі. Бақбақтың тамырымен сабағы дәрілік мақсатқа қолданылады.
- Балалар мынау қандай гүл деп ойлайсың - дар?
Қызғалдақ гүлі кіреді. (ертегілер әуені қосылады)
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
- Мен қызғалдақпын мен сары түсті, қызыл түсті боламын мен өте әдемімін.
- Балалар мен сендерге тапсырмалар алып келдім орындайсындарма?
1 - тапсырма
Дидактикалық ойын: «Қай киім кімдердікі»
2 - тапсырма
Логикалық тапсырма
3 - тапсырма
Жеке жұмыс (гүлдің суретін бояйды)
Қызғалдақ:
Балалар сендер бәрін өте жақсы орында - дыңдар, мен сіздерге қызғалдақ теріп әкелдім апайларың сендерге осы гүлді өзі табыстайды.
Ал жақсы балалар мен енді басқа балабақшаға барып көктем мерекесімен құттықтап қайтайын сау болыңдар!
- Балалар енді пойызымызға отырып балабақшамызға қайтайық.
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп - кішкентай ағаштар,
Үп - үлкен боп өседі.
Көктем гүлдері жүктеу
4 209
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бәйшешек. Жауқазын
Бәйшешек. Жауқазын
Оқушыларда заттың атын білдіретін сөздер туралы ұғымды меңгерту. Гүлдердің қасиеті, мәні туралы әңгімелеп, балалардың эстетикалық сезімдерін қалыптастыру.
Көктем сыры
Көктем сыры
Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен сыры мен таныстыру, көктем туралы түсініктерін кеңейту. Көктем мезгілінің атауларын, олардың ерекшеліктерін ұғындыру.
Көктемгі гүлдер
Көктемгі гүлдер
Қорғалжын ауданы, Дружба орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Рахимжанова Әлия Шортанбайқызы
Көктем келбеті
Көктем келбеті
Атырау облысы, Атырау қаласы, Еркінқала мектебінің мектепалды дайындық тобының тәрбиешісі Амирова Гүлбаршын Қадірліқызы
Көктем келбеті
Көктем келбеті
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№4 ЖОББМ» КММ мектебі/мекемесі «Балақай» тобының тәрбиешісі Жумашова Дариға Аскеновна
Көрікті көктем
Көрікті көктем
№39 «Қызылөзек» орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі аракөз Асарбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×