Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Негізгі және туынды сын есім

29 сәуір 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды сын есім
Мақсаты:
Білімділік: Негізгі және туынды сын есім туралы білім қалыптастыру; Туынды сын есімнің жасалу жолын түсіндіру
Дамытушылық: Сауатты, көркем жазуға төселдіру, ойлау әрекетін, шығармашылық қабілеттерін дамыта түсу.
Тәрбиелік: Өздік жұмыс жасауға, ізденуге баулу.
Ұқыптылыққа, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың типі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: СТО техн.: Ой - шақыру, топтастыру, мағынаны
тану, ой толғаныс, Венн диаграммасы, ойын.
Сабаққа қажет құрал - жабдықтар: Интерактивті тақта, кесте, житондар, қима қағаздар, түрлі гүл суреттері.

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (6 слайд)
1. Оқушылар назарын сабаққа аудару;
2. Балалар, сабағымызды бастамас бұрын бір - бірімізбен амандасып алайық. Ол үшін: «Сәлем, досым» деп қолдарымызбен амандасайық,
2) аяқтарымызбен амандасайық,
3) құлақтарымызбен амандасайық,
4) кішкентай саусақтарымызбен амандасайық,
5) бастарымызбен амандасайық.
- Жарайсыңдар, достар! Міне барлығымызда қуаныш сезімі туды ма? Олай болса көтеріңкі көңілмен барлығымыз саяхатқа аттанайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (7 слайд)
Үйге берілген тапсырманы (18, 20 - жаттығу) ауызша тексеріп өту.

ІІІ. Ой шақыру (8слайд)
• Біз қай сөз табы туралы оқудамыз?
• Сын есім дегеніміз не?
• Етістікті топтастыру

ІҮ. Жаңа сабақ
Мағынаны тану. (9 слайд)
Слайдпен жұмыс, берілген кестедегі сөз топтарын салыстыру.
Олар туралы не айтуға болады?
1 - жұп қай сөз табы?
2 - жұп қай сөз табы?
Сын есімдер қалай жасалған?
ақыл - ақылды
тәртіп - тәртіпті
біл - білгіш
айна – айнадай

Түйін:
• түбір сөзден болған етістікті негізгі сын есім дейміз.
• түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз.

Көркем жазу минуты (10 слайд): Гүлді алқап, әдемі қызғалдақ, көгілдір аспан.
Жаттығу жұмысы. (12 - 14слайд)
23 жаттығу. Мақалды жатқа жазу, сын есімдерді тауып, негізгі, туынды екенін ажырату.
24 - жаттығу. (15 слайд)
«Гүл теру» ойыны бойынша орындау. Сөздерді көшіріп жазу. Туынды сын есімді сөз құрамына талдау. Сөйлем құрап жазу.

Сергіту сәті. (16 - 17 слайд)
Келесі кезігетін табиғаттың қандай бөлігі екен? Ол үшін барлығымыз тез ғана:
- Асфальтпен жүрейік (аяқтарымен тықылдатады)
- Енді құмдақ жермен жүрейік (аяқтарын жәй ғана тырпылдатады)
- Алда өзен, жүзу білеміз бе? Қане жүзіп өтейік. Шаршадың ба?
- Енді қайыққа отырайық, ескекпен есейік.
- Енді желкенді қайықпен жүзейік, желкенін көтерейік.
- Барлығымыз желге көмектесейік, желкенге қарай үрейік
- Енді алдымызда не тұр екен? Дүрбімен қарайық.
Жаттығу жұмысы.
25 - жаттығу. (18 слайд)
Мәтінді оқу.
Сын есімдерді тауып, қайсысы туынды, қайсысы негізгі екенін айту.

Ү. Ой толғаныс. (қорытындылау)
1) Венн диаграммасын құру. (19 слайд)
Негізгі сын есім - таза, әдемі, ащы, биік
Туынды сын есім – өнерлі, әдепті, таулы, сүтті.

Түбірден жасалады түбірге жұрнақ қосу арқылы жасалады
ҮІ. Оқушыларды бағалау. (20 слайд)

ҮІІ. Үйге тапсырма: (22 слайд)
26 - жаттығу. Сын есімдерді жазу, салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын табу. (венн диаграммасы).
27 - жаттығу. Ұйқасын тауып оқу, туынды сын есімді табу.

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Саға негізгі мектебінің жоғары санатты
бастауыш сынып мұғалімі – Г. С. Қонарова
Негізгі және туынды сын есім жүктеу
2 357
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Оқушылардың ой өрісін, танымдық қабілетін, сөздік қорларын дамыту, негізгі және туынды сын есімдерді анықтай түсуге жаттығулар орындау.
Негізгі және туынды зат есім
Негізгі және туынды зат есім
Зат есімнің негізгі және туынды түрлерінің жасалу жолдарын, айырмашылықтарын ұғындыру. Сөз құрамы туралы алған білімдерін пысықтау, жетілдіру;
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Сын есім туралы түсініктеріне сүйене отырып, негізгі және туынды сын есім туралы түсініктерін тереңдету. Оқушылардың ой - өрісін, танымдық қабілетін сөздің қорларын дамыту, негізгі және туынды сын есімдерді анықтай түсуге жаттығулар орындау.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Сын есімнің түрлерінің негізгі және туынды екендігін, айырмашылығын, ұқсастығын білу үшін жаттығу жұмыстарын жүргізу.
Сын есімді қайталау
Сын есімді қайталау
Ешбір жұрнақсыз түбір күйінде айтылатын сын есімді негізгі сын есім дейміз. Жұрнақ арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×