Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ерке төлдер

18 желтоқсан 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Таным
Бөлім: Жаратылыстану
Тақырыбы: Ерке төлдер.
Мақсаты: Үй жануарлары төлдерінің сыртқы келбетінің сипаттық ерекшеліктерімен, мінез - құлықтарымен, тіршілік әрекетімен таныстыру.
Үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту, олардың өздеріне тән ерекшеліктері: немен қоректенеді, қалай қимылдайды, қандай дыбыстар шығарады.
Әдісі - тәсілдері: Аралас ойын тапсырмалар, сұрақ - жауап, жаттаулар.
Көрнекі құралдар. Ойыншықтар, көркем сурет, әуендер.
Қостілділік компонент. Жануар - животные, түйе - верблюд, жылқы - лошадь, сиыр - корова, қой - баран.
Әрекет кезеңдеріТәрбиешінің іс - әрекетіБалалардың іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушыСәлеметсіздер ме, балалар! Бізге бүгін көптеген апайлар қонаққа келіп отыр екен. Енді, осы апайларымызбен амандасып алайық.
Шаттық шеңбер.
Қане - қане, тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық
Оң жақтағы досыма
Сол жақтағы досыма
Күлімсіреп қарайық
Осы жақсы көңіл күйімізбен бүгінгі оқу - қызметімізді бастайық.
Апайлармен амандасады
Ұйымдастырушы - Іздену Күз мезгілі туралы сұрақтарға жауап алынады.
- Балалар алдымыздағы суретке қарайықшы, бұлар нелер екен?
Иа дұрыс, бұлар малдар, яғни бір сөзбен үй жануарлары деп атаймыз.
Балалар сендер қандай үй жануарларын білесіңдер.
- Дұрыс айтасыңдар.
- Балалар сендер қалай ойлайсыңдар, неге оларды үй жануарлары деп айтамыз.
- Өйткені, олар адамдардың көмегімен өмір сүреді.
Күн жылыда, жаз мезгілінде үй жануарлары, далада жайлауда, болады. Қүн суытқанда қар жауып, қыс түскенде үй жануарлары үйге келіп, қораға мекендейді. Адам көмегімен өмір сүреді, адамдар оларға су, жем, шөп дайындап береді.
Қазір мен сендерге үй жануарларының пайдасын айтып берейін: үй жануарлары бізге кисек - киім,
ішсек – тамақ, мінсек - көлік. Олардың жүні де, сүті де, терісі де,
мүйізі де, еті де, сүйегі бәрі де пайдалы.
 Сиыр бізге сүт береді.
Жылқы бізге кұмыз береді. Оның еті де дәмді.
Түйе шұбат береді. Бұл сусындарды көптеген ауруларға әсіресе оба, өкпе ауруларына ем ретінде пайдаланады.
Ал қойдың жүнінен әжелеріміз бізге киім, шұлықтар токып береді.
4 түлікті көлік етінде де пайдаланамыз.
- Ал енді мына суретте, үй жануарлары төлдерімен бірге жайылып жүр. Кәне төлдерін бірге атап шығайық.
Сиыр баласы - бұзау. Қой баласы - қозы.
Жылқы баласы - құлын. Түйе баласы - бота.
- Балалар үй жануарлары қалай дыбыстайды екен.
СЛАЙД даусы
Түйе - боздайды. Жылқы - кісінейді.
Сиыр - мөнірейді. Қой - маңырайды.
Үй жануарларын көлеміне қарай да бөліп – ажыратуға болады. Мысалы: ірі - қара, уақ - жандық. Ірі - қараға биік, үлкен малдарды жатқызамыз олар: жылқы, түйе, сиыр. Ал уақ - жандыққа: қой мен ешкіні бөлуге болады.
«Төлдің баласын сүюі» өлеңін оқып берейін
Қой сүйеді баласын"Қоңырым "деп,
"Ештеңені білмеген момыным" деп.
Сиыр сүйеді баласын "торпағым"деп,
"Қараңғыда баспаған қоркағым" деп.
Түйе сүйеді баласын "боташым"деп,
"Жаудыраған көзіңнен тоташым"деп.
Ешкі сүйеді баласын"лағым"деп,
"тастан - тасқа секірген шұнағым"деп
Жылқы сүйеді баласын "құлыным"деп,
"Тұлпар болар жүгірген жұрыным"деп.
Міне көрдіңдерме, балалар жануарлар да өз төлдерін осылай еркелетеді екен.
Үйде аналарың сендерді қалай еркелетеді?
- Иа дұрыс боташым, құлыным, қозым, лағым дейді екен.
- Ал енді үй жануарларының орысша атауларын айтайықшы:
Түйе - верблюд. Жылқы - лошадь
Сиыр - корова. Қой - баран. Ешкі - коза
Ал балалар енді «Үй жануарларын тап» деген ойын ойнайықшы.
Сергіту сәті.
Бүзау болып мөңірейік Му – му – му
Құлын болып секірейік
Қозы болып маңырайық Ме - ме - ме,
Лақ болып секіріп, Орынымызға отырайық.
Ғажайып сәт «Жайлауға саяхат»
Енді балалар, 4 түліктің төлдерімен, олардан алынатын өнімдермен, жақынырақ танысу үшін Жайлаудағы әжейге саяхатқа барайық.
- Әжей: Амансыңдар ма, құлындарым, қошақандарым! Қош келдіңіздер!
- Әжей біздің бүлдіршіндерді сіздің үй жануарларыңызбен, оның төлдері, олардан алатын өнім - бұйымдарымен таныстыруға алып келдім.
- Әжей: Жарайсыңдар, ботақандарым! Мына ауламда жүрген үй жануарларым
ғой. Жылқым - құлынымен, сиырым – бұзауымен, түйем – ботасымен,
қойым – қозысымен, ешкім – лағымен.
- Балалар мына жануарларға әжей тамақ беріп, бағып – қағып өсіреді. Олар адамның күтімінде болады. Сондықтан оларды үй жануарлары деп атайды.
- Әжей: Құлыншақтарым менің, үй жануарлары бізге кисек - киім, ішсек – тамақ, мінсек - көлік. Малдың жүнінен көрпелер де жасайды
- Балалар үй жануарларының бізге берер пайдасы көп екен.
- Әжей:- Ботақандарым менің! Немерелерім келгенде құрт - ірімшіктерімнен беретін
едім. Енді сендерге де берейін.
Сөздерін қайталап, қимыл қозғалыс жасайды.
Сиыр, жылқы, қой, түйе.
Балалар тыңдайды.
Балалардың жауабы.
верблюд, лошадь, корова, баран
Балалар үй жануарларының дыбыстарын қайталайды.
Тәрбиешімен бірге қимыл қозғалыс жасайды.
Балалар қызығушылық тудырады.
РефлекцияБалалар, бүгін біз не туралы әнгімелестік?
Үй жануарларының адам өміріне қандай пайдасы бар екен?
Жарайсындар балалар!
Рахмет!
Балалар үй жануарлары туралы әңгімені тыңдап естеріне сақтап қалуға тырысады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: төрт түлік үй жануарларын білу, бір бірінен ажыратуды
Меңгереді: Төрт - түліктің төлдерін дұрыс атай білуді.
2 249
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сүйікті жануарларым
Сүйікті жануарларым
Балаларға үй жануарлары және олардың төлдерімен таныстыру, үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Олардың адамға тигізер пайдасын түсіндіру.
Үй жануарлары.
Үй жануарлары.
Балалардың үй жануарлар туралы түсініктерін кеңейту, Олардың сыртқы келбетінің сипаттық ерекшеліктерімен, мінез - құлықтарымен, тіршілік әрекетімен таныстыру.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Балалардың үй жануарлары мен олардың төлдерін білдіретін сөздерді қолдана отырып, жануарлар туралы айту білігін бекіту.
Үй жануарлары мен төлдері
Үй жануарлары мен төлдері
Үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту, олардың түрлерін бір – бірінен ажыратуға, айқынды зейін қойып тыңдауға үйрету Төрт түлік малдың пайдасын айта отырып, оларды қадірлеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Үй жануарлары қалай дыбыстайды?
Үй жануарлары қалай дыбыстайды?
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, «Жаңақала аудандық балалар бақшасы» МКҚ кәсіпорын тәрбиеші: Адиетова Л. Е
Ерке төлдер
Ерке төлдер
Үй жануарлары туралы қысқа әңгімелер құрастыруды, жануарлардың төлдерінің аттарын жекеше, көпше түрде атауға үйрету (құлыншақ - құлыншақтар, ботақан - ботақандар т. б
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×