Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әліппемен қоштасу

04 наурыз 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әліппемен қоштасу
1 сынып
Сахна жабық тұрады.
1 фон қосылады.
Сахна ашылады да, екі уәзір шығады.
1 - уәзір: (Көрермендерге таңдана қарап) - Уа, біздің сарайда қуанышты жиын болғалы жатыр ма?!
2 - уәзір: - Естуімше, 1 «Е» сыныбында үлкен қуаныш екен, «Әліппемен қоштасу ертеңгілігі» болады дейді.
1 - уәзір: - Онда неге тұрмыз, ханға да хабарлайық!
(2 фон күйменің дыбысы естіледі)
2 - уәзір: Біз хабар береміз дегенше, хан өзі де келе жатыр.
Уәзірлер: ( Ишарамен амандасып, таққа отыруын өтінеді) – Төрлетеңіз, хан ием, отырыңыз.
Хан: - Уәзірлерім, «Ертегі әлемінде» не болғалы жатыр?
2 - уәзір: хан ием, 1 «Е» сынып оқушылары біздің ертегілер еліне келіп, әріптермен танысып, сауаттарын ашып үлгеріпті. Бүгін өз өнерлерін ортаға салып, әліппемен қоштаспақшы екен.
Хан: - Не дейді?(Ашуланып, қолындағы алтын таяғын жерге екі – үш рет қатты ұрып ), Кім оны ұйымдастырып жүрген?! Дереу осында әкеліңдер!
(2 уәзір тағзым жасым, артқа қарай шығуға айналады. Жүргізуші өзі келеді).

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, сіз іздеген ұйымдастырушы мен болам. Менің достарым барлық әріптерді танып - біліп, жазып, оқи алатын болды. Осы қуанышымызды көпшілікке паш еткіміз келеді. Ашуыңызды басып, мерекемізді бастауға рұқсат етіңіз.
Хан: Алдыма сен сияқты сүйкімді бүлдіршін келгенде, жарайды, рұқсат берейін, өнерлеріңді көрейін. Келіңдер, екеуің де бірге тамашалайық.

Жүргізуші: Көз салып, қараңызшы, бойымызға,
Ортақ боп, бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
«Әліппемен қоштасу» тойымызға.
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Достарымды шақырайын ортаға..
(МузАрт «Қазақ елі» музыкасымен оқушылар кіреді.
Жартылай шеңбер болып тұрады.)
Ерхат:- Армысыздар, құрметті ұстаздар! Ардақты ата - аналар!
Хормен: Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,
Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен.
Ризамыз бәрімізді таныстырған,
Сөз бен дыбыс әртүрлі әріптермен.
Әліппеге арналған тақпақтар:
Салтанат: – Үйреніп жазудың да өрнектерін,
Ойымды Әліппемен тербеткенмін.
Зор қуаныш маған да, ұстазға да
Тілін біліп, кітапты сөйлеткенмін.
Әлиби:– Бізді үйреткен білімге жалықпастан,
Рақмет, ұстазыма көзімді ашқан.
Біз – шәкірт, біз – елімнің болашағы,
Білімнің басқышына қадам басқан.
Хор: «Үйретеді»

Темірлан: – Әліппем – жаттаған жақсы әнім,
Сенімен сусындай бастадым.
Ұстаздың соңынан ілесе,
Бастадым білімнің бастауын.
Балжан: Бар кітапқа бас болған,
Әліппе - ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Толқын: Осылай алға аттадым,
Әр әріпті жаттадым.
Жаттаған сайын әріпті,
Сөз құрап жаза бастадым.
Ерхат: Әліппем, менің – Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Әліппе келеді:
- Өзім туралы жақсы – жақсы сөздердің айтылып жатқанын естіп келдім.

Жүргізуші:- Келіңіз, ортамызға бұл мереке - сіздің құрметіңізге өтіп жатыр.
Әліппе:
- Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Таудай болса, талабың
Айтары көп әріптің.
Қуанышы баланың,
Қуанышы ананың
Жақсы білім - көрімдік
Болсын сізге халайық!
Не үйреніп, не білдік
Қане, ортаға салайық!

Жүргізуші: - Әліппе, бүгінгі кешіміздің ең қадірлі қонағысыз. Сондықтан құрмет тағына жайғасыңыз.
Бекмұхамед: Алфавиттің «А» тұрады басында,
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.
Байқадың ба, «Б» тұрады үшінші
Ал, осының сыры неде, түсінші?!
Әмина: А деген ол - аналар ғой ардақты,
Ә деген ол - әкелер ғой салмақты.
Б деген ол – балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Бексұлтан: Әліпбиді біліңдер,
Онда жүйе, қалып бар.
Біздің қазақ тілінде,
42 әріп бар.
Бексұлу: 42 әріпті игерген,
Әріптен буындап сөз терген.
Әріптерім, шығыңдар
Қатар түзеп тұрыңдар!
Әліппемен қоштасу жүктеу
1 552
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Балабақшам – алтын ұям
Балабақшам – алтын ұям
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Ғ. Мұратбаев ауылындағы № 15 "Балдәурен" балабақшасының әдіскер - тәрбиешісі Жұлдызбаева Гүлбану
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу
Бастауыш сынып мұғалімі Калиева Гулнара
"Әліппе деген - алтын жол" әліппемен қоштасу кеші
"Әліппе деген - алтын жол" әліппемен қоштасу кеші
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дусипова Бақыт Рысқұлқызы
Маужыраған қоңыр күз
Маужыраған қоңыр күз
Мақсаты: 1) Күз мезгілінің адам өміріндегі алатын орын белгілей отырып, табиғат құбылыстарының өзгерістері, адамдардың еңбегі туралы білімдерін толықтыру;
Әліппе, саған мың алғыс!
Әліппе, саған мың алғыс!
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тулегенова Мейрамгул Назаровна
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу
Ақтөбе қаласы, №1 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Бекбергенова Сара Алимжановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×