Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адам және өсімдіктер мен жануарлар

19 мам 2019, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Адам және өсімдіктер мен жануарлар.

Сабақтың мақсаты: Тірі табиғаттың бір бөлігі болып саналатын адам және өсімдіктер мен жануарлар арасындағы тығыз байланыс жайында түсінік беру арқылы, олардың маңызын білуге жағдай жасау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, ойын жеткізе білу қабілеттерін дамыту. Өз бетімен жұмыс істеуге машықтандыру.
Тәрбиелік: Тірі табиғатты қорғап, күтуге баулу, пәнге қызығушылығын ояту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ.
Типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Қолданылған әдіс - тәсіл: сәйкестендіру тесті, ой қозғау, сұрақ - жауап, тірек – сызба.
Көрнекіліктері: тірек - сызбалар, сөзжұмбақтар, мақал - мәтелдер. Слайд

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа білімді игеру
IV. Бекіту
V. Бағалау
VI. Үйге тапсырма беру

Амандасу, түгендеу.
Үйге қандай тапсырма берілді? Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
- Балалар үй тапсырмасына қандай тапсырма берілген еді кім айтады?
Бірнеше баладан үй жұмысын сұрау.

«Менен сұрақ, сізден жауап» ( жеміс - жидек суреттері таратылады )

1. Көбею дегеніміз не? (жануарлардың тіршілігін жалғастыруы, санының артуы, ұрпақ беруі)

2. Қандай жануарларды сүтқоректілер дейді? (сүтқоректілер балаларын сүтпен қоректендіреді)

3. Қандай жануарлар жұмыртқа салады? (жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтарғ құстар, бунақденелілер - жұмыртқа салады)

4. Бақалар мен балықтардың көбеюінде ұқсастық бар ма?(екеуінің де жұмыртқасы уылдырық деп аталады, екеуі де уылдырығын суға салады?)

5. Балықтар мен бақалар ұрпағына қамқорлық жасай ма? (қамқорлық жасамайды)

6. Қолтырауынның ұрпағына қамқорлығы туралы айтып бер. (Қолтырауын болса өте қамқор ата - ана екен. Ана қолтырауын жұмыртқасын құрғақ жерге салып, баласы оны жарып шыққанша бақылайды. Қолтырауын аузына салып алып суға жібереді. Сөйтіп есейгенше бақылайды).

Жаңа сабақты ұйымдастыру.
Енді балалар, менің алдымда түрлі суреттер жатыр, барлығымыз осы суреттерден аламыз. Адамның суреті бар балаларым "адам" тобы, жануардың суреті бар балалар "жануар" тобы, өсімдіктің суреті бар балалар "өсімдік" тобы болады.

Балалар енді сіздердің топтарыңыздың аттары осы ұғымдармен аталады. Адам тобы, Өсімдік тобы, Жануар тобы болып үш топқа бөлініп өткіземіз.

III. Жаңа білімді игеру кезеңі
Бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы осы ұғымдармен байланысты. Адам және өсімдіктер мен жануарлар деп аталады.

Мақсатымыз: Бүгінгі сабағымызда «Адам», «өсімдік», «жануарлар» деген ұғымдардың арасындағы байланысты, олардың қандай маңызы бар екенін білетін боламыз.

№1 тапсырма.
Орталықтардың топ атауын қорғауы. Әр топ өздеріміздің тобымыздың ағылшын және орыс тілінде қалай аталатынын еске түсіреміз

Балалар мына тапсырманы орындау арқылы біз өсімдік пен жануардың бір - біріне пайда келтіретінін, олардың адам үшін де маңызды екендігіне көз жеткіздік.

Енді келесі тапсырмаға көшейік.

ІV. Бекіту кезеңі
«Оқулықпен жұмыс»
Оқушыларға оқытып түсінгенін сұрау.
- Тізбектеп оқыту

«Дәптермен жұмыс»
Әр топ оқушыларынан тапсырманы сұрау.

Жаңа сабақты бекіту.
"Сұрақ - жауап"
Адам және өсімдіктер мен жануарлар. жүктеу
1 778
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өсімдіктер
Өсімдіктер
Оқушыларға өсімдіктің тіршілік ортасы туралы білімдерін қалыптастыру; өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралы түсініктерін кеңейту.
Адам және өсімдіктер мен жануарлар
Адам және өсімдіктер мен жануарлар
Тірі табиғаттың бір бөлігі болып саналатын адам және өсімдіктер мен жануарлар арасындағы тығыз байланыс жайында түсінік беру арқылы, олардың маңызын білуге жағдай жасау.
Үй жануарлары мен жабайы жануарлар. Сүтқоректілер.
Үй жануарлары мен жабайы жануарлар. Сүтқоректілер.
Жануарлар және олардың тіршілігі жайлы түсінік беру. Олардың да өсімдіктер сияқты алуан түрі бар екені туралы түсінік қалыптастыру
Дала өсімдіктері мен жануарлары
Дала өсімдіктері мен жануарлары
Далалық белдеу, оның ерекшеліктері және дала жануарлары мен өсімдіктері туралы түсінік қалыптастыру. Пәнге қызығушылықтарын арттыру, ой - өрістерін, есте сақтау, өз ойын еркін жеткізу мүмкіндіктерін дамыту
Күзгі табиғат
Күзгі табиғат
Қоршаған дүниедегі құбылыстар мен заттардың маңызын түсіндіру оқушылардың тірі табиғат пен өлі табиғат арасындағы байланысты түсіну мүмкіндіктерін дамыту.
Адам және өсімдіктер мен жануарлар
Адам және өсімдіктер мен жануарлар
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №14 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қарамолдаева Мақпал Нұранқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×