Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстар қайтып келеді!

23 ақпан 2019, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Құстар қайтып келеді!
Ортаңғы 12 - топ
Мақсаты:
а\Құстар, соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау.
ә\Құстар туралы өлең, тақпақтар арқылы қызығушылығын арттыру, құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу.
б\балаларға экологиялық тәрбие беру, яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:, буклеттер «Құстар – біздің досымыз!», нақыл сөздер.
Әдісі: әдеби - монтаж, түсіндіру, ойын.

Жүргізуші:
Құрметті әріптестер, ата - аналар, қадірменді достар, қош келдіңіздер!
Сіздердің көңілдеріңізге жылы шуақ ұялатар көктем мерекесімен құттықтай отыра, «Құстар қайтып келеді!» атты тәрбиелік шараны тамашалауға шақырамыз
Шаттық шеңбері
Балалар шеңберде тұрып, Е. Өтетілеуұлының «Көктем» өлеңін бірге айтады.

- Алақай!- Көлдерде
Алақай!- Сең жүрді,
Қуанды балақай: Белдерге
- Қыс кетті, Сән кірді.
Құс кепті. Гүл қаптап
Қар кетті, Дөңдерді
Қыр кепті. Күллі алқап көгерді.
- Жыл мезгілі»- көктем туралы тақпақтар айтайық.

Тақпақ оқу
Қонай
Көктем қандай көңілді,
Күміс жаңбыр төгілді
Мөлдір аспан ашылып,
Күн пердесі сөгілді

Туды көктем! Жансая
Шулы көктем
Кең даланы оятты.
Күн қызуын құйды көктен
Сең бұзылды, су ақты.
Жангүлім
Жыршы құстар көп келді,
Гүлдер жапты бөктерді.
Кел, балалар әнменен,
Қарсы алайық көктемді.
Ән: «Көктем келді!»
Жүргізуші: - Міне, жылы шуағымен көктем де келіп жетті. Көктеммен бірге, қанатты достарымыз да келді.
«Көк құрақ - көлдің сәулеті, құс пен аң елдің дәулеті»- дегендей, хайуанаттар ішіндегі ең сұлуы, ең сымбаттысы - құстар. Табиғатта да, адам өмірінде де құстардың мәні өте зор. Құстар әуезді әсем дауыспен, сымбатты да сұлу, алуан түрлі сыртқы көрінісімен, сымбатты да сұлу, алуан түрлі сыртқы көрінісімен табиғаттың сәнін келтіру арқылы адамды шаттыққа, қуанышқа бөлейді.
Құстардың дауысы естілген музыка және бет перде киген балалар кіреді. \ Аққу, қарлығаш, қараторғай т. б \
А. Әйгерім
Қарлығаш:
Қарлығашпын - мен,
Адамның тұрағын
Шыбын деген кеселден
Тазалайтын үй - ішін.
Ел аузында мақтаулы,
Тазалықшымын төселген.

Мухамедали
Қараторғай:
Мен торғаймын,
Шегірткедей жұртыңды
Қырғи болып қуамын.
Егістікке, жайлымға.
Қорғаушы боп тұрамын.
Жәндіктерді зиянды
Құртатұғын батырмын.

Мерей
Бұлбұл:
Мен еркін бозторғаймын,
Бұлағын тытпаған ән мен жырдың.
Тамаша тамылжытып шырқаймын,
Шаттығын тауыса алмай әр күннің.

Аружан
Аққу:
Құс сұлуы аққумын
Табиғат көркін сыйлаған
Мылтығын кезеп еш мерген
Атуға көзі қимаған.
Сұлулықты паш етіп
Жырлаған талай ақындар
Нәзік үнді, көл көркі
Құс патшасы мен болам

Елтас
Көкек:
Жаршысымын көктемнің
Көкек дейді мені жұрт
Өз атын айтар құс менмін.
Көктемді күтсең мені күт.

- Ендеше осы құстардың құрметіне тақпағымызды айтып берейік.
Тақпақ оқу
Ақбота
Көктем көгін молайтып,
Қырды гүлге бөледі
Қуанышты ән айтып
Құстар қайтып келеді.

Алан
Аймалап күн бау - бақты,
Арай шуақ төгеді
Аңсап біздің аймақты
Құстар қайтып келеді

Тамерлан
Түрлі гүлін сыйлаған,
Дала неткен кең еді.
Туған жерін қимаған
Құстар қайтып келеді.

Дильназ
Құстар - біздің досымыз
Шырқап әнге қосыныз
Құстар - біздің досымыз,
Көктем сайын тосамыз.

Жүргізуші: Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып,
адамдардың көңіл - күйін көтереді. Құстардың түрлері өте көп. Оның ішінде жыл
құстары, cалқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар. Оларға қандай құстар жатады, кім біледі?
Балалар жауаптары.
- Қарлығаш, көкек, аққу, қараторғай, бұлбұл, тоқылдақ, үйрек, қаз, тырна суреттер арқылы көрсетеді.
Суретпен жұмыс
- Ендеше, жыл құстарының кейбірінің тіршілік қамы туралы әңгімелейік.
Қонай
- Тоқылдақты халық орман емшісі деп атайды. Ол ағашты зиянды құрт - құмырсқадан тазартады.
Жансая.
Қараторғай - өзі кішкентай, өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы. Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып, күн жылынады.
Аружан.
- Қарлығаш - жыл құсы. Мекендеген ортасына қарай далалық, айылдықдеп аталады. Елімізде кент, сұр, құз, жар және қосрең қарлығаштары да кең тараған.
Жангүлім.
- Қарлығаштар өте ұшқыр. Сұр қарлығаш сағатына 170 км жылдамдықта ұшады екен.
Мухамедали.
- Сондай - ақ, жемін де ұшып жүріп аулап, суды да ұшып келіп қалқып іше алады.
Әйгерім.
- Олар жәндіктермен қоректеніп, әрқайсысы күніне мыңнан аса маса жеп зор пайда келтіреді.
- Жарайсыңдар, ал қазір қарлығаш құсына тақпақ арнайық.
Құстар қайтып келеді! жүктеу
3 204
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстар – біздің досымыз!
Құстар – біздің досымыз!
Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру, құстар бағына саяхаттауды техникалық құрылғылардың көмегімен тамашалай отырып құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу.
Құстарға жем шашамыз
Құстарға жем шашамыз
Құстар, соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау.
Құстар – біздің досымыз!
Құстар – біздің досымыз!
Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру, құстар бағына саяхаттауды техникалық құрылғылардың көмегімен тамашалай отырып құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу.
Құстар - біздің досымыз
Құстар - біздің досымыз
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Төлеңгүт негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тюлекова Раушан Андрейқызы
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Ақтөбе облысы, Ембі қаласы, №2 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Шакибаева Алия Сагидуллақызы
Құстар - біздің досымыз
Құстар - біздің досымыз
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл орта мектебіінің бастауыш әдіс бірлестігінің жетекшісі Молдағалиева Бақтыгүл Тыныштыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×