Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математикалық Наурыз

28 наурыз 2019, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Категория: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Математикалық Наурыз
Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты:
- қосу мен алудың белгісіз компоненттерін табуға берілген есептерді талдау жəне шешу, кері есептердіқұру жəне шешу.
- жақшасыз берілген əріптік, сандық өрнектерді салыстыру
- теңдеуді іріктеу арқылы жəне қосу, азайту байланысының негізінде шешу

Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару мақсатында шаттық шеңберін құрамын. Оқушылар дөңгелене тұрып, төмендегі өлеңді оқу арқылы бір - біріне сәттілік тілейді
Психологиялық ахуал
Бір шаңырақ астында
Қуанамыз, күлеміз
Білімнің керек екенін
Ойға түйіп жүреміз

Бір шаңырақ астында
Тату тәтті жүреміз
Қандай есеп болса да
Бірлесіп тез шешеміз
Оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында өлең шумақтарының бөліктерін табу арқылы топқа бөлемін. Әр өлең шумағының авторына байланысты топтың атаулары қойылады.
Әр өлең арқылы жетелеуші сұрақтарға жауап алу арқылы авторлар туралы білімдерін еске түсіремін.
- Абай Құнанбаев туралы не білеміз?
- Қазақ даласында ең алғаш мектеп ашқан кім?
- Шоқан Уалиханов кім болды?
- Ахмет Байтұрсынов туралы не білеміз?
Иә, балалар бұл кісілердің қазақ тарихындағы алатын орындары ерекше. Ендеше бүгінгі сабақта біліміміз бен алғырлығымызды ортаға салып, ауыл атына кір келтірмей белсенді болайық

Үй тапсырмасын бекіту мақсатында «Кім алғыр?»ойыны арқылы сұрақтарға жауап алу арқылы тексеремін
- Есеп не жайында?
- Есепте не белгілі?
- Есептің сұрағы нені тап дейді?
- Қыз балалардың санын қалай таптыңдар?

Түркістан облысы, Төлеби ауданы,
Бірінші мамыр жалпы орта білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Қыдырбаева Ғалия Кісетайқызы
Үздік ұстаз байқауына
Математикалық Наурыз жүктеу
2 160
0
  • 60
6 дауыс


Жаңалықтар
Белгісіз азайтқышы бар теңдеу
Белгісіз азайтқышы бар теңдеу
Қосу мен азайту арасындағы байланыстар негізінде теңдік құру үшін әріпті өрнектер түрінде көрсету және қолдану.
3 санына көбейту және бөлу кестесін құрастыру. Қимылды ойындар.
3 санына көбейту және бөлу кестесін құрастыру. Қимылды ойындар.
Бірдей қосылғыштардың сомасын табуға; мазмұнына қарай жəне бірдей бөліктерге бөлуге берілген есептерді талдау жəне шығару; кері есеп құру жəне шығару.
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті. Шынықсаң – шымыр боласың
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті. Шынықсаң – шымыр боласың
Көбейту жəне бөлу – өзара кері амалдар екенін түсіну, көбейту жəне бөлу амалдарының компоненттері арасындағы байланысты анықтау.
Белгісіз азайтқышты табуға арналған есептер.
Белгісіз азайтқышты табуға арналған есептер.
Сандар мен шамалар арасында қатынастарды =, ≠, >, < таңбаларын қолдану арқылы көрсету.
Екі санын қосу және азайту
Екі санын қосу және азайту
2 санын бөлшектеп қосу және азайту тәсілін қолдану, 2 санын бөлшектеп қосып және азайтуды біледі, ондықтан аттап 2 санын қосу және азайту тәсілдерін біледі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×