Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1000 көлеміндегі ауызша есептеу тәсілдері

18 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: 1000 көлеміндегі ауызша есептеу тәсілдері
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың 1000 көлеміндегі ауызша есептер шығару іскерліктерін қалыптастыру
Білімділік: Оқушылардың 1000 көлемінде берілген есептер туралы білімдерін кеңейту, ауызша есептеу тәсілдері туралы мағлұмат беру
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, ақыл - ой белсенділігін арттыруға тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін зейінін дамыту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік
Көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
IV. Қорытындылау
V. Үйге тапсырма беру
VI. Бағалау
І. Ұйымдастыру бөлімі
( Оқушылардың сабаққа дайындығын, құрал - жабдықтарын тексеру)
Психологиялық дайындық
Оқу, білім - жанған шырақ, ойласаң,
Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң,
Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал.
Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.
М: Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Сіздерге сәттілік тілеймін
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
М: Үйге қандай есеп берілді?
О:№ 6 есеп
М: Кім оқиды?
О:
ІІІ. Жаңа сабақ
М: Балалар сендер 3 топқа бөлініп отырсыздар. Әр топ өздерін таныстырып шығыңдар.
І топ «Білгірлер» тобы
ІІ топ «Алғырлар» тобы
ІІІ топ «Жүйріктер» тобы
М: Жарайсыңдар, балалар сендердің топ басшыларыңа бағалау белгілерін беремін. Мұндағы дөңгелек «5» деген баға, шаршы «4» деген баға, үшбұрыш «3» деген баға. Топ басшылары топтарыңыздағы оқушыларды бағалап отырасыздар.
- Балалар бүгін біздер 1000 көлеміндегі ауызша есептеу тәсілдеріне байланысты есептер шығарамыз.
1 - тапсырма. Математикалық диктант
1. 1метрде неше сантиметр бар?
2. 58 бен 2 сандарының қосындысы нешеге тең?
3. 12 мен 50 сандарының қосындысына 8 - ді қос
4. 1 минутта неше секунд бар?
5. 5 жүзд. 6онд. 5. Бірл қандай сан?
6. 6 алманы 2 тәрелкеге тең бөліп сал. Әр тәрелкеге неше алмадан салынады?
2 - тапсырма.
3 – топқа сандар беріледі. Олар разрядтық қосылғыштарға жіктеп жазады Білгірлер тобы: 368, 386, 638, 863, 638
Алғырлар тобы: 507, 570, 750, 289, 298
Жүйріктер тобы: 279, 278, 423, 324, 432
3 - тапсырма. Есептеуді түсіндір
70+14=84
80 - 52=28
58+2=60
370+14=384
7 80 - 52=728
580+20=610
35+23=58
750 - 21=729
39+2=41
350+230=580
750 - 210=540
390+20=410
60+23=83
50 - 21=29
390+200=590
560 + 23 =583
750 - 21=729
390+220=610
560 +230=790
750 - 210=540
390+200=590

4 - тапсырма
А) 12 ашық хатты әр хатқалтаға 2 - ден салу керек. Неше хатқалта керек?
Жауабы: 6 хатқалта
Ә) 12 ашық хатты 2 хатқалтаға тең бөліп салу керек. Әр хатқалтада неше ашық хат бар?
Жауабы: 6 ашық хаттан
5 - тапсырма. Есепті шығар
«Білгірлер» тобы
А) Дүкенде 500 кг пияз болды. Пияздың біраз бөлігі сатылғаннан кейін, онда 140кг қалды. Неше килограмм пияз сатылды?
«Алғырлар» тобы
Ә) Асханаға 17кг сәбіз, одан 49кг артық картоп әкелінді. Асханаға барлығы неше килограмм көкөніс әкелінді?
«Жүйріктер» тобы
Б) Анасында 200 теңге болды. Ол 100 теңгеге сүт және 45 теңгеге нан сатып алды. Анасында неше теңге қалды?
6 - тапсырма. 3 топқа теңдеу беріледі
652 - х=14+38
a - 130=420+200
700+x=1000 - 100

IV. Қорытындылау
«Құпия ұяшық» ойыны арқылы қорытындыланады.
V. Үйге тапсырма беру
М: №7 есеп (нұсқау беріледі
VI. Бағалау
М: Әр топ басшылары топтарындағы оқушыларды бағалайды
20 679
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар, Математика 3 - сынып
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар, Математика 3 - сынып
Математика пәні бойынша күнтізбелік - тақырыптық жоспар. Математика, 3 - сынып.
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау, білімдерін бекіту. Ауызша көбейту және бөлу дағдысын қалыптастыру, өз бетінше есептей білуге машықтандыру; Ұқыптылыққа, шапшаң есептей білуге тәрбиелеу;
1000 көлеміндегі сандарды ауызша есептеу тәсілдері
1000 көлеміндегі сандарды ауызша есептеу тәсілдері
Бастауыш сынып мұғалімі Ермагамбетова Гульжанат Уразбаевна
Жылдамдық. Уақыт. Қашықтық
Жылдамдық. Уақыт. Қашықтық
БҚО, Ақжайық ауданы, Шабдаржап ауылы Харькин орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, әлеуметтік педагогы Мурзалиева Акмарал Муратовна
Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері
Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері
Атырау қаласы, Жаңаталап селосы,Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Измұханова Салтанат
Бастауыш сынып күнделікті сабақ жоспары
Бастауыш сынып күнделікті сабақ жоспары
Кайдакова Жанат Бекболатовна Математика Сабақтың тақырыбы: Пысықтау Дүниетану Сабақтың тақырыы: Ұлу Әдебиеттік оқу Сабақтың тақырыбы: Қ. Баянбай «Жақсы мен жаман»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×