Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Баубек Бұлқышев «Ана»

12 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақ тақырыбы: Баубек Бұлқышев: «Ана»

Мақсаты: 1. Оқушыларға Баубек Бұлқышев туралы жалпы мағлұмат беру. Ана мәтінінің мазмұнын ашу. Мәтінді мәнерлеп, ырғақпен оқытуға жаттықтыру.
2. Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, сөздік қорын молайту.
3. Ананы құрметтеуге, оған деген махаббаттың тіл жеткісіз болуына тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Кірістірілген сабақ
Әдіс - тәсілдер: Баяндау, сұрақ - жауап алу, тіл дамыту, қайталау
Сабақ көрнекілігі: Б. Бұлқышев суреті, Ғажайып алаң кестесі
Пән аралық байланыс: Ән, қазақ тілі
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру
Оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау
1. Әңгіме кімнің атынан баяндалған?
2. Оралхан Бөкей деген кім?
2. Жазушының ілтипатпен, ыстық ықыласпен еске алып отырғаны кім?
3. Жазушы қонаққа барған кезде, отынға барған сәтіне байланысты апасы туралы не дейді?
4. Астау және келі деген не?
5. Әңгімедегі әженің өнерлі екенін неден аңғардың?
Үй тапсырмасын бекіту:
Сонымен балалар қазақ халқында «Өз балаң өскенше, немерең өле - өлгенше» деген нақыл сөз бар. Олай болса, бүгінгі әңгімеміздегі немересінің әжесіне деген сезімі, бала жүрегінен шыққан сағынышы суреттелген.
Қандай?

Жаңа сабақ
Жұмбақ шешу және ребус шешу
«Бала, бала, бала!» деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған –
Бұл кім? Ана!
- Ана – бәріміздің ақылшымыз, қамқоршымыз екен.
Дәптерімізді ашып күннің жадын, сабақтың тақырыбын жазу.
Ребус шешу

Ребус шешуі: Баубек Бұлқышев «Ана»
- Ана деген қасиетті сөз екендігіне келісесіңдер ме? Бәрімізге жарық дүниені сыйлаған – Ана. Бала – ананың бауыр еті дейді. Ана баласы үшін отқа да күйеді, суға да түседі, өмірдің суығына тоңып, ыстығына төзеді. «Қарға баласын аппағым, кірпі баласын жұмсағым дер» дегендей анаға өз баласынан артық ешкім жоқ. Тіпті жан - жануар да баласына мейіріммен қарайды. Қарапайым еңбек адамдары анасына қолынан келгенше сый - құрмет көрсетсе, ақын оған арнап өлең жазады. Жазушы әңгіме жазады, ал сазгер ән - күй шығарады. Яғни, барлық адамзат баласы өзінің боршын өтеуге тырысады.
Автор өміріне шолу.
Шығарманың авторы Баубек Бұлқышев (1916 - 1944) небәрі 28 жасында Ұлы Отан соғысында қайтыс болған. Ол қазіргі Қарағанды облысы, Жезді ауданында дүниеге келген. «Балалық шақ», «Елімізде қанды жорықтар» т. б. туындылары бар.
• 1916ж Қарағанды облысы, Жезді ауданында дүниеге келген.
• 1932ж Қарсақпай заводындағы фабрика - завод училищесіне келіп оқуға түседі.
• 1933 - 1934 ж “Ұлытау” совхозында түрлі шағын қызметте болады.
• 1935ж оқу іздеп Алматыға келеді.
• 1938ж техникумының 2-ші курсын бітіреді.
• 1940ж армияға алынып Москва кетіп, училищеде оқиды.
• 1938 - 1940 жылдар жазушының кең өрісіне іргетас болып қаланды. Жазушылыққа мол негіз салды.
1944ж тәуелсіздігі жолындағы күресте 28 жасында қаза болған.
Әңгіменің авторы туралы кім не біледі?
Жаңа сабақты бекіту:

Оқушы ойын білу
Дәптермен жұмыс
Жасырылған сөздерді табу.
М Ж Ы Г Ж Ұ М С А Қ
А А Н Е Е Д Е К Л А
С Қ Р Н Б А Л Е О Р
Р Ы А К І У О Н Р Л
Д Н Ж А Н С Н Г П А
Ы Ж Р Ш Д Ы К У Ж Ш
С Э Т А Й Н А Л Ы П
Т Т О Л Ғ А Н Ғ А Н
Ы У И Б К З У Е Э С
Қ А Л А Қ А Н Ы Б М

«Ғажайып сәт» ойыны
1. Бұл шығарма біз өткен шығармалардың қайсысына ұқсастығы бар?
2. Әр баланың анаға деген махаббаты қай кезден басталады деп ойлайсың?
3. Сенің анаң не деп немесе қалай еркелетеді?
4. Ана туралы бір шумақ өлең оқып бер
5. Аналар мерекесі қай кез? Анаңа не сыйлайсың?
6. Сенің анаңның туған күні қашан?
7.... атқа шапса,... үйде отырып тақымын қысады
8. Сен анаңның құшағынан нені сезінесің?
9. Анаңды Меккеге 3 рет арқалап апарсаң да ақ сүтін ақтай алмайсың дейді? Неге?

Сергіту сәті
Жаңылтпаш айтып, бір - біріне қайталату.
1. Шеше, шеше
Неше кесе Сынды кеше?
2. Шөжем деп шешесі бәйек
Шешем деп шөжесі бәйек.
Шешесі шөжем жесін дейді
Шөжесі шешем жесін дейді
1 - топ. Шығармашылық тапсырма
___________________ данасың,
___________________ панасың.
___________________ баласын,
___________________ анашым.
2 - топ. «Бес жолды» өлең құрастыру
Кім?...................
Қандай?..............................
Не істеді?...........................................
Не үшін?...........................................
Ой түйіндеу. Ана - асыл адам.
3 - топ. «Ана» туралы өлең айтып беру.
Топтарды жарыстыру.
Жаңылтпаш айтып, бір - біріне қайталату.
Жаңа сабақты қорыту
Апамның астауы Ана

Апамның астауы Ана немересінің әжесіне деген Ананың баласына деген сағынышы суреттеледі. Сүйіспеншілігі, махаббаты суреттеледі.
Тақырыбы ана, негізгі ойы анаға деген махаббат
Бағалау. Бес жұлдыз – 5
Төртбұрыш – 4
Үшбұрыш – 3.
Оқушыларға таратып беріледі. Оқушы өзінің қанша баға алғанын біледі.
Үй тапсырмасы:
1. Мәтінді түсініп оқу және жаттау.
І топ. «Ана» тақырыбына сурет салу.
ІІ топ. «Ана» тақырыбына байланысты мақал - мәтел жазып, жаттау.
ІІІ топ. «Ана» сөзіне ребус құрау
16 947
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Б. Бұлқышев «Ана»
Б. Бұлқышев «Ана»
Сабақтың мақсаты: Мәтін мазмұнын таныстыра отырып, ананың балаға деген махаббатының шексіздігін, оның адам өміріндегі орны ерекше екендігін түсіндіру, мәтінді дұрыс түсініп, оқи білуге, өз ойларын ортаға салып, айта білуге үйрету.
Баубек Бұлқышев «Ана»
Баубек Бұлқышев «Ана»
Оқушыларға ананың балаға деген махаббатының шексіздігін, ана деген есімнің ұлылығын, ананың адам өміріндегі орнының ерекше екендігін түсіндіру.
Баубек Бұлқышев «Ана»
Баубек Бұлқышев «Ана»
Ананы жақсы көріп сыйлауға, құрметтеп аялауға тәрбиелеу. Ата - ананы, үлкенді сыйлауға, жақсы көруге баулу.
Б. Бұлқышев «Ана»
Б. Бұлқышев «Ана»
Оқушыларға ананың балаға деген махаббатының шексіздігін, ана деген есімнің ұлылығын, ананың адам өміріндегі орнының ерекше екендігін түсіндіру.
Баубек Бұлқышев «Ана»
Баубек Бұлқышев «Ана»
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қуатбаева Айман Мамытовна
Баубек Бұлқышев «Ана»
Баубек Бұлқышев «Ана»
ШҚО, Семей қаласы «№ 16 ЖОББМ» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Оразаева Раушан Турсыновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×