Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


2- сынып жаратылыстану қозғалыс сыры

23 сәуір 2020, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың басы
Психологиялық ахуал қалыптастыру: 
Бала, бала баламыз, 
Бірақ біздер данамыз! 
Кітап оқып, білім алып, 
Бәрін біліп аламыз!    
Білу және түсіну
Өткен сабақты пысықтау мақсатында «Ақиқат, жалған» ойынын ойнаймыз. Берілген сұрақтарға ақиқат немесе жалған деп жауап беру.
• Қаңқа сүйектері өспейді. Жалған (өседі)
• Қаңқа адам денесін ұстап тұрмайды. Жалған (қаңқа - адам денесін ұстап тұратын сүйектердің жиынтығы )
• Ол ішкі мүшелерді қорғайды, әрі денеге пішін береді. (Ақиқат)
• Бас сүйек бастың пішінін береді. (Ақиқат)
• Қабырғалар, төс сүйек пен омыртқа кеуде қуысын құрайды. (Ақиқат)
Дискрипторлар:
 Берілген сұрақтардың ақиқат не жалған екенін ажыратады;
 Өз ойын айтып, дәлелдейді.
ҚБ: «От шашу»
ОЙ ҚОЗҒАУ
Рим цифрларын өсу ретімен орналастыру арқылы бүгінгі сабақтың тірек сөзін тауып алайық
Бұлшықет дегеніміз не?
Ол не үшін керек?
Бұлшық ет біздің ағзамыздағы негізгі мүшелердің бірі. Адамның қаңқасы өздігінен қозғала алмайды. Олар бұлшық ет арқылы қозғалады. Олардың көмегімен біз секіреміз, жүгіреміз, ойнаймыз, жазамыз, доп лақтырамыз. Адам денесінде 650 - дей бұлшық ет орналасқан. Бұлшық еттердің түрлері көп. Ауыр және қиын жұмыс жасауға арналған үлкен бұлшық еттер және жеңіл жұмыс жасауға арналған кіші бұлшықеттер болады. Адам күлгенде 17 бұлшық ет, ал қабағын түйгенде 46 бұлшық ет жұмыс жасайды.
Ең күшті бұлшық ет шайнау бұлшық еті, ал ең кішкентай бұлшық ет құлақтың ішінде орналасқан екен.
КІТАППЕН ЖҰМЫС
• Кітаптағы суретке зер салайық.
• Бұлшық ет адамның қай жерінде орналасқан.
• Олар қандай?
АРҚАНДЫ көрсету
Бұлшықеттер бірнеше жіңішке жіптерден орналасқан. Олар сүйекке бекіп, оны қозғалысқа келтіреді.
1 - тапсырма: (ТЖ) Суреттегі бұлшық еттерге қара. Олар қандай? Сипатта. Қайда орналасқан?
Дескриптор:
1. Бұлшықеттердің қызметі туралы айтады;
2. Бұлшықеттердің қайда орналасқанын анықтайды;
3. Бұлшықеттердің үшін керектігін түсінеді;
4. Бір - бірінің пікірін тыңдап, қорытындылайды;
ҚБ «Бағдаршам»
Қолдану
Зерттеу жұмысы
Сендердің алдарыңда дайын қолдың макеті берілген. Макетте бекітіліп тұрған резеңке бұл бұлшық ет. Жұппен бірлесе отырып, бұлшық ет қалай жұмыс жасайды сұрағына жауап іздейсіңдер. Қол қимылдағанда резеңке ұзындығы қалай өзгереді?
2 - тапсырма: (ЖЖ) Бұлшық еттер қалай жұмыс істейді? «Зертте»
Дескриптор:
1. Дененің кейбір бөліктерін және қызметін атап, көрсете біледі;
2. Адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерін анықтайды;
3. Тірек - қимыл аппаратының құрылысы мен қызметі туралы біледі;
ҚБ «Бас бармақ»
Сергіту сәті
Қане қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып - ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Білімде алда болайық.
3 - тапсырма: (ҰЖ) «Сен білесің бе?»
Дескриптор:
1. Адам ағзасындағы ең күшті бұлшықетті атайды;
2. Бұлшықеттердің қызметі туралы әңгімелейді;
ҚБ «Смайлик»
«Қимыл - қозғалыс – бұл өмір», деп Вольтер айтып кеткен. Шынында да, адам о бастан қимылға бейімделген, бәлкім табиғат шешкен болар. Біз сондықтан жүреміз, жүгіреміз, секіреміз, жүземіз, күнде мыңдаған әртүрлі қимыл жасап, еңкейіп, тік тұрамыз. Мұның барлығын сүйек – бұлшық ет жүйесі немесе тірек – қимыл аппараты қамтамасыз ететіндігіне көз жеткіздік деп ойлаймын.
Кері байланыс: «Бағдаршам» арқылы сабақ түсінгенін, не түсінбегенін білдіру.
9 525
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бұлшық ет, оның типтері, құрылысы және маңызы
Бұлшық ет, оның типтері, құрылысы және маңызы
Бұлшық еттердің жұмысы мен бұлшық ет қозғалысының реттелуі, бұлшық еттердің статикалық және динамикалық жұмыс орындай алуы жөнінде түсінік беру.
Ең үлкен ортақ бөлгіш пен ең кіші ортақ еселікті табуға есептер шығару
Ең үлкен ортақ бөлгіш пен ең кіші ортақ еселікті табуға есептер шығару
Ең үлкен ортақ бөлгіш пен ең кіші ортақ еселікті табуға есептер шығару кездегі білімдерін міндетті және мүмкін деңгейде тексеру, ойда сақтау қаблетін дамыту.
Қаңқа құпиялары
Қаңқа құпиялары
Адамның тірек - қимыл жүйесінің қызметін анықтау
Адамның тірек - қимыл жүйесі
Адамның тірек - қимыл жүйесі
АДАМ Тік жүруге бейімделген. Кеуде қуысы жалпақ. Омыртқа жотасы 4 жерден иілімі бар. Ми сауыты, бас сүйегі дамыған.
Логиканың негізгі түсініктері
Логиканың негізгі түсініктері
Сабақтың тақырыбы: Логиканың негізгі түсініктері
Қазіргі заманғы дербес компьютер мен оның құрамдас бөліктерінің түрлері
Қазіргі заманғы дербес компьютер мен оның құрамдас бөліктерінің түрлері
Ақтөбе облысы, Жем қаласы, №3 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Мурзабаева Ақтолқын Рафитқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×