Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дүниетану. "Менің отбасым.Отбасы дәстүрлері" 1-сынып

19 желтоқсан 2019, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Шаттық шеңбері.
Айтарым бар сендерге, Қандай жақсы бір тұру,
Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір жүру!
Қол алысып кәне, біз, Қандай жақсы дос болу!
Достасайық бәріміз. Достарменен бір болу!
– Балалар, бір - біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Ұ. Ж. «Серпілген сауал»
Мақсаты: Өтілген білім еске түсіріліп, есте сақтау қабілеті нің дамуына жағдай жасалады. Оқушы белсенділігі артады.
Сұрақтарға «иә»немесе «жоқ»деп жауап беріңдер:
  • Біз мектепте білім аламыз. (иә)
  • Кітапханашы бізге дәрі береді.(жоқ)
  • Жолда жаяу келсе жатсаң, жаяу жүргіншісің.(иә)
  • Мектепте шаштараз, дүкен бар.(жоқ)
  • Мектепте асхана, кітапхана бар.(иә)
  • Сабаққа кешігіп келуге болады.(жоқ)
  • Біз - бір - бірімізбен доспыз.(иә)
  • Біз сыныптағы қарым - қатынас ережесін білеміз.(иә)
  • Олай болса, сол ережелерді еске түсіріп өтейік:
  • Сұхбаттасыңның сөзін бөлме, аяғына дейін тыңда.
  • Адамды ренжітіп алатын сөздер айтпа.
  • Сыпайы сөздер қолдан.(өтінемін, рахмет)
- Ендеше, балалар, осы ережелерді біз тобымыздың ережесі етіп алайық.
Ширату жаттығуы. Топқа бөлу:
АТА, АНА, БАЛА. Сөздері арқылы 3 топқа бөлінеді.
- Топқа қандай сөздер арқылы бөліндіңдер? Бұл сөздерге қандай ортақ сөз табуға болады? Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болады деп ойлайсыңдар? («Менің отбасым.»)
Сабақта отбасы, отбасы мүшелері, отбасылық мерекелер мен дәстүрлер жайлы айтамыз.
- Осы сабақта қандай мақсатқа қол жеткізуімізге болады?
Тапсырмалар орындау арқылы көрейік.
Т. Ж. «Назар салып қара, талда, жауап бер»
Мақсаты: Сурет арқылы «отбасы» сөзінің анықтамасын шығарады. Ой - өрістері кеңейеді.
Әр топқа отбасын бейнелейтін сурет таратылып беріледі.
Отбасы - ең жақын және туыс адамдар. Әр отбасында жақсы қарым - қатынас болуы өте маңызды. Отбасын
дағы адамдарды отбасылық дәстүрлер біріктіреді.
Ж. Ж. «Суреттер сөйлейді»
Мақсаты: Отбасылық дәстүрлер жайлы терең білім алады. Берілген сурет бойынша жұмыс істеу барысында бір - бірімен қарым - қатынас жасай білу құндылығы артады.
- Суреттерге қарап, отбасылық дәстүрлер жайлы айтыңдар. Сендердің үйлеріңде бұл дәстүрлер аталып өтіле ме?
Сергіту сәті. «Бала, бала, балақан»
Әр әулеттің өз тарихы бар. Сенің әулетіңнің тарихы - ата - бабаңның өмірі. Отбасының мұндай тарихын шежіре деп атайды.
Т. Ж. «Оқушылар философиясы»
Мақсаты: Жан - жақты білім ала отырып, отбасы шежіресін құрастырады. Дәстүрлерді пысықтайды. Оқушылардың бойында ұйымшылдық, ынтымақтастық қабілеттері арта түседі.
1 топ - Шежіре ағашына суреттер ілу.
2 топ - Берілген суреттегі адамдар туралы айтады.
3 топ - Отбасылық дәстүрлерді ретімен желімдеу.
Ықтимал жауап:
1 топ: Ата, әже, әке, ана, бала, немере суреттерін жоғарыдан төмен қарай шежіре ағашына іледі.
2 топ: Берілген суреттерден ашықхат құрастырады.
3 топ: Берілген суреттерді бала шақтан, өскенге дейінгі ретпен орналастырады.
Қорытынды.
ҚБ.«Танып, біл»әдісі.
Мақсаты: Жинақталған білімді саралай отырып, ой талқылап, ой қорытуға, белгілі бір қорытындыға келуге жетелейді.
Сюжетті суреттер таратылады. Отбасы мүшелерінің арасындағы мейірімді бейнелейтін суреттерге v белгісін қою.
Қорытынды шығарады: Әр отбасында мейірімді қарым - қатынас болу керек.
15мамыр - Халықаралық Отбасы күні. Қазақстанда Отбасы күнін 11 - қыркүйекте атап өтеді.
Рефлексия. «Бес саусақ»
Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?
Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?
Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?
Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?
Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?
2 252
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Заттардың орналасуы
Заттардың орналасуы
Заттардың орналасуын, бағытын және қашықтығын анықтайтын терминдерді пайдалану.
Етістік
Етістік
Заттардың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерді ЕТІСТІК дейміз. Етістіктің сұрақтары: Не істеді? Қайтті? Не қылды?
Шамалар және олардың өлшем бірліктері. Ақша және теңге
Шамалар және олардың өлшем бірліктері. Ақша және теңге
Ақшаға қажетті заттарды сатып алуға болады. Заттарды сатып алу үшін металдан жасалған ақша монетаны да қолданамыз.
Кел, танысайық! Осы менің туған елім! Сөйлем
Кел, танысайық! Осы менің туған елім! Сөйлем
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Оқу құралдарымен таныс болайық! Сөз.
Оқу құралдарымен таныс болайық! Сөз.
Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.
Екі әтеш
Екі әтеш
Шаттық шеңбері – Балалар, шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×