Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Я дыбысы мен әрпі, «Сұр қоян»

27 наурыз 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Я дыбысы мен әрпі, «Сұр қоян».

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Я дыбысы бар сөздерді оқи, жаза білуге дағдыландыру. «Сұр қоян» өлеңін мәнерлеп оқи білуге, мазмұнын түсіндіруге үйрету.

Тәрбиелілігі: Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Әсемдікті сезіне білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Ойын арқылы жаңа әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану.
Сабақтың пәнаралық байланысы: Ән, дүниетану.
Сабақтың әдісі: Аралас сабақ - топтық, жеке жұмыстар /ойын түрінде/.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы.

Сабақтың көрнекілігі:
1. Сөзжұмбақ шешу.
2. Үнтаспа, теледидар.
3. Кесте: Я - дыбысы мен әрпі бар сөздер. «Сұр қоян».
4. Қималар.
5. Сахналау.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру сәті.
Кірісейік сабаққа,
Кірісейік оқуға.
Оқудан «5» алайық,
Үйге қуанып барайық,
Балалар, қазір бізде қай сабақ еді?

Әліппе
Менің атым Әліппе
Мені анаңдай дәріпте
Мені оқып ержеткен
Бауыржан да, Мәлік те

Бүгін бізде көп қонақтар келіп отыр. Қазақта: «Қонақ - ырыс әкеледі»- деген теңеу бар.
Ендеше алдымыздан тек жақсылық күтсін. Сәлемдесу /оқушылар арттарына яғни, қонақтарға қарап бас иеді. Жақсы балалар! Бүгін біз «Білім еліне - саяхатқа» шығамыз.

Бірінші аялдама: қане, кім батыл? /сұрақ - жауап әдісі/.
Дыбыс деген не? Дыбысты естиміз. Құлақпен естілетін үн/.
Әріп деген не? Әріпті көреміз, жазамыз, айтамыз/.

Екінші аялдама: Өткенді еске түсіру.
Қай дыбыстың таңбасын көріп тұрмыз? /Г/.
Г - ден басталатын сөздерді еске түсірелік: Гүл, газет. Гүлжан, Гүлім, Гүлден т. б.
Әріптердің баспа түрі қайда жазылады? /Кітапта/
Жазба түрі ше? /Дәптерде/

Үшінші аялдама: Тездет, бірақ қателеспе!
1. «Ұя» өлеңін жатқа айту.
2. «Я» дыбысы бар қандай сөздер білеміз. Тақтаға жазғызу: шаян, қияр, тақия, таяқ т. б.
Жақсы, балалар! Бұл тапсырманы да орындадыңдар.

Төртінші аялдама: «Кім жылдам?» тапсырмасы. Сөзжұмбақ шешу.
Қолы жоқ - сурет салады,
Тісі жоқ - тістеп алады. /аяз/

Жесең ащы,
Көзіңнен шығарар жасты. /пияз/.

Есек құлақты,
Ешкі құрықты.

Мысық аяқты, көрдім жүйрікті. /қоян/

Тал басында
Тамаша үй. /ұя/

Балалар, осы сөзжұмбақ ішінде бір аңның аты бар. Сол аң бізге қонаққа келе жатыр, ол қандай аң?- қоян.

Ассоциация әдісі: ҚОЯН
Буынға бөлгізу: Қо - ян

Дауысты, дауыссыз ажырату:
Неше дауысты дыбыс бар /2/: қандай? /о, я/ неше дауыссыз дыбыс бар /2/, қандай /қ, н/; кеспе әріптерді пайдаланып оқушыға қоян сөзін жаздырту. 1 оқушы тақтаға жазады. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу /сурет арқылы/.

Бесінші аялдама: оқулықпен жұмыс. Мұғалім «Сұр қоян» өлеңін мәнерлеп оқып береді. Қарамен жазылған /қиын/ сөздерді түсіндіру. Қандай қоян?- /ұзын құлағы бар сұр қоян/ не істеді? /қоян сыбдырды естіп қалды да, ытқып2 жүгіре жөнелді/. Бір кезде артына көзінің қиығын салып қарасы томпаңдап келе жатқан өзінің көжегі екен. Кісі аттары, Жер - су аттары қандай әріптен басталып жазылады, білеміз бе?- /бас әріптен/.

Алтыншы аялдама: Сергіту сәті: 1 оқушы мәнерлеп оқиды, 2 оқушы қимылмен көрсетеді /маска киіп, сұр қоян өлеңін/.
Ауылдағы қоянның,
Сәбіздерді көп екен.
Теріп, теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

Жетінші аялдама:
Дәптермен жұмыс. Жай дәптерге Яя Аян, баян, Әсия, Әлия, Ғалия, Данияр т. б.
Баянауыл, Аягөз, Сырдария, Амурдария т. б. /оқушылар кезектесіп тақтаға да орындайды/.

Қортындылау: Балалар бүгінгі сабақта не өттік? Не ұнады?

Оқушыларды мадақтау:
Бүгін сабаққа жақсы қатыстыңдар, рахмет. Енді сендерге бүгін сабағымызда өткен «Сұр қоянның» кішкене сыйлығы бар екен. Балалар, кім өзін «5»- ке бағалайды, қол көтерсін.
Кім «4»- ке жауап бердім деп есептейді. Қол көтерейік.
37 754
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
П дыбысы мен әрпі
П дыбысы мен әрпі
П п дыбысы мен әрпін таныстыру. П дыбысы дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру
Ю дыбысы мен әрпі
Ю дыбысы мен әрпі
Екі әріптің қосарлануынан айтылатын дыбыстар мен әріптер: Я -(й+а) Ю -(й+у)
Я дыбысы мен әрпі
Я дыбысы мен әрпі
Ақ қоян – ау, ақ қоян. Үркек қоян, сақ қоян, Дыбыс шықса қашасың Таудан бір – ақ асасың
Ф дыбысы мен әрпі
Ф дыбысы мен әрпі
Ф дыбысы мен әрпі жайында түсініктерін арттыру, Ф дыбысы бар сөздерді дұрыс оқуға баулу.
Х дыбысы мен әрпі (слайд)
Х дыбысы мен әрпі (слайд)
Сабақтың тақырыбы: Хх дыбысы мен әрпі (слайд)
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Исмаилова Ляззат Нуржанқызы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×