Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көлік

25 қыркүйек 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Көлік
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т2. 1. 1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді
Т4. 1. 1 Тыңдаған дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады.
Т5. 1. 1 Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді.
А4. 1. 1 Анық сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді.
10 минут

Сабақтың басы
1. Мұғалім психологиялық ахуал жасайды.
- Психологиялық ахуал. Көңіл - күйлерін бұлт арқылы білдіреді.
2. Үй тапсырмасын тексереді.
3. Қызығушылықты ояту.
Бейнефильмнен көліктердің дауыстарын естіп, қай көліктің түрі екенін айтады. Бейнефильмнен не көргендерін айту арқылы сабақ тақырыбы анықталады. Мұғалім оқушылармен бірігіп сабақтың мақсатын айтады.
Мұғалім сабақтың тақырыбын, мақсатын айтады.
- Суреттерді көрсетіп көлік түрлерін атап, қайталау
Қазақша атауларға тоқталу
4. Мұғалім оқушыларды 3 топқа бөледі (суреттер: ұшақ, автобус, кеме) Әр топтың үстелдерінде аспанның, жолдың, теңіздің суреттері жатады, соған байланысты топтар бірігеді.

Сергіту сәті
Орнымнан тұрамын,
Қанатымды жаямын.
Ұшақ болып ұшамын,
Суда былай жүземін,
Кемелерді тіземін.
Жол тәртібін сақтап,
Автобусқа мінемін.

Сабақтың ортасы 20 минут
Мәтінмен жұмыс:
- Мұғалім мәтінді оқиды, оқушылар тыңдайды.
- Әр топ алдында жатқан мәтінді оқиды, мұғалім дауыстап оқиды.
Көліктер
Көліктердің түрлері көп. Олар: машина, кеме,
пойыз, ұшақ, жедел жәрдем, тікұшақ, өрт сөндіруші, жол полициясы. Мен мектепке машинамен келемін. Менің әкемнің машинасы жаңа, қара түсті.
- «Жасырынбақ» стратегиясы: мәтіннен 3 рет қайталанып тұрған сөзді тап. (бас бармақпен бағалау)
- «Ақылды үштік» стратегиясы: сұрақ - жауап - қимыл. (бас бармақпен бағалау)
- Тақтада ілулі тұрған әуе, су, жер суреттеріне сандықшадан шыққан көлікті дұрыс орналастыру
Бір оқушы - суретті көрсетеді, екінші оқушы – сұрақ қояды, үшінші оқушы - жауап береді.

Средняя школа №17 имени М. Ауэзова
Г. Усть - Каменогорска
Мукашева Ислана Садыбековна
Көлік. жүктеу
1 493
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көлік түрлері
Көлік түрлері
Көлік түрлерімен таныстыру, ҰОҚ - де үйренген көлік түрлерін атай алады, сұрақты түсінеді, өзінің немен және кіммен баратынын айта алады.
Мен шырын ішемін
Мен шырын ішемін
Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну. Сөйлеу барысында мұғалім көмегімен етістіктің шақтарын; бұйрық рай; болымсыз етістікті қолдану.
Ауыл шаруашылығы және көлік географиясы
Ауыл шаруашылығы және көлік географиясы
Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Ресейдің ауыл шаруашылығы мен көлік географиясының дамыған басты салалары туралы білу. Өсімдік және мал шаруашылығының таралу ерекшеліктерін түсіну.
Көлік түрлері
Көлік түрлері
Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру
Күнделікті өмірдегі көліктер
Күнделікті өмірдегі көліктер
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №2 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Болысбаева Майгүл
Көлік географиясы
Көлік географиясы
ШҚО. Күршім ауданы,Теректі ауылы, №1 Теректі орта мектебінің география пәні мұғалімі Құмаш Табысбек
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×