Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ө дыбысы мен әрпі

14 қаңтар 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Атырау облысы,
Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы:
Адилова Мейрамгул
1-сынып Сауат ашу
Тақырыбы: Ө дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларға ө дыбысы мен әрпін таныстыру, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуды үйрету.
Тәрбиелік: оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оны қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: ө дыбысы қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың жалпы ой-өрісін, тілін дамыту.

Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ойын, ой қозғау.
Түрі: саяхат сабақ
Көрнекілігі: суреттер, кеспе әріп, суретті әріп, т.б.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, дене тәрбиесі

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту
а) Психологиялық дайындық
ә) «Ғажайып ауыл» саяхатқа шығу.
- Оқушылар бүгін «Ғажайып ауылға» сапар шегеміз.Бізбен бірге мына екі оқушы шығады. Олар өте білімді, алғыр және табиғатты сүйетін балалар. Осы балалармен танысу үшін сендер тапсырманы орындап, сұраққа жауап берулерің керек.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.»Қайталау-білім анасы»
Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
З қандай дыбыс?
Мәтінді дауыстап оқып бер.
Мәтіннен з дыбысы бар сөздерді теріп оқу.
Мәтінде неше сөйлем бар?
Бірінші сөйлемде неше сөз бар?
Мұз сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Мәтіннің мазмұнын суретке қарап айтып бер.
-Балалардың аттары Өміргүл мен Өркен.

ІІІ.Жаңа сабақ.Мағынаны тану. «Күш білімде, білім кітапта»
- Саяхатта біз өзен, тау, далаға кездесеміз. Олар туралы не білетінін сұрау.

1.Өзеннің тапсырмасы.
Жұмбақтар: Тұяқпен тас атқылап,
Таудан түсті шапқылап. (өзен)

Сарғайып отсыз піседі,
Үзіліп жерге түседі. (өрік)
- өзен, өрік сөздерінде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
Ө дыбысының артикуляциясын меңгерту, әріпті таныту. Ө жіңішке дауысты дыбыс.Көбінесе сөздің бірінші буынында кездеседі. Сөздің басында, ортасында болады. Баспа және жазбаша салыстырып көрсету.

«Сиқырлы шарлар» ойыны. Шарлардағы буынды хормен оқыту, сөз шығару.
Сергіту сәті.
Отырып-ақ орнымда
Өзенді де кешемін.
Сен білмесең, егерде
Былай ескек есемін.
Есемін, есемін,
Үлкен болып өсемін.
- Өзеннен өтіп енді қайда келдік? (тауға). Таудан өту үшін бәріміз бірігіп оқулықпен жұмыс жасауымыз керек.

2.Таудың тапсырмалары. Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы суретті атап, кеспе әріппен жазып көрсету. Өрмекші сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Бағандағы сөздерді буындап оқуға үйрету.
1.Хормен оқу
2.Жеке оқыту
3.Сөздік жұмысы
4. Өнер сөзінің айтылуы мен жазылуын есте сақтау.Кеспе әріппен жазу.
Сергіту сәті: «Өрмеле, өрмеле»
Дәптермен жұмыс
Ө әрпінің бас және кіші түрін ауада, тақтада жазу.
Үлгі бойынша бастырып жазу.
- Сөйтіп біз білімділігіміздің арқасында таудан да өттік. Енді біздер қайда келдік? (дала)

3. Даланың тапсырмасы «Оқимыз, үйренеміз, білеміз»
1. «Өркеш» мәтінін оқып беру.
2.Мәтінді оқушыларға оқыту.
3.Сұрақтар мен тапсырмалар:
Мәтіннің тақырыбы қандай?
Ө дыбысы бар сөздерді теріп оқы.
Мәтіндегі кейіпкерлерді ата.
Мәтінді рөлге бөліп оқыту.

ІІІ.Қорытындылау. Толғаныс
«Ғажайып ауылға» да жақындап қалдық. Бұл ауылға кіру үшін атын білуіміз керек. Олай болса мына сандардағы сұраққа жауап берсек ауылымыздың аты шығады.
1.Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
2.Ө қандай дыбыс?
3.Ө дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
4.Өркеш сөзіне дыбыстық талдау жаса.
- «Ғажайып ауылдың» аты Ө дыбысы ауылы екен.

ІҮ.Үйге тапсырма:бағандағы сөздерді оқып келу және үлгі бойынша жазып үйрену.
Ү. Мадақтау
6 463
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Т дыбысы мен әрпі.
Т дыбысы мен әрпі.
Т дыбысы мен оның әріп таңбасы туралы түсінік беру. Кеспе әріптерден сөз құрауға, буындап оқуға үйрету.
Ө дыбысы мен әрпі
Ө дыбысы мен әрпі
Балаларды Ө дыбысы мен әрпіне таныстыру. Ө дыбысының сөздегі орнын ажырату. Сөздерді оқу мен жазуға үйрету.
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Жаңа технологияларды қолдана отырып Әә дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға, буын және оның түрлерін ажырата білуге үйрету.
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы берілген сөздерді тізбектей оқыту
І дыбысы мен әрпі
І дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: І дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсатты: Білімділік: І дыбысы мен әрпін таныту; І әрпі және і әрпі бар сөздерді оқып, жазып үйрету, сонымен қатар, өз тілінің қадір-қасиетіңмен, тіл туралы, кітап туралы мақалдармен танысып, түсінік
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Исмаилова Ляззат Нуржанқызы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×