Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Су, гүл (тәжірибе сабақ)

09 желтоқсан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Су, гүл (тәжірибе сабақ)
«Әлеуметтік» білім беру саласы. Қоршаған ортамен танысу.

Мақсаты: 1. Су мен гүл туралы түсініктерін кеңейту.
2. Судың, гүлдің қасиеттерімен таныстыру, судың сұйық зат екенін, гүлдерді қалай күту керектігін түсіндіру, ой - өрісін дамыту.
3. Еңбексүйгіштікке, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, су, топырақ, гүл.
Әдіс - тәсіл: сұрақ - жауап, әңгіме, ойын.

Ұйымдастыру кезеңі:
Жылулық шеңбері:»Су»туралы өлең хормен айту.»Сылдырлайды мөлдір су»
Балаларды орындарына отырғызу.
- Балалар, қараңдаршы бізге қонаққа кім келіпті?
- Қарлығаш құс.
- Ол сендерге көптеген гүлдің суретін алып келген екен. Гүлдерді қалай өсіретінін білмей тұр. Көмектесеміз бе? ия
- Ал онда мына суреттерге қараймыз. Қандай гүл?
- Гүлдің аты қалай аталады?
- Бұл бәйшешек гүлі. Көктемде қар еріген кезде шығады. Балалар бұл дала гүлдердің көпшілігі қар, жаңбыр суларымен өседі.
- Далада өседі ме, әлде үйде ме? Ал, мынау ше?
- Үйде гүлдерді қалай күтеміз.
- Не құямыз?
- Су бізге тағы не үшін керек?
- Жуынамыз,(сурет) ішеміз, гүлге құямыз.
- Су жоқ болса, адамдарда, өсімдіктерде өмір сүре алмайды. Сондықтан ең керегі су.
Су жоқ болса біз кірлеп кетеміз, жуына алмаймыз. т. б.
Сергіту сәті: Біз гүлдерше өсеміз.
Жапырағы жайқалған.
Сабақтары салалы,
Желге ырғалып жайқалған.
- Орынымызға отырамыз.
- Қазір мына алдымыздағы тұрған судың дәмін көрелік.(су ішу) Тағы ішейік.
- Дәмі барма?(жоқ)
- түсі ше?(жоқ) мөлдір, түссіз екенін айту. Екінші ыдысқа құйып көрелік. Құйылады ма?
Құйылады. өйткені, су сұйық.
- Біздің суымыз жаңа түссіз, мөлдір болған. Енді оған бояу қосып көрелік.
- Түсі өзгерді ме?
- «Гүл отырғызу»ойыны.(ашық алаңға жиналу)
- Енді орынымызға отырамыз.
- Ал, қазір балалар біз сендермен гүл егеміз.
- Мынау не? Топырақ.
- Ол не үшін керек? гүл егеміз.(ұстап көру).
- Енді қолымызға мына күректі алып, топырақты мына ыдысқа саламыз.(әр қайсысына салғызу) Енді су құямыз. Сусыз гүл еге алмаймыз. Енді мына гүлімізді егеміз, міне былай. Алдымен ағашпен ортасын ашамыз. Отырғызамыз. Жабамыз. Тағы су құямыз. Міне гүлімізді де отырғызып болдық.
- Енді күнде су құйып күтіп жүреміз жарай ма? ия.(терезенің алдына қою.)
-«Су не үшін керек»ойын
Қорытынды: Балалар біз қарлығаш құсқа неменеге көмектестік. (гүл егуге көмектестік.)
Гүлдер қайда өседі?
Гүлге не құямыз?
Су не үшін керек?
Су қандай?
Бүгінгі сабағымызға кім жақсы қатысты деп ойлайсыңдар?
Балаларды мадақтау. Шаблондар үлестіріп беру.
6 893
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ашық оқу қызметі. Жаратылыстану. "Гүлдер"
Ашық оқу қызметі. Жаратылыстану. "Гүлдер"
Мақсаты: Өсімдіктер туралы білімдерін кеңейте отырып, гүлдердің түрлерімен таныстыру. Гүлдердің атауларын, сырт келбетін, жеке құрылымын ажыратып, атай білуге үйрету. Танымдық қабілеттерін дамыту.
Бәйшешек
Бәйшешек
Көктемнің алғашқы гүлі бәйшешек туралы түсініктерін кеңейту.
Су мен ауа
Су мен ауа
Балаларды су мен ауаны жан - жақты таныстыру. Табиғат құбылыстары туралы айтып, түсіндіру. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Іскерліктерін дамыту. Ойлау және сезіну қабілеттерін қалыптастыру.
Мозайкадан гүл құрастыру
Мозайкадан гүл құрастыру
Балаларға қызғалдақ гүлі туралы түсінік беру. Мозайкадан қызғалдақ гүлін құрастыруды үйрету. Балалардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, саусақ моторикаларын дамыту.
Көктем гүлдері
Көктем гүлдері
Астана қаласы, № 8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Ляззат Толеуовна
Бөлме гүлдерін ыдысқа отырғызу
Бөлме гүлдерін ыдысқа отырғызу
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №12балабақша тәрбиешісі: Жансүгірова Сәнімгүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×