Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


3 - ке көбейту және бөлу кестесін пысықтау

11 желтоқсан 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: 3 - ке көбейту және бөлу кестесін пысықтау.
Мақсаты:
1. Практикалық амалдар негізінде 3 санымен көбейту және бөлу кестесін құрастыру, есеп шығару барысында көбейту және бөлу кестесі туралы білімдерін бекіту;
2. Көбейту және бөлуге арналған өрнектерді шешу арқылы оқушылардың танымдарын кеңейте отрырып, ойлау қабілеттерін, пікірін нақты әрі түсінікті етіп жеткізуге баулып, логикалық ойын одан әрі дамыту;
3. Оқушыларды тез ойлауға, ұжымдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: суреттер, қима қағаздар.
Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
психологиялық дайындық
оқушыларды түгендеу
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
54 - бет №3 тексеру
III. Білімді тексеру кезеңі:
1. Тақырыбын, мақсатын хабарлау, бүгінгі сабақты тапсырмалар 3 деңгейге бөлінген, 1 деңгейден оқушы «3» - деген бағаға ие болады, 2 деңгейден өткен оқушы «4» - деген бағаға ие болады, 3 деңгейден өткен оқушы «5»- деген баға алады. Ендеше, мен сендерге, тек қана «5» деген баға алсын деп тілеймін. Әр деңгейден өткен оқушыға тиісті жұлдызшасын алып отырады.
3 - ке көбейту және бөлу кестесін пысықтау.
2. Сабаққа деген қызығушылықтарын ояту (логикалық тапсырмалар):
1. Тал басында тізіліп,
Он жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп
Ұшып кетті бесеуі.
Ізінше оның жұлынып
Түсті тағы біреуі.
Тұр әлі ілініп
Жапырақтың нешеуі?(4)
2. Аулада бес үйрек,
Қорада төрт үйрек.
Бір үйрек тығылды
Екі үйрек жығылды.
Қалғаны неше үйрек?(6)
3. Математикалық диктант (1 деңгей):
А) 67 - дың алдындағы және 67 - дан кейінгі санды жаз;
Ә) Бірінші қосылғыш - 3, екінші қосылғыш - 10, қосындының мәні неше?
Б) 4 және 5 сандарын пайдаланып екі таңбалы сандар жаз;
В) Бірліктері 2 болатын сандар жаз;
Г) 4 - ке неше қосқанда 10 болады?
IV. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
Салыстыру барысында 3 - ке көбейту және бөлу кестесін еске түсіру қажет, өйткені осы салыстыруға берілген тапсырмалар 3 - ке көбейту және бөлу кестесі негізінде құрылған

Толық нұсқасын жүктеп алу​​​
1 397
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
4 санына көбейту және бөлу кестесін құрастыру
4 санына көбейту және бөлу кестесін құрастыру
Сабақтың тақырыбы: 4 санына көбейту және бөлу кестесін құрастыру.
7 - ге көбейту және бөлу
7 - ге көбейту және бөлу
Оқушыларға 7 - ге көбейту және бөлу тәсілдері туралы білімдерін пысықтау, көбейту кестесін құруда көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін пайдалануды үйрету.
Санды 2 - ге көбейту және бөлу кестесі
Санды 2 - ге көбейту және бөлу кестесі
2 - ге көбейту кестесін құрастыруды түсіндіру, көбейту кестесін дұрыс пайдалана білуін пысықтау; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; жауапкершілікке тәрбиелеу.
Санды 9 - ға көбейту және бөлу
Санды 9 - ға көбейту және бөлу
Санды 9 - ға көбейту және бөлу кестесін біліп, түсінеді.
2 санын көбейту және бөлу кестесін құрастыру
2 санын көбейту және бөлу кестесін құрастыру
Көбейту, бөлу амалдары жайлы білімдерін тиянақтау. 2 санын көбейту және бөлу кестесін құрастыру, жұп және тақ сандарды ажырата білуге дағдыландыру.
3 – ке көбейту және бөлу кестесін пысықтау
3 – ке көбейту және бөлу кестесін пысықтау
3 – ке көбейту және бөлу кестесін пысықтау, есеп шығару барысында алған білімдерін қолдана білуге үйрету
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×