Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


5 санын қосу және азайту

08 наурыз 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
2 сынып (ашық сабақ)
Сабақтың тақырыбы: 5 санын қосу және азайту (презентация түрінде)
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: Белсенділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың мақсаты:
1 Оқушыларға 5 - ті қосу және азайту тәсілдерін үйрету.
2 Тапсырмаларды өз бетінше орындауға дағдыландыру.
3 Жүйелі ойлау қабілетін дамыту.
Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар: интерактивті тақта, электрондық оқулық, слайд.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, өзіндік талдау, іздену.

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру. (1 слайд)
II. Үй тапсырмасын тексеру. Дидактикалық ойын: «Жауапты анықта».

1) Жапырақтар арасындағы сандар арқылы қосынды мен айырманың мәнін табу.(2 слайд)
2) Алмұрттарды жинау. 4 санының құрамын табу.(3 слайд)
3) Ойлан тап: Алмадағы өрнектерді аңдарға бөліп берейік.(4слайд)
4) Үйлердің есігін ашуға көмектес: (5 слайд)
Кілттегі өрнектерден нені байқадыңдар?
Ендеше, бүгінгі сабағымыз 5 санымен байланысты. 5 қандай сан? натурал, тақ, біртаңбалы, қасиетті. 5 саны мынадай сөз тіркестерінде кездеседі, соған қауымдастық құрайық. (6, 7 слайд)

Дәптермен жұмыс. Көркем жазу.
5 - ті қосу кестесін 1 оқушы айтады.(8 слайд)
Бүгін 6, 7, 8, 9 сандарына 5 санын қосу мен азайтудың ерекшеліктерімен танысамыз. (9, 10 слайд)
4 оқушы түсіндіреді. Дәптерге жазылады. (11, 12 слайд)
Тақтада көрсетіледі, оқушы түсіндіреді.
№3. Математикалық диктант. Өрнектің мәнін табу: 12, 7, 13, 8, 14, 9.
№4. Бұл есепте 2 сұрақ. Белгіге назар аудару.(13 слайд)
Әңгімелер – 6 күн
Жыр -? – 5 күн ұзақ
Шешуі: 6 + (6 + 5) = 6 + 11 = 17
Жауабы: 17 күн
№5. Қыз – 24
Ұл -? 4 - еуі кем
Шешуі: 24 + (24 – 4) = 24 + 20 = 44
Жауабы: 44.
(14, 15 слайд)
Өте жақсы балалар. Бүгінгі сабаққа белсенді қатыстыңдар. Рахмет!

Бағалау.
Үйге тапсырма: 78 бет №6
Қорытынды:
Біз бүгін немен таныстық?
5 санын қосу және азайтудың тиімді тәсілдерімен.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 070
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 санын қосу және азайту
1 санын қосу және азайту
Оқушылардың ауызша жылдам, дұрыс есептеуге, өздігінен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, терең ойлау қабілетін дамыту.
Екі санын қосу және азайту
Екі санын қосу және азайту
2 санын бөлшектеп қосу және азайту тәсілін қолдану, 2 санын бөлшектеп қосып және азайтуды біледі, ондықтан аттап 2 санын қосу және азайту тәсілдерін біледі.
8 санын қосу және азайту
8 санын қосу және азайту
Атырау қаласы, №10 С. Мұқанов атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Кубанова Гүлмира
5 санын қосу және азайту
5 санын қосу және азайту
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы №6 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Еришова Асемгуль Сарсенғалиқызы
2 санын қосу және азайту
2 санын қосу және азайту
Ақтөбе қаласы, № 53 орта мектебінің бастауыш калсс мұғалімі Сембі Кенжегүл Бақытқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×