Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұлдызды сәт

21 қаңтар 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сыныптан тыс жұмыс
№ 197 қазақ орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі
Сахиева Роза Файзуллақызы

Сабақтың тақырыбы: «Жұлдызды сәт»
Сабақтың мақсаты: оқушылардың білімін сарапқа салу, сынау арқылы өзара бәсекелестікке жетелеу, логикалық қабілетін дамыту, қиыннан мүдірмей тез шешім тауып шыға білуге үйрету
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд - шоу

Сайыстың барысы:
Мұғалімінің кіріспе сөзі:
Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанды болашаққа білімді ұрпақ бастап барады»,- деген сөзін алға қоя отырып,«Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет»,- демекші әрбір жұлдыз өмірден лайықты өз орнын таба білуі тиіс. Ендеше көкте жұлдыз болып жарқырауларыңа сәттілік тілейік.
Құрметті оқушылар, қонақтар! Бүгінгі болғалы отырған «Жұлдызды сәт»интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер! Бұл сайыстың мақсаты екі жыл бойы алған білімдерінің нәтижесін көрсету, білімнің адам өміріндегі маңызы мен пайдасын білу.
Олай болса біз біліміміздің артып, санамыздың оянғанын осы жиналған қауым алдында көрсетейік.

Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге, білім бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол алда,- дей отырып сайысымызды бастаймыз.

Сайысқа қатысушы оқушыларды таныстыру
Әбілқасым Қуаныш, ..., ...
Сонымен қатар сіздердің білім деңгейлеріңізді тексеріп, әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасын таныстырайық.
Әділ – қазылар алқасы:
Сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтейін
1 айналым. Математика - бұл ғылымның данасы
2 айналым. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте
3 айналым. Табиғатты танып, біл

Математика
- Азайғышты қалай табамыз?(Айырманың мәніне азайтқышты қосамыз)
- Рахымда 7 асық, Уәлиде 3 асық кем. Асықтары тең болуы үшін Рахым Уәлиге қанша асық беруі керек?(2)...
- Азайтқышты қалай табамыз?(азайғыштан айырманың мәнін азайтамыз)
- Сыныпта 21 оқушы бар. Оларды екеуден орналастыру үшін қанша парта керек?. (11 парта)...
- Қосудың компоненттерін ата. (қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні)
- Ауылдан қалаға дейін бір бала 2 сағат жүрген. Ал 5 бала қанша жүреді? (2 сағат)
- Азайтудың компоненттерін ата. (азайғыш, азайтқыш айырманың мәні)
- Үш қыз жаңа жылдық шыршаның ойыншықтарын жасады. Үшеуі 3 сағат жұмыс істесе, әр қыз бала қанша уақыт жұмыс істеген? (3 сағат)
- Қосудың ауыстырымдылық қасиетін айт(қосылғыштардың орындары ауысқанмен мәні өзгермейді)
- 5 пен 15 арасында қанша сан бар? Жазып көрсетші (9 сан)
- Белгісіз қосылғышты қалай табамыз? (қосындының мәнінен белгілі қосылғышты азайтамыз)
- Бір үйде екі мама, екі қызы және әжесі мен немересі тұрады. Бұл үйде қанша адам тұрады? ...
- Үшбұрыш дегеніміз не? (бір түзудің бойында жатпайтын үш нүкте белгілеп кесіндімен қосамыз)
- Жазылмай қалған сандарды тап.
16,...., 18, 19,...., 21, 22 (17, 20)
- Шаршы дегеніміз не? (барлық қабырғалары бірдей төртбұрыш)
- Артық өлшем бірлікті алып таста.
2м, 3см, 4мм, 5 кг, 8дм, 6км (5 кг)
- Кесінді дегеніміз не? (басымен аяғы тұйықталған түзу сызық)
- Математикалық амалдарды пайдаланып бір текті 5 цифрдан 10 санын шығаруға
болады? (2+2+2+2+2=10)
- Бұрыш дегеніміз не? (бір нүкте белгілеп екі түзу сызық жүргіземіз)
- Пакетке 2 кг зат салуға болады. Егер 4 кг картоп және массасы 1 кг қауын сатып алынса, олар неше пакетке салынған болар еді? (3 пакет)

Қазақ тілі
1 - тапсырма
Сан есімге байланысты мақал-мәтел жаз
1._________________________________
2._________________________________
3._________________________________
2 - тапсырма
Лексикалық ойын
Көп нүктенің орнына сан есімді қойсаң мақал толық шығады.

Білімді... жығады, білекті... жығады.(бірді, мыңды)
... ауыз сөздің тобықтай түйіні.(тоқсан)
3 - тапсырма
Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз.
1. Айжан, бара жатты, Мәрия, мен, фермаға(Айжан мен Мәрия фермаға бара жатты)
2. Олардың, ұша жөнелді, бір, үйек алдынан.(Олардың алдынан бір үйрек ұша жөнелді)
3. Ұшқан, жерге, олар, үйрек, келді.(Олар үйрек ұшқан жерге келді)
4. Ұяда, жатыр, жері, жұмыртқа.(Ұяда жеті жұмыртқа жатыр)
5. Олар, алмады, жұмыртқаны.(Олар жұмыртқаны алмады)
4 - тапсырма
Мюнстенберг әдістемесі
Вншағашшедышыршанемоедарынжаотанымдплпоқуогшнәтижелдпжыл
(ағаш, шырша, дарын, отан, оқу, нәтиже, жел, жыл)
5 - тапсырма
Қар--------- жауды----------- Далада---------- қар жауды
Далада аппақ қар жауды

6 - тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, мағыналы сөз жаса.
... лім
... на
бі...
...лік
са...
... ға
... тік
... па
7 - тапсырма
Б, Ұ, Ж, М, Б, А, Қ осы әріптерден сөз құра. Жұмбақ, жұм, бақ, бұқ, жұқ, ақ, бақа, жұма, бұқа
8 - тапсырма
«Әдептілік»сөзінен сөз құра
әдеп, тіл, тілек, тіле, тілік, епті, ілік,

Дүниетану
- Ең бойы ұзын сүтқоректі? (керік, ұзындығы 2 қабатты үйдей) )
- Ең жүйрік сүтқоректі? (қабылан сағатына 110 км )
- Ең сүті қою сүтқоректі?(итбалық)
- Қылқан жапырақтылардың ішіндегі ең биік ағаш?( Солтүстік Америкада «Секвойя»)
- Қандай сүтқоректі жұмыртқа салады?(үйректұмсық, түрпі)
- Ең кіші құс?(колибри, ұзындығы 5 см)
- Ең ұзақ жасайтын бауырымен жорғалаушы?(тасбақа, олар 100 жылдан астам)
- Әлемдегі ең ірі жылан қалай аталады?(анаконда, ұзындығы 11 м)

Ендеше, сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік.
Марапаттау
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Білдім деме, балам,
Білмейтінің көп шығар.
Бәрін білген адам,
Дүниеде жоқ шығар.
Көп білуге ұмтылған,
Көз жұмғанша оқиды.
Көз жұмғанша оқыған,
Көп нәрсені тоқиды,- деп Өтебай Тұрманжанов ағамыз жырлағандай оқып, білім алудан ешқашан жалықпайық!
11 503
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жұлдызды түлек - 2019 (Куәлік тапсыру кеші)
Жұлдызды түлек - 2019 (Куәлік тапсыру кеші)
Құрметті қонақтар, ата – аналар, ұстаздар, мектеп түлектері бүгін еліміздің түкпір – түкпірінде жыл бойы білім нәрімен сусындаған түлектеріне ақ жол тілеп куәлік тапсыру рәсімі жүріп жатыр. Ендеше Шұбар орта мектебінің куәлік тапсыру мерекелік кешті
Жұлдызды аспан
Жұлдызды аспан
Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
Физикадан факультативтік сабақ жоспары
Физикадан факультативтік сабақ жоспары
Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Аққайнар ауылы, «Чернова орта мектебі» КММ физика пәні мұғалімі Жельменова Гульнар Нуркасовна
Жұлдызды сәт (интеллектуалды ойын)
Жұлдызды сәт (интеллектуалды ойын)
Ақтөбе қаласы, №53 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Ермагамбетова Бакытгуль Токтаровна
«Екі жұлдыз» ән байқауы
«Екі жұлдыз» ән байқауы
Армысыздар құрметті көрермендер, ұстаздар мен оқушылар!!! Бүгін міне, мектебімізде осымен 3 - рет ұйымдастырылып отырған «Екі жұлдыз» ән байқауына қош келдіңіздер!
Екі жұлдыз - 2013
Екі жұлдыз - 2013
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бесарық бекеті, №247 орта мектебі "Жас Ұлан" ұйымының ұланбасшысы Ықтияров Аяз Абдурахымұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×