Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сан есім

15 наурыз 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаттары:
а) білімділік: Оқушыларға сан есімді өз бетінше жұмыс істеу арқылы меңгерту, білімдерін толықтыру.
ә) тәрбиелік: Бірін - бірі тыңдай білуге, өзара ынтымақтастыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа технологияны пайдалана отырып білім сапасын арттыру;

Түрі: Жаңа сабақ
Типі: Жаңа білімді меңгерту.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: Математика, ана тілі.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, сөзжұмбақ, жетон.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Бас иеміз сіздерге
Құрметпенен біз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Сөздер мағынасына қарай қандай сөз таптарына бөлінеді?
2. Сын есім дегеніміз не? Қандай сұраққа жауап береді?
3. Зат есім дегеніміз не? Қандай сұраққа жауап береді?

1. Жылдың неше мезгілі бар?
2. Көктемгі ауа - райында қандай өзгерістер болады?
Көктем мерекесін ата?
Септіктерді ата?

ІІІ. Жаңа сабақ.
«Сан есім» (Абай) Сөзжұмбақ шешу.
1. Ұлттық ойын
2. Ардақты есім
3. Қасиетті тағам
4. Ыдыс
5. Сан
6. Тышқанның үйі
7. Жеміс түрі

Қандай сөз тіркесі шықты? Енді балалар, бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз. «Сан есім»
Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін еске түсірейік.
Сандар кездеседі ме?
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол
Бес асыл іс; талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рахым, ойлап қой.
Бес дұшпан; өтірік, өсек, мақтаншақ,
Еріншек, бекер, мал шашпақ.

Заттың саның, ретін білдіретін сөзді «Сан есім» дейміз.
Сан есімге неше? нешінші? қанша? Деген сұрақ қойылады.

ІV. Оқулықпен жұмыс.
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық.
3 - жаттығу. Берілген сан есімдерді қатыстырып сөйлем құра.
Біреу, бес, жетінші.
4 - жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз, сан есімдердің астын сыз.
Стансы ауылдан жиырма шақырым жерде. Пойыз сағат бесте жүреді. Әділ станцияға екінші автобуспен келді. Ол - үшінші курс студенті. Жазғы демалыстан соң оқуға бара жатыр.

V. «1001 мақал, 101 жұмбақ» ойыны арқылы мақал жалғастыру.
1. «Ер бір рет өледі
Қорқақ мың рет өледі.
2. Қырық кісі бір жақ.
Қыңыр кісі бір жақ.
3. Ағайын - алтау,
Ана - біреу.
4. Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.

5. Бір кісі қазған құдықтан
Мың кісі су ішеді.
6. Еріншек ісі - екі

2. Елу тісті, екі қолды (ара)
Жүз төрт түйме
Он бір ине ( есепшот )
Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта,
Теңселіп тербеледі адам соқса
Шешен тіл, сөзге жүйрік болғанымен
Не пайда, үндемейді адам жоқта. (домбыра)

VІ. Сергіту сәті.
Жалғыз саусақ тіпті де
Ұстай алмас жіпті де
Екі саусақ бірікті
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды.
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ
Қала салсақ жол салсақ.

5 - жаттығу.
Өзгертпе сөзді (анограмманы) шеш
Бірінші менің бөлігім -
Шұңқырмын екі - ақ әріппін
Екінші менің бөлігім -
Бір түсті жұртқа таныспым.
Екеуін қоссақ жөнімен,
Орасың шөпті онымен. (орақ)

VІІ. Қорытынды: Тест жұмысы.
VІІІ. Үйге тапсырма:
Сан есімге қатысты жұмбақ, мақал жаттау.
ІХ. Бағалау. Мақтау және мадақтау.
6 552
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің мағыналық түрлері
Сан есімді бекіту
Сан есімді бекіту
№16 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аубакирова А. М.
Сан есім
Сан есім
Атырау қаласындағы №10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Айтпанова Зина Тлегеновна
Бастауыш сынып сабақ топтамасы
Бастауыш сынып сабақ топтамасы
Бастауыш сынып мұғалімі Сақтағанова Перуза Қуатбаевна
381 - 384 жаттығу жұмыстары
381 - 384 жаттығу жұмыстары
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жанкелдин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Еңсегенова Бақтыгүл
Сан есім
Сан есім
Сапарова Қаламқас Қадірқызы Бастауыш сынып мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×