Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әліппемен қоштасу

11 наурыз 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әліппемен қоштасу.
Мақсаты: Оқушыларға білім баспалдағының негізі сатысы әліппе кезеңімен қоштасу. Болашаққа, білім алуға талпыныстарын дамыту. Әсемділікке, бейімділікке, көпшілік алдында өзін ұстай білуге тәрбиелеу.
Сабаққа керекті көрнекіліктер. Ертеңгілік өтетін залды безендіруге қажетті заттар/шар, лента, қанатты сөздер т. б./ Ертегі кейіпкерлерінің киімдерін даярлау.
Музыка аспаптары, бейне таспа.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
Музыка әуенімен залға оқушылар кіреді.
Мұғалім:- Балалар, бүгін біз үшін ерекше күн. Сендер бүгін білім көзін ашып, әріппен, буынмен таныстырған Әліппемен қоштасқалы отырсыңдар. Кеше ғана «Әліппені» қолға алған сияқты едіңдер, міне бүгін барлық әріпті үйреніп болдыңдар. Мереке мерекеге ұлассын дегендей, жақында ғана «Тәуелсіздік мерекесін» тойладық. Елімізге тәуелсіздік оңай келген жоқ. Ол үшін аталарымыз маңдай терін төкті, сендер сияқты бүлдіршіндер бақытты болсын, білім алсын деді.

1 - оқушы: Ассалаумағалейкум, халқым менің
Ардақта дәстүріңді, салтыңды елім.
Мереке басы болсын берекенің
Игі еңбектің жемісін бәрің жегің.

2 - оқушы: Далада думан, қалада думан, жыр бүгін,
Ғасыр бойы аңсай күткен бұл күнім.
Жасай бер, жаса асқардан аса әрқашан.
Бұлт төнбесін төбемізге ешқашан.
Ән «Бақыттымыз бәріміз».

1-жүргізуші: Армысыздар, балалар.
Әріп деген не? Десең
Ол дыбыстың таңбасы
Сөз құрасаң егер сен,
Болар білім қамбасы.

2 - жүргізуші:- Әріпті неден үйренеді?
- Әліппеден.
1 - жүргізуші: - Әліппе қайда? Балалар, сенде тіпті әдемі болып алыпсыңдар ғой.
Орталарыңда Әліппе жоқ. Қане, әліппені шақырайық!
- Әліппе!!!
Өкіріп - бақырып аю келеді.
- Балалар, сендердің айғайларыңнан оянып кеттім. Не болды деп далаға атып шықсам үскірік аяз тұр. Содан аязға ұсталып қалдым. Аяздан зорға қашып құтылдым ғой! Оның қолында «Әліппе» бар екен, бірақ оны қатырып тастапты. Жалындым, бермеді. Балалар менің айтқанымды істесе ғана босатамын -,деді. Енді қайттік? Өзі маған мына хатты берді, ішінде не барын білмеймін. Мен хат танымаймын ғой, сендер танисыңдар ма, балалар?
Балалар:- Танимыз, әкеліңіз оқиық. «Өлең жолдарын оқы.»

1 - оқушы: Өзгеріп жатыр бүгін қала қырым.
Құп алып елімнің даналығын.
Бет алып болашаққа бара жатыр,
Аяулы жеті жасар балалығым.
2 - оқушы: Міне бүгін, бұрынғыдан саналымын,
Қоңырау болып күмбірлейді жаңа күнім.
Дәптердің жазылмаған ақ парағы,
Аяулы жеті жасар балалығым.
Залға музыка ойнап, түлкі келеді. – Не болып жатыр? ХА - ХА. Менің де сендерге көмектескім келіп тұр. Бірақ оқи алмаймын. Әйтсе де, қулығым көмектесер.
1 - жүргізуші: хатты ашып, бір балаға тапсырманы оқытады.
- Жұмбақ шешіңдер.
2 - жүргізуші. Кәне, келе қойыңдар,
Мұнда ғажап ойын бар
Жұмбақ шешіп көр мұнда
Қоймай жеңіп алыңдар.
Жұмбақ:
Қалтаңда жүреді
Шыртылдап кетеді.
Тетігін бассаң сен
Сөйлеп ап кетеді? /ұялы телефон/
Музыка ойнайды. Қызыл телпек келеді.
- Балалар мен сендерге көмекке келдім. Өзім әжеме бәліш апара жатыр едім... Шуды естіп бұрылсам, бүлдіршіндер екен ғой. Әліппені босатуға менің де көмегім тисін, ән айтып берейін.
«Бізде де бар қуыршақ» әнін орындайды да шығып кетеді.
3 - оқушы: Әке, ана атын сен,
Бізге үйреттің әліппе.
Бізге нағыз жақын сен
Сен үйреттің әріпті.
4 - оқушы. Ыстық әрбір беттерің,
Жазуыңды ұғамын.
Ақыл бердің, әліппе
Ақылды сен мұғалім.
Музыка ойнап, залға қасқыр келеді.
- Сендер маған Қызыл телпекті бермесеңдер, бәріңді де жеп қоямын. Ыр - ыр.
1- оқушы:- Ой, Қасеке, ашуыңды бас, бізде той болайын деп жатыр, қарыныңды тойдырып береміз. Сен оданда бізге көмектес. Әліппені қатал Аяз ұстап отыр. Босатуға болыс, иә.
Қасқыр: - Жарайды, көндірдіңдер. Бірақ тапсырманы орындаңдар.
Оқушы:- Не тапсырма?
Қасқыр:- Қазақ тілінде неше дыбыс бар? Түрлерін атаңдар?

Балалар жауап береді.
Музыка ойнап, ортаға «Ана тілі» кіреді.
Ана тілі:- Армысыңдар, бармысыңдар, балалар!
Мен сендердің сүйіп оқитын пәндерің «Ана тілі» боламын.
1- оқушы: Ақыл ойын дананың
Ана тілден аламын.
Ана тілі ардақты
Ақ сүтіндей баланың.
2 - оқушы: Өсірген ой білімді
Сүйем туған тілімді
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді.
Ән: «Мектебім».
Залға музыка ырғағымен Сиқыршы келеді.
Сиқыршы:- Балалар мен сендерге көмектесу үшін, сиқыр таяғымды алып келдім. Айтыңдаршы, жақын арада бәріміз асыға күтетін қандай мереке бар?
Балалар: - Жаңа жыл.
Сиқыршы:- Дұрыс. Барлық жерде жаңа жыл шамдары жанып тұр. Ал, сендерде әлі жанбаған. Қанекей, би билеп, өлең оқып, ән айтсақ ортамыз толады. Қатал аяз да жібіп, «Әліппемізді» босатып аламыз.
Қыздар тобының орындауында «Қазақ биі».
Ана тілі мен Сиқыршы барып мереке отын жағады. Айнала жап - жарық болып, «Сүйікті Әліппе» ортаға кіреді. Балалар қуанып қарсы алады.
Мереке жалғасын тауып ән айтылады.
4 871
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Таныстырған 42 әріппен Қош бол, менің қасиетті Әліппем!
Таныстырған 42 әріппен Қош бол, менің қасиетті Әліппем!
Әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс - әрекеттері арқылы қабілеттерін көрсету, шығармашылығын дамыту. Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ата - ана, Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу.
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу
Бастауыш сынып мұғалімі Калиева Гулнара
Әліппе, саған мың алғыс!
Әліппе, саған мың алғыс!
Бастауыш сынып мұғалімі Жанпеисова Фарида
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу
Ақтөбе қаласы, №1 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Бекбергенова Сара Алимжановна
Әліппемен қоштасу (қазақша сценарий)
Әліппемен қоштасу (қазақша сценарий)
Әліппемен қоштасу сценарийі Қатысушылар: - «Күн» және «Бұлт» елінің тұрғындары (сары, көк түске киінеді) - Оқымыстылар - Әліппе - Ана тілі Қажетті құрал - жабдықтар: үйшік, орман, қанатты сөздер, Елбасының, Олимпиада жеңімпаздарының портреттері.
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу. Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата — аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу 1) Так, так, так Бәрін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×