Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Л дыбысы мен әрпі

21 шілде 2019, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Л, л дыбысы мен әрпі
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс - қызметі: «Сауат ашу»
Тақырыбы: Л, л дыбысы мен әрпі
Мақсаты: Л, л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Л дыбысы бар сөздерді ойлап табуға, дауысты – дауыссыз дыбыстарды бір – бірінен ажыратуға, баспа түрде жазуға дағдыландыру. Ойын арқылы тілдерін, ой - өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Л әрпінің баспа түрлері, суреттер, текшелер, карточкалар. «Сауат ашу. Әліппе - дәптер».

1. Кіріспе
«Көңілді күн» жаттығуы (интерактивті тақтамен жұмыс)
Шаттық шеңбері:
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлемдесіп аламыз.
Здравствуй школа, здравствуй класс,
Школьный день встречает нас.
Вот уже звенит звонок,
Начинается урок.

Тұсау кесер
Топқа бөліну. Балалар бүгін бізде сауат ашу оқу – қызметі
Сабақты бастамас бұрын А, Т, П әріптерін балаларға таңдатып 3 топқа бөлемін

Ой қозғау
Біз өткен оқу іс - қызметінде қандай дыбыспен танысып едік есімізге түсірейікші
- Дұрыс айтасыңдар.(Р - дыбысын тақтаға ілу)
-«Р» дыбысы дауысты ма әлде дауыссыз дыбыс па?
- Дұрыс айтасыңдар.
«Р» дыбысын қандай текшемен белгілейміз?
«Р» әріпінен, және кездесетін сөздерді маған кім айтып береді?
Радио, қасқыр, ысқырық, ара, зымыран (слайд)
Алдымен қазақ алфавитінде неше әріп бар? - Балалар, дыбыс пен әріптің қандай айырмашылығы бар?
Дыбысты айтамыз, естиміз
Әріпті жазамыз, көреміз.
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дауысты және дауыссыз
«2 топ сурет қиындыларын жинау арқылы лақ пен лимон бейнесін құрастырады)
Жұмбақ жасыру. (слайд)
Түсі сары сүйкімді,
Дәмі қышқыл бір түрлі.
Ащы дей де алмайсың,
Шекерсіз жей алмайсың? Ол не?
«Мә - мә»деген әні бар
Секірер ор, жары бар
Селтеңдейді құлағы
Секіргіш бір жануар
Ол не екен балалар?
- Лимон, лақ сөзінде бірінші қай дыбыс естіледі? (Л)
- Олай болса, бүгінгі Л дыбысымен және әрпімен танысамыз.
- Қане, бәріміз бірге айтайықшы
-«Л» дыбысы қалай айтылып тұр?
Езуімізді жиырамыз, тістерімізді бір - біріне жақындатамыз. «Л» деп айтамыз
Л дыбысына дыбыстық артикуляция жасау. Кедергімен бе, әлде кедергісіз бе?
- Дұрыс, тіліміз тісімізге тиіп Дыбыстар кедергіге ұшырап қысқа айтылып тұр.
- Өте жақсы, олай болса «Л»дыбыс қандай дыбыс екен?
- Л дыбысы қандай дыбыс, дауысты ма, әлде дауыссыз ба?

№5 орта мектептің МАД тобында ұйымдастырылған
оқу іс – қызметінің технологиялық картасы
Сапарбаева Құралай Жұмабекқызы
Л дыбысы мен әрпі. жүктеу
10 724
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ш дыбысы мен әрпі
Ш дыбысы мен әрпі
Ш, ш дыбысы мен әріп таңбасымен таныстру. Ш дыбысына мысалдар келтіргізу арқылы сөздік қорларын толықтыру, байланыстыра сөйлеуге уйрету.
А дыбысы және әрпі
А дыбысы және әрпі
Баларға өткен сабақты еске түсіре отыра, «А» дыбысымен таныстыру. Дидактикалық материалдар арқылы балалардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту.
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар Сауат ашу (48 сағат)
К дыбысы мен әрпі
К дыбысы мен әрпі
К дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасату, “К” әрпінің баспа түрінің жазу түрін үйрету, сөз құрату
Л дыбысы және әрпі
Л дыбысы және әрпі
Л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Өтілген дыбыстарды қайталау. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін еске түсіру. Буын туралы түсініктерін кеңейту, қол қимылын жаттықтыру.
Қ дыбысымен таныстыру
Қ дыбысымен таныстыру
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, №1 Теректі орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Жакитова Н.К.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×