Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бөлме өсімдіктері

08 қаңтар 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет
Тақырыбы: Бөлме өсімдіктері
Мақсаты: Б.м: Сурет салу арқылы баланың бейнелі ойлауын, кеңістікті бағдарлауын дамыту.
Д.м: Ыдыстағы бөлме өсімдігінің суретін салуға үйрету.
Т.м: Қағаз және қарындашпен дұрыс жұмыс істеуге дағдыландыру. Өсімдіктерге қамқорлық сезімін тәрбиелеу.
Қостілдік компонент:
Көрнекі –құралдар: Ыдыстағы бөлме өсімдігі, гүлдердің суреті, ақ парақ, бояу, қылқалам, сүрткіш.
Іс-әрекет кезеңі. Тәрбиешінің әрекеті. Бала әрекеті.
Мотивациялық оятушылық Шаттық шеңбер № 42 Тәрбиеші балаларды «Күлімдек күн» атты шаттық шеңберге тұрғызады Күлімде күн күлімде
Бүлдіршіндер қуансын
Қырдың қызыл гүліндей
Қолдарына ту алсын

Ұйымдастырушылық ізденушілік

- Балалар, біз табиғаттың тірі және өлі болып екіге бөлінетінін білеміз. Қане, тірі табиғатқа не жататынын кім айтып береді?
- Өсімдіктердің өзі дала және бөлме өсімдігі болып екіге бөлінеді. Біздің бүгінгі сабағымыз бөлме өсімдіктері жайлы болмақ.
Тәрбиеші бөлме гүлдерін көрсетіп, әңгімелейді. Барлық өсімдіктер күнді және жарықты жақсы көреді, сондықтан да оларды терезенің алдына қоямыз.
Бөлме гүлдерінің басқа өсімдіктер сияқты тамыры, сабағы, жапырағы және гүлдері бар.
Біз енді өсімдіктерді қалай күтіп баптау керектігін білеміз.
- Тамыры топырақтың астында болады, олар көрінбейді, өсімдіктердің су ішуіне көмектеседі, сондықтан да оларға су құйып тұру қажет. Гүлдердің тамыры дем алып тұру үшін топырағын қопсытамыз.
- Тәрбиеші гүлге су құйып, топырағын қопсытып көрсетеді.
- Мынау қандай гүл?
- Қане, иіскеп көрейік.
- Бегонияның түрі қандай?
- Ал жапырағы ше?
- Қандай әдемі гүлдер!
- Неліктен адамдар бөлме гүлдерін өсіреді?

«Гүл» саусақ ойыны
Міне, гүлдің бүршіктері
Ашылады әдемі

Жұмыс барысы үлгі бойынша түсіндіріледі:
- Ақ қағазға алдымен қара қарындашпен гүлдің ыдысын салады.
- Ыдысқа гүлді орналастырады.
- Әдемі етіп бояйды
Сергіту сәті «Біз гүлдерше өсеміз»
Жапырағы жайқалған
Сабақтары салалы
Желге ырғалып шайқалған

- Өсімдіктер жатады
Гүлдерді көрсете отырып, әңгімелейді

Тәжірибелік жұмыс: балалармен бірлесе отырып жүргізу.
- Бұл бегония
Жапырағының пішіні домалақ, түрі әртүрлі болып келеді
- Гүлдер бөлменің ауасын тазартып, кейбір ауруларды емдеуге өте пайдалы, үйді де әсемдейді

Балалар қолдарын көтеріп, саусақтарын біріктіріп, жабылып тұрған гүлдердің бүршіктерін келтіреді. Жайлап саусақтарын ашып, алақандарын жайып, гүлдің ашылғанын көрсету.
Рефлексивті түзетушілік: Салған суреттерінен көрме ұйымдастырылады. Балалар бөлме өсімдіктерін бір-бірінен гүліне, жапырағына қарап ажыратып, айырмашылығын табады. Дидактикалық ойын: Сабақтар мен тамырлар»

Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: Бөлме гүлдерімен және оны күтудің ережелерін
Нені игереді: Гүлдерді күтіп баптауды, аялауды, қорғауды меңгерді
Нені біледі: Бөлме гүлдері бөлмеге көрік береді, ауаны тазартады
36 167
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Бөлме өсімдіктері
Бөлме өсімдіктері
Сурет салу арқылы баланың бейнелі ойлауын, кеңістікті бағдарлауын дамыту. Ыдыстағы бөлме өсімдігінің суретін салуға үйрету.
Табиғат бұрышы: қалай күтіп баптау және бала өміріне пайдасы
Табиғат бұрышы: қалай күтіп баптау және бала өміріне пайдасы
Мақсаты: Табиғат бұрышындағы гүлдермен таныстыру. Гүлдердің аттарын толық айтуға дағдыландыру. Гүлдерді күтіп баптауға үйрете отырып табиғатқа деген сүйіспеншілігін артыру.
Бөлме өсімдіктері
Бөлме өсімдіктері
Балалардың табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктері туралы білімдерін толықтыру. Қазтамақ пен фикус гүлі туралы айтып, оларды бір - бірінен ажырата білуге, тани білуге үйрету және күту ерекшеліктерімен таныстыру. Балаларға картоппен бастырмалау әдісі
Біздің үйіміз пәтеріміз
Біздің үйіміз пәтеріміз
Балаларды өз пәтерлеріндегі бөлмелерді дұрыс атай білуге, мекен – жайын айта білуге уйрету. Сөздік қорларын байытып, тіл мәдениетін жетілдіріп дамыту. Ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Бөлме гүлдерін ыдысқа отырғызу
Бөлме гүлдерін ыдысқа отырғызу
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №12балабақша тәрбиешісі: Жансүгірова Сәнімгүл
Бөлме гүлдері «Кактус»
Бөлме гүлдері «Кактус»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру салалары: Қатынас Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы: Бөлме гүлдері «Кактус»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×