Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жыл мезгілдері

05 ақпан 2019, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Жоспар
Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды «Жыл мезгілдері»шығармасымен таныстыру. Шығармалардың мазмұны мен идеясын меңгерту. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері мен сұлулығы жайлы әңгімелеу.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу.
Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігімен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Адамгершілік, ізгілік қасиеттерін бала бойына ұялату. Ұлттық салт - дәстүрлерді сіңіру, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, жүректен жүрекке тренинг, топтастыру стратегиясы, түртіп алу
Сабақтың көрнекілігі: Слайд көрсетілімі, плакаттар, суреттер, көңіл күй смайликтері, венн диаграмма, маркер

Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық. Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Әдеппенен бас иіп
Сәлем бердік біз
(Жүректен жүрекке тренингі) тілек айту

Ұйымдастыру кезеңі:
Үй тапсырмасымен жұмыс:«Өсіп келе жатырмын»
Оқушылар өлеңді мәнерлеп, жатқа
айтады.
Миға шабуыл әдісі: 1. Өлеңнің қандай жолдары бір - бірімен ұйқасып тұр?
2. Адал тер дегенді қалай түсінесің?
3. Өлеңнің соңғы шумағын оқып, жатқа жаз.
Жаңа сабақ: «Жыл мезгілдері» Ескен Елубаев туралы мәлімет оқу
(Слайд көрсетілімі)
Ескен Елубаев 1942 жылы 18 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Отар стансасында туған. 1958 жылы Отар стансасындағы №29 теміржол орта мектебін бітірген. ҚазМУдің филология факультетін 1966 жылы тамамдаған.
1966 жылдан бастап «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде, «Жалын», «Өнер», «Балауса» баспаларында, «Балдырған» журналының бас редакторының орынбасары болып қызмет істеген.
Ең алғашқы өлеңі 1958 жылы республикалық «Ара» журналында жарияланды.
Негізінде балаларға өлең арнап жазады. Оның «Болатбек» пьесасы республикалық қуыршақ театрында қойылған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (1994). Ұлттық «Астана – Бәйтерек» конкурсының екі дүркін бірінші жүлдегері (2007 – 2008), Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің екінші жүлдегері (2008). «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған, Мемлекеттік грант иегері. Қазір зейнеткер.
Қырықтан астам кітаптары қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген. «Балабек», «Асар» пьесалары республиканың көптеген театрларында қойылып келеді. Шығармалары қазақ және орыс мектептеріне арналған оқулықтарға енген.
Шығармалары: Көк жейде. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1967; Көкпар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1970; Баламысың деген. Өлеңдер. А., «Жалын», 1981; Өжет. Пьесалар, тақпақтар. А., «Өнер», 1984; Кто сильнее? Стихи. А., «Жалын», 1984.

Оқушыларға қыс, жаз, күз, көктем суреттерін таратып беру арқылы оқушыларды төрт топқа бөлемін. Оқушыларға проблемалық сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын өздеріне тапқызу.
Қар кетіп, қыр көгереді,
Қыс қиқуы көбейеді
Жерге дән сеуіп
Қорадан жас төл өреді (көктем)

Күн ысып, су жылынып
Егін басын тұр иіп
Жеміс тердік бақшадан,
Жеңімізді түрініп (жаз)

Дала тегіс сарғайды,
Шаруа қысқа қамданды
Күн қысқара бастады
Тауға тұңғыш қар жауды. (күз)

Сұңық жатыр ақ дала
Сирек жортқан аң ғана
Көтеріп бір аяғын
Қаздарын тұр аулада. (қыс)

Сұрақ - жауап әдісі: - Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
- Қазір жылдың қай мезгілі? көктемнің қай айы?
(А3 форматтағы қағаз таратып беру.)
Әр топқа жыл мезгілдеріне
байланысты қағаз таратып беру. Әр топ өзіне қатысты жыл мезгілдеріне топтастыру жасайды. Әр топтан екі оқушы шығып жасаған жұмыстар ын қорғайды.
(оқушыларды көңіл күй смайликтерімен бағалау)
Оқулықпен жұмыс: Жыл мезгілдері өлеңінің авторымен слайд
көрсетілімі арқылы танысу. Әр топ тобына қатысты өлең - шумақтарын мәнерлеп оқиды
Сөздік жұмыс:(Ақырап - қазан айының ескіше аты)
Дәптермен жұмыс: Үлгі кесте бойынша жұмыс жасау. Кестедегі тапсырмаларды дәптерге орындау.
Жыл мезгілдері жүктеу
2 767
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұңғыш ғарышкер Олжас Сүлейменов
Тұңғыш ғарышкер Олжас Сүлейменов
Оқушыларды тұңғыш ғарышкер туралы мәліметпен таныстыру. О. Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңімен таныстыру. Өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Жаңбыр. Б. Майлин.
Жаңбыр. Б. Майлин.
Оқушыларды «Жаңбыр» өлеңі мен «Бұлбұлдың әні» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері мен сұлулығы жайлы әңгімелеу.
Атай. Ә. Дүйсенбиев.
Атай. Ә. Дүйсенбиев.
Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Бесік жыры.
Бесік жыры.
Оқушыларды М. Жұмабаевтың еңбегімен, шығармашылығымен таныстыру. Мәтінінің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Бауыржан Момышұлы. Ұшқан ұя
Бауыржан Момышұлы. Ұшқан ұя
Оқушыларды Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. Б. Момышұлы туралы мәлімет беру.
Тұңғыш ғарышкер. Олжас Сүлейменов
Тұңғыш ғарышкер. Олжас Сүлейменов
Тұңғыш ғарышкер туралы мәліметпен таныстыру. О. Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңімен таныстыру. Өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×