Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білімділер бәйгесі (интелектуалдық сайыс)

24 наурыз 2020, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
«Білімділер бәйгесі» интелектуалдық сайысы. (прзентациясымен)

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға интеллектуалдық сайысын түсіндіріп топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа адамның жұмысын бағалауға
үйрету; қатысушылардың шеберліктерін, ой — өрісін, қызығушылығын дамыту, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабағы
Сабақтың көрнекілігі: АТК, жетондар

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі
Құрметті ұстаздар, оқушылар. « Білімділер бәйгесі» сайысына қош келдіңіздер. Ойынымызға екі топ қатысады. Ойынымыз 6 кезеңнен тұрады. Әр кезеңнен кейін жетондар таратылады.

І. Кезең Таныстыру ( әр топ топтың атын, ұранын таныстырады ).
1 топ « Тапқырлар» тобы
2 топ « Ойшылдар» тобы

ІІ кезең « Кім тапқыр?» ( әр топ әріп таңдайды, қойылған сұрақтарға сол
әріптен басталатын сөздермен жауап береді. )

1 топ
• Досың кім?
• Ертегі оқисың ба?
• Анаңның аты кім?
• Қай көшеде тұрасын?
• Қай пәнді жақсы көресің?
• Жасың нешеде?
• Кемірқосақты қашан көруге болады?
• Шашыңның түсі қандай?

2 топ
• Нені жақсы көресің?
• Кімге сәлем жолдайсың?
• Әкеңнің аты кім?
• Қай қалада тұрасың?
• Қандай киімді жақсы көресің?
• Сенің есімің кім?
• Бүгін сенде неше сабақ?
• Үй жұмысын орындауға кім көмектеседі?

ІІІ кезең « Ойлан тап» ( әр топ ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап
береді ).
• « Кел, балалар, оқылық!» кімнің өлеңі.
• Тірі табиғатқа не жатады?
• Ұзындық өлшем бірліктері?
• Сөз таптарын ата?
• Көкжиектің неше тұсы бар? (төрт)
• Мәтін түрлерін ата?
• Түбір дегеніміз не?
• «Табиғат» деген не?

ІV кезең « Сөзтапқыш» ( Жануарлар сөзінен жаңа сөздер жасау )

V кезең « Топбасшылар сайысы» ( әр топтың басшысына сұрақ қойылады )
• Бір тауық 3 кг, 2 тауық қанша кг болады?
• 15 үйрек жем жеді, 2 - уі ұшып кетті, нешеуі қалды?

VІ кезең « Жалғасын тап» ( Мақал — мәтелдердің жалғасын табу )
• Кітап — білім бұлағы, …......
• Еңбектің наны тәтті ….....
• Әке көрген оқ жонар ….....
• Ер бір рет өледі …......

Құрметті көрермендер, әділқазылар алқасы. Бүгінгі « Білімділер бәйгесі» де өз
мәресіне жетті.
Ән. « Білімділер бәйгесі» орындайды. Хор
Болды дейміз жарасымыз жемісті,
Озып шығар кім білімді, кім күшті.
Әділқазы, алқасына жүгінсек,
Бере дейміз әділдікпен жеңісті.
деп отырып бүгінгі « Білімділер бәйгесі» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.
Сөз кезегін әділқазылар алқасына берсек. ( әділқазылар қорытындылайды ).

Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!
Қош сау, болыңыздар!

Ақтөбе қаласы, № 53 орта мектебінің
бастауыш калсс мұғалімі Сембі Кенжегүл Бақытқызы

Презентациясын жүктеу
18 328
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жас химиктер білім сайысы
Жас химиктер білім сайысы
Жалпы орта білім беретін мектептерде қазіргі кезде оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығы төмен екені белгілі. Бұл жағдайды 11 – сынып оқушыларының ұлттық бірыңғай тестіні тапсыру кезіндегі 4 – пәнді таңдауына байқауға болады.
Білім - жанып тұрған шырақ
Білім - жанып тұрған шырақ
Біз бүгін өздеріңіздің есте сақтау қабілеттеріңді байқау мақсатында. ой – өрістеріңіздің қаншалықты кеңейгендіктерін бақылай отырып, «Білім жанып тұрған шырақ» атты сайысымызды бастаймыз.
Тапқыр достар әдебиеттік оқу пәнінен сайыс сабақ
Тапқыр достар әдебиеттік оқу пәнінен сайыс сабақ
Армысыздар, ұстаздарым, ардақты, Жас бүлдіршін, білім қуған жан - жақты. - Бүгін ана тілі пәні бойынша «Тапқыр достар» атты білімділер сайысына қош келдіңіздер!
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа,
Тапқыр достар (интеллектуалдық ойын)
Тапқыр достар (интеллектуалдық ойын)
Тынышкүл Абилдаева Астана қаласы, №56 «Береке» балабақшасының тәрбиешісі
Білімділер сайысы
Білімділер сайысы
Сыныбы: 9 ә, б Пәні: биология Пән мұғалімі: Жансүгірова С.М.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×