Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәтін және оның түрлері

29 сәуір 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 2 - сынып
Тақырыбы: Мәтін және оның түрлері
Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың шығармашылық жұмыс жасауына ықпал ету, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін арттыру;
Тәрбиелік: Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып, оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Сөйлеу тілін, сөз мағынасын түсініп, шапшаң ой қорыта алуға, көркем, ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.

М Ә Т І Н

оқиғалар хабарланады, сипатталады, дәлелденеді
өзара байланысқан сөйлемдер;
ат қоюға болады;
басталуы, негізі, соңы болады;
жоспар құруға болады;
абзацтардан тұрады.

Топпен жұмыс
Мәтін құрастыр
1 - топ «Алтын күз»

2 - топ
Орман шетінен қайың жапырақтарының үйіндісін қабыма толтырып, үйге қайттым. Бір нәрсе пысылдаған сияқты. Қаптың аузын шешіп ішіне үңіле қарадым. Еш нәрсе көрінбеді. Кенет, қаптың ішіндегі жапырақтар сусылдай жөнелді. Қаптан домалап түскен кірпі қаша жөнелді. Мен не істерімді білмей, аңтарылып қалдым.
Тапсырмалар:
1) Мәтін не туралы айтылған?
2) Мәтіннің қай түріне жататынын анықта:
3) Мәтінге ат қой

3 - топ
Мәтін бойынша сурет салу
Құмырсқа мен Қарақоңыз
Құмырсқа мен қарақоңыз бір сыныпта оқиды. Құмырсқа күнде бестік алап, Қарақоңыз екі ала беріпті.
Қарақоңыз Құмырсқадан:
- Сенің жақсы оқуыңның сыры неде?- деп сұрапты.
- Оның сыры - уақыт кестесінде.
Қарақоңыз өзінің уақыт кестесін жасайды. Қалай жасаса да, уақытын ойыннан артылта алмапты. Құмырсқа ойынға жетпеген уақытты сабақ дайындауға қалай жеткізіп жүр деп? - деп таңданыпты.

4 - топ
Алдымен, содан кейін, сонан соң, ақырында сөздерін пайдаланып, «Күздің қызықты бір күні» тақырыбына 7 - 8 сөйлемнен тұратын мәтін құрастыру.

Түлкі мен құмыра
Егін оруға шыққан бір әйел құмырасын сүтімен шөптің арасына қояды. Бұны түлкі көреді де, жасырынып келіп, құмыраның ішіне басын сұғып, сүтті ішеді. Бірақ басын құмырадан кері шығара алмай, әлек болады. Сонда:
- Ау, құмыра! Біраз ойнадың ғой, жетер. Жібер енді басымды! – депті түлкі. Қанша жұлқынса да, құмырадан басын шығара алмапты. Содан соң ашуға басыпты.
- Қап, бәлем, тұра тұр! Сені суға батырмасам ба! – деп өзенге қарғып түсіп, құмырамен бірге өзі де батып кетіпті.

Тақтамен жұмыс
Қыркүйек айы жаңа басталған кез. Ауа - райы суыта бастады...

Ауызша мәтін құрастыру
Мен әкім болсам...

Үй тапсырмасы
Тақырыбы: Мәтін ережесі мен түрлерін жаттау, сипаттау мәтіні бойынша
(мәтін жазу)
Мәтін және оның түрлері жүктеу
3 108
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мәтін туралы берілген ұғымды кеңейту
Мәтін туралы берілген ұғымды кеңейту
оқушыларды мәтіннің белгілерімен, оларды тиісті дауыс ырғағымен оқуға, мағынасын түсінуге үйрету;
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем
Сөйлем оның түрлері туралы түсінік бере отырып, оқушыларды сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру; Сөйлеу тілін, сөз мағынасын түсініп, шапшаң ой қорыта алуға, көркем ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.
Мәтін туралы қосымша түсінік
Мәтін туралы қосымша түсінік
Сабақ мақсаты: Оқушылардың мәтіндегі негізгі ой мен тақырып туралы түсініктерін жазбаша жұмыстар арқылы бекіту.
Мәтін
Мәтін
Сабақтың тақырыбы: Мәтін
Қазақ тілі, 2-сынып, Мәтіннің түрлері
Қазақ тілі, 2-сынып, Мәтіннің түрлері
Мәтін түрлерінің ішкі құрылымдық ерекшеліктерін ұғындыру. Тірек сызба арқылы мәтін құрауға үйрету. Байланыстырып сөйлеу дағдысын және сөздерді қолдану ерекшелігі арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×