Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


8 санының құрамы

24 қаңтар 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика 1 - сынып Ертегі сабақ «Алматыкітап» бағдарламасы бойынша.

Сабақтың тақырыбы: 8 санының құрамы.
Сабақтың мақсаты: 8 санын қосып, алуды қайталау. 8санының құрамымен таныстыру.
Оқу - тәрбиенің міндеттері: Білімділік: Сандар қатарын қайталату, 8 санын қосу және алу. 8 санының құрамымен таныстыру. Дамытушылық: Оқу - танымдық,
коммуникативтік, ақпараттық - технологиялық құзыреттіліктерін, ойлаудың математикалық стилін, логикалық ойлау құрылымдарын дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілік және экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Ертегі сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау, ақпаратты - коммуникативті технологиясы.
Сабақтың көрнекіліктері: флипчарттар, ақ парақтар, түсті маркерлер.
Сабақтың барысы: 1Психологиялық ұйымдастыру кезеңі «Достар» психологиялық жаттығуы арқылы көңіл - күй орнату. Топта отырған оқушылар бір қолдарын парта ортасына біріктіріп, бір – біріне іштей жақсы
тілектер тілейді.

Кіріспе әңгіме.
- Балалар, бүгінгі сабақ өзгеше болады. Қалың орманның қандай болатынын білесіңдер ме? Сендер өздеріңді орманда серуендеп жүргендей сезініңдер.
Реолаксация жасалынады.
(оқушылардан көздерін жұмып, ормандағы сайраған құстардың дауысын, жапырақтардың иісін, т. б. көздеріне елестетеді. Көздерін қайта ашу сұралады.)
1 - флипчарт. Интерактивті тақтадан қалың орман, ондағы түрлі құстардың суреті және сайраған құстардың дауыстары естіледі.
Орман ішінен бізге жол көрсететін бір құс кездесті. Бұл құсты танисыңдар ма?
Бұл оқымысты үкі. 2 - флипчарт. Интерактивті тақтадан қолына кітап ұстаған, көзілдірік киген оқымысты үкі шығады. 3 - флипчарт үкінің тапсырмалары берілген 7 ағаш көрінеді. (Арнайы нота бейнеленген батырманы басып, үкіні 7 рет гуілдетеді.)
2. Алған білімдерінің диагностикасы кезеңі. Үкінің ең бірінші тапсырмасы ауызша есептеу екен. (1-ден 8-ге дейін ауызша есептеулер жүргізіледі)
2 санының көршілерін ата!
5 санының көршілерін ата!
Аптаның 5-ші күнін ата!
Аптаның 7-ші күнін ата!
Мен 4-ші үйде тұрамын көршілерімнің нөмірін ата?
Бір күннен соң аптаның қай күні болады?
Аптаның нешінші күні дем аламыз?

3. Танымдық әрекетін ұйымдастыру кезеңі.(жаңа сабақты түсіндіру) Үкінің екінші тапсырмасы №1 есепті шығарып жаңа сабақты түсіндіру.
1+7=8
4+4=8
8 - 4=4
2+6=8
5+3=8
8 - 3=5
3+5=8
6+2=8
8 - 2=6
7+1=8
8 - 1=7
4. Жаңа материалды бекіту кезеңі (№2 есеп салыстыру) Үкінің үшінші тапсырмасы. Ақ парақтарға венн диаграммасын жасау арқылы есепті шығару беріледі.
Үкінің төртінші тапсырмасы сендерден орман туралы ән есту екен. Біз де үкінің тапсырмаларын орындаймыз деп шаршаппыз, кішкене сергіп алайық.

Сергіту сәті: Мыстан кемпір.
Қалың орман арасында
Теріс қарап, үйшік тұр.
Сол үйшіктің ортасында
Мыстан кемпір билеп жүр.

Қыран құстың мұрыны бар,
Көзі оттай жайнаған.
Жез тырнағын іске салып
Дудар шашын тараған.

Қорқып кеттік жалмауыздан,
Жүрегіміз дүрсілдеп.
Түрін сенің қандай жаман
Ағаш аяқ дүрсілдеп.

Оқымысты үкінің бесінші тапсырмасы Оқулықтағы №4тапсырма. Өздік жұмыс ретінде орындалады. Үкінің алтыншы тапсырмасы математикалық жұмбақтар шешу.

Үйге кірді Алдияр, ----------------------Ағаштағы төрт алмұрт,
Оған қоса Мадияр.-------------------- Өскен екен тимей құрт.
Кейін келді Айдана, ------------------ Самал алып екеуін,
Қанша болды бар бала? ------------ Қалдырған екен нешеуін?
(1+1+1 =3 ) ----------------------------------- (4 - 2=2)

Шығармақ болып кеше есеп, ------------ Аулада бес үйрек,
Жиналыпты бес есек. ----------------------- Қорада үш үйрек.
Үшеуі ұйықтап отырды, -------------------- Бір үйрек тығылды,
Ынталысы неше есек? ---------------------- Бір үйрек жығылды,
(5 - 3=2 ) ----------------------------------------- Қалғаны неше үйрек?
--------------------------------------------------------(5+3 - 1 - 1=6)
Көлден ұшты жеті қаз, ---------------------- Екі аяқ пен екі қол,
Қайтып қонды екі қаз. ---------------------- Бір ауыз бен бір тілің,
Қонбады оның нешеуі, --------------------- Нешеу болды кәне, бол,
Қане, кім тез шешеді? ---------------------- Санап шығар кім бұрын?
(7 - 2=5) ---------------------------------------------------------(2+2+1+1=6)

5 Сабақты қорытындылау кезеңі.
Үкінің соңғы тапсырмасы 8 санының құрамын толтыру. Үш топқа шырша суреттері салынған ақ парақтар таратылады. 8 санының құрамын жазады. Бір оқушы қорғайды.

1 - Топ 2 - Топ 3 - Топ

4 - флипчарта үкі шығып оқушыларға рахмет айтады.
Үйге тапсырма беріліп, сабаққа қатысып отырған оқушылар бағаланады.
15 119
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
4 санымен таныстыру
4 санымен таныстыру
4 санымен таныстыру. Құрамын анықтау арқылы 4 санының қатарын ретімен санауға жаттықтыру. Логикалық ойын есептер шығару арқылы баланың 4 саны көлемінде білім - біліктілігін арттыру үшін дамытып оқыту және тізбек әдісін қолданудың тиімділігін білу.
9 санының құрамы
9 санының құрамы
Оқушыларға 9 саны мен құрамы туралы түсінік беру, 9 санын жазуға басқа сандармен салыстыруға, құрамындағы сандарды білуге үйрету.
3 санының құрамы. 4 санының құрамы
3 санының құрамы. 4 санының құрамы
Салыстыру арқылы сандардың тең емес екендігін талдай алу
8 санының құрамы
8 санының құрамы
Сабақтың тақырыбы: 8 санының құрамы
7 санын қосу және азайту
7 санын қосу және азайту
Атырау облысы Индер ауданы М. Мөңкеұлы атындағы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Мырзахметова Қарлығаш
9 санының құрамы
9 санының құрамы
Сабақтың тақырыбы: 9 санының құрамы. Сабақтың мақсаты: 1. 9 санының құрамын білуге үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×