Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зат есім

26 сәуір 2019, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі
Сыныбы: 2 - 3 сынып
Тақырыбы: Зат есім
Мақсаты:
білімділік: зат есім туралы түсінік беру, білімдерін кеңейту, сұрақтарын ажырата білуге үйрету. Әр түрлі деңгейлік тапсырмалар арқылы зат есімнің түрлері туралы білімдерін толықтыру.
дамытушылық: Зат есім туралы ұғымдарын кеңейту, дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту. Сауатты, көркем жазуға дағдыландыру. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін. Қызықты тапсырмаларды топпен орындату арқылы сабаққа қызығушылықтарын арттыру.
тәрбиелік: Оқушылардың ана тілін сүюге, адамгершілік және ақыл - ой тәрбиесін беру, белсенділікке, ұйымшылдыққа, іздемпаздыққа баулу. Топта бірін - бірін тыңдауға, тыныштық сақтауға баулу.
Сабақтың түрі: топтық сабақ (қайталау сабағы)
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топтау, «Ішіне, сыртына» стратегиясы, «Кофе араластырғыш» әдісі, дидактикалық ойындар.
Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар, слайд, музыка, «Алтын балық» ойыны.
Пәнаралық байланыс: музыка, әдебиеттік оқу, математика.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Кезекшімен сұхбат, оқушылардың сабаққа
дайындықтарын тексеріп шығу.
1. Психологиялық дайындық.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын,
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
2. Дөңгелек және шаршы пішіндерін таңдату арқылы топқа бөлу.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
Жаттығудың дұрыс орындалуын тексеру
3 - жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Қарамен жазылған сөздерді теріп жаз. Осы сөздерді сөз құрамына талда.
Қызметшілер, күзетші, шынжырдан, аңды, қоршауға.

III. Өткен сабақты қайталау.
а) Сұрақ - жауап
ә) «Кофе араластырғыш» ойыны
Шарты: оқушылар берілген суреттердің бірін тандап, түбір сөзге жұрнақ жалғау арқылы туынды сөз жасайды.

Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім,
Міне, балалар, кемеңгер, ақын - жазушыларымыздың тілі туған тіліміз, қазақ тілі сабағы.
Ендеше, бүгінгі сабағымызға қатысып отырған бірнеше мұғалімдеріміз бар екен, өз білімімізді ортаға салып, сабақты жақсы өткізуге уәде бересіздер ме? (ия)

IV. Мағынаны ашу.
Балалар ардақты аналар мен қыздардың мерекесі қалай аталады?
 8 - наурыз Аналар мерекесі, қыздар мерекесі
 Аналарымызға, қыздарымызға не сыйлаймыз? (гүл)
 Мынау не?
 Гүл. Зат есім.
 Гүл қандай?
 Әдемі. Сын есім.
 Гүл не істейді?
 Өседі. Етістік.
 Гүл нешеу?
 Екеу. Сан есім.
3. Көркем жазу минуты.
Оқулықтағы ережені шығарып алу
Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтар қойылады.
Есіңе сақта! айдары

V. Оқулықпен жұмыс.
1 - топ
3 - жаттығу. Берілген сөздердің ішінен не? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек, нелер? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек көшіріп жаз.
2 - топ
2 - жаттығу. Сөйлемдерді оқып, кім? кімдер? сұрақтарына жауап беретін сөздері бар сөйлемдерді көшіріп жаз.
Жеке тапсырма: Бейнеленген суреттердің аттарын жазу, сөйлем құрау.

«Алтын балық» ойыны
Шарты: балалар балық аулаушы балаға алтын балықты аулап алу үшін жазылған сөздерді оқып жалқы есім мен жалпы есімді ажыратып беруге көмектеседі
Сергіту сәті: музыкалық әуеннің сүйемелдеуімен орындалады.

Көру диктанты.
Ержан, терезе, күрек, бидай, Ақтөбе, айна, Болат, көше, қаймақ, Шымкент, Алакөл, Ақтөс, қарындаш, бидай.
1 - ші топ жалпы есімдерді, ал 2 - ші топ жалқы есімді сөздерді бір бөлек көшіріп жазады.
VI. Ой толғаныс.
Сабақты қорытындылау. «Момын және қарақшылар» мультфильмінен үзінді көру (2 - 3 мин), «Ішіне, сыртына» стратегиясы бойынша кім? сұрағына жауап беретін зат есімдерді шеңбердің ішіне жазу, не? сұрағына жауап беретін сөздерді шеңбердің сыртына жазып толтыру.
VII. Бағалау. Смайликтер арқылы бағалау.
VIII. Үйге тапсырма. 4 - жаттығу 215 - бет

Бастауыш сынып мұғалімі Хастарбек Амангүл
Зат есім жүктеу
1 648
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Сабақтың мақсаты: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
Зат есім. Түзете – дамыта оқыту
Зат есім. Түзете – дамыта оқыту
Сауатты жазуға төселдіру, көркем жазуға тәрбиелеу. Ұжымдық жұмысқа үлес қосу үстінде өз бетінше ойлау, іздену әрекетіне баулу.
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім. Оқушылардың сын есім жайлы алған мағлұматтарына сүйене отырып, ұғымдарын кеңейте түсу, сын есімнің дара және күрделі түрлерімен таныстыру, сөйлем ішінен дара және күрделі сын есімдерді табуға, сұрақ қоюға, бір - бірінен
Зат есім
Зат есім
Сөйлем ішінен зат есімді ажырата білуге үйрете отырып, топпен жұмыс жасай білуге, пікірлесуге, ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Есім сөздерді қайталау
Есім сөздерді қайталау
Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушылардың ой - өрісін кеңейту, есім сөздер тақырыбынан алған білімдерін жетілдіру, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту, түсінік негізінде қорыттыру.
Сөз таптары
Сөз таптары
Алимжанова Баян Қартабайқызы Қарағанды облыстық мамандандырылған дарында балаларға арналған музыка мектеп - интернаты
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×