Әліппеге мың алғыс
Мақсаты:Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу,байқату,олардың ой өрісін,тіл байлықтарын,тапқырлық,ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.
Көрнекілігі:Әріптер,гүлдер,шарлар,әліппе,ана тілі макеті.Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар оқылық !» өлеңі.Ы.Алтынсарин портреті.
Барысы:
Мұғалім:Қымбатты аталар мен ақ жаулықты аналар, ұстаздар және оқушылар! Бүгін 1-сынып оқушылары өздерінің сүйікті әліппелерімен қоштасқалы отыр.Міне бүгін біз барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі Әліппені бітіріп отырмыз.Бүгін біз шексіз қуаныштымыз. Олай болса сүйікті Әліппемізді ренжітпей рахметімізді айтып, өзімізден кейінгі кішкентай іні-сіңлілерімізге табыс ету міндетіміз.Сондықтан қазір осы уақытқа дейін алған білімдерімізді көрсетіп ән-күймен өрнектеп өнерімізді ортаға салайық.
Шашу шашу шашыңдар,
Ақ сандықты ашыңдар.
Бұл мереке бұл тойдың,
Бастаңғысын жасаңдар.
(Шашу шашылады)
Бала деген, шіркін-ай, балдай екен,
Тәттілігі жая мен жалдай екен.
Арып-ашып даладан келгеніңде,
Бал иісін таттырып алдайды екен-деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай кішкентай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне құлақ салайық !
Бекзат.Ассалаума алейкум халайық!
Әсел.Армысыздар құрметті қонақтар. Бүгін біз шексіз қуаныштымыз.Себебі алғаш сауатымызды ашқан досымыз Әліппемен қоштасамыз.
Мәдина.Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға
Қош келіпсіз ұстаздар ата-аналар
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Ниетулла.
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп ән де бүгін шырқалар.
Лаура.
Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейрім менен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Мейірбек.
Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,
Әріп сырын түсіндім мақтанамын.
Әріп сырын үйреткен әліппемде,
Түстей болып міне бүгін артта қалды.
Ән:Қуанышым қазынам.
Мұғалім:Оқушылар біз алты ай барысында не үйрендік?
Әсемай:Біздер көп нәрсе үйрендік.
Мейірбек:Есеп шығаруды санауды.
Әсел:Ән айтуды ойнауды.
Мерей:Сурет салуды бояуды.
Едіге:Денемізді шынықтыруды.
Мұғалім:Мектепке қайсы айда келдіңдер?
Хормен:Қыркүйек.
Мұғалім:Алғаш мектепке келген күн сабақ қайсы пәннен басталады?
Хормен:Әліппе.
Мұғалім:Алғаш қазақ балалары үшін әліппе оқулығын кім жазған?
Хор:Ы.Алтынсарин.
Мұғалім:Білім туралы Ыбырай аталарың қандай өсиет қалдырды?
Хор:
Кел, балалар оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Мұғалім:Балалар мен сендерге бір сұрақ бергім келіп тұр.
Бар білімнің бастауы,
Бар ғылымның бастауы.
Жас балағанұр шашқан
Қандай кітап тіл ашқан?
Хор:Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім:Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым данасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Олай болса өздерің алғаш рет қолыңызға ұстаған аяулы әліппені ортаға шақырайық.
Хор:Әліппе. Әліппе. Әліппе.
Әліппе:Сәлеметсіздерме менің сүйкімді достарым,ата-аналар,ұстаздар,қонақтар.
Армысыңдар жас достар,
Армысыздар ата-ана.
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға.
Балалар мені оқып не үйрендіңдер?
Мерей:Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте
Оқимыз қазір ертекте
Үйреттің оны Әліппе.
Асила:Енді біз жаза аламыз
Әріпті қосып әріпке
Ырза боп саған жүреміз
Қош бол сүйікті Әліппе
Едіге: Әліппе менің Әліппем
Өшпейтін нұрлы әріппен
Есігін аштым білімнің
Өзіңнен кілітті алып мен.
Миіргүл: Әліппе алып қолыма
Білімнің аштым есігін
Ақ ниет тілеп жолыма
Жазылды тұңғыш есімім.
Мұғалім: Жамандықтан сақтандырған
Жақсы істі мақтан қылған
Білім берген ұстаздарды
Билерімен шаттандырған.
Үнді биі:Қаржанова Мадина.
Мұғалім: Балалар өнер білім барлығыда мектептен басталады. Біз Әліппенің арқасында көп нәрсені оқып үйрендік.Жүрекке жылы тиетін «Отан,Ана,Мектеп» сөздерімен таныстық.Олай болса Отан сөзін құрап тақпақ айтайық.
О
Ораз барды орманға
Оншақты оған бала ерді
Омарташы оларға
Ожау, ожау бал берді.
Т
Таңданысты есіткен
Түлкі тәсіл тауыпты
Төбедегі тесіктен
Тағы әкетті тауықты.
А
Асқар аға астанаға
Асанды алғаш ала барды
Алып тауды алатауды
Алматыны аралады.
Н
Нағыз малсақ Нұркенже
Нарға барып нан берді
Нары нанды жегенше
Ноқталапта үлгерді.
Мұғалім: Балалар сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп,қуансаң қуанып,ранжісең жұбататын асыл адам Ана.Ана біз үшін ең ардақты адам.Олай болса Ана сөзіне байланысты өлең шумақтарын айтайық.
ААспанда ару айда бар,
Айдай сұлу қайда бар
Айлы түнде жап жарық
Асыр салып ойнайық.
Н
Найза боп тиеді
Намысы зорға да
Нансағ сол киелі
Нанда сен қорлама.
А
Атам жақсы көреді
Алса алғыс өзені
Алқа топта мақтар кеп
Атасына тартқан деп.
Ән:Аналар жыры.Қаржанова Л.
Мұғалім:Біздің білім алатын ордамыз мектеп.
Мектеп екінші үйіміз.Оқумен қоса ән би үйренеміз.Мектеп сөзіне арналған тақпақтар айтайық.
М
Мүсінші болар Мүсілім
Маралдың жасап мүсінін
Мұражайға мекткптің
Мұны тарту етпекші.
Е
Есенкелді есті екен
Ерке Ерланға ермеді
Ерте тұрып есік пен
Еден сырлап ерледі.
К
Келер көктем көңілді
Көкпен бояп өңірді
Көкжиектен кешкісін
Кемпірқосақ көрінді.
Т
Түлкі,түлкі ,түлкі де
Түк айласыз бұл күні
Түгелісіп қулығы
Түгел жұртқа күлкілі.
Е
Есейіп құттай балғындар
Елге қызымет жасады
Ертең сенің алдыңнан
Есігін мектеп ашады.
П
Перде менен пернені
Панар білмей шатасты
Перде терезе жапқышқой
Перне неге қатысты.
Мұғалім:Бала тілі бал.
Би:Саршаев Н.
Мұғалім:
Бүгін біраз ойнайық
Сөздер сырын айтайық
Ал сонымен әріптер
Шежіресін бастайық.
Ниетулла:
А әріпінен басталады
Абай ата есімі
Тербетілген сырлы әуенмен
Өлең жырдың бесігі.
Үмітай:
О конструктор
Ойнайтын бөлшектер
Ойнайтын бөбектер.
Мейірбек:
Е-ні ұмытпас ешқашан
Елін сүйген жарандар.
Асел:
У жалауша мұны біл
Еліміздің туы бұл.
Мерей:
М дегенің мал болар
Қадір тұтқан бабалар.
Әсемай:
Ш Шытырмақ текше ғой
Алты қырын екшей ғой.
Едіге:
Ғ Ғажап бояу жағады
Ғали сурет салады.
Айнура:
Р Ракета зымрап
Ғарышқа оны ұшырам.
Ержан:
П Параход жүзетін
Палубасы ұзын тым.
Асила:
Б-дегенің бабамыз
Бауыржандай батыр ғой.
Мадина:
Ұ Ұшақ ұшатын
Бұлтарды құшатын.
Азима:
Ө Өгіз өңкиген
Өн бойы дөңкиген.
Бекзат:
Ә-әріртен табамыз
Әжемізді ақылгөй.
Миіргүл:
Г-әріпімен гүлдеген
Қызғалдақты Қырат тау.
Лаура:
Ф Футбол ойыны
Аяқ доп дейді оны.
Мұғалім:
Әліппенің тойында
Әркім құштар ойынға
Әріптер сыр ашады
Қыздар биге басады.
Қазақша би. Қыздар тобы.
Мұғалім:Кешегі сәби балаңыз
Жарады міне қараңыз
Ғылым білім жолына
Енді қайық саламыз.
Құрметті ата-аналар Балаларыңыздың осындай дәрежелерге жетулеріне сіздердің жәрдемдеріңізде өте күшті.
Ойын: «Аққала» құрастыру.(Бөліктердің артында жазылған тапсырманы орындау,мақал-мәтел,жұмбақ,жаңлтпаш айту.)
Ән: Қошақаным.
Мұғалім:Балалар біздің бүгінгі тойымызға тағы бір қонақ келе жатыр.Орын дайындайық.Міне балалар күткен қонағымызда келіп қалған екен, қарсы алайық.Балалар бұл қонағымызды танисыңдар ма? Кім екен?
Хор: Ана тілі!
Ана тілі:Туған елдің тілімін
Ақылы мен танымын
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін.
Балалар енді бұрынғыдан да көп оқыйтын боласыңдар.Мен сендерге көп қызықты ертегілер, әңгімелер арнаймын, тек сендер ынта қойып мені ұқыпты оқысыңдар көп нәрсені үйренесіңдер.
Әліппе: Балалар мен сендердің білімдеріңді көріп ризамын. Енді мен кетейін.
Мұғалім: Әліппе мен қоштасуға арналған тақпақтар.
Әсемай:
Қошбол құтты Әліппем
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Толқындатып сөйлеттің.
Мәдина:
Таныстырған 42-әріппен
Қош бол менің қасиетті Әліппем
Сенің арқаң оқи жаза білгенім
Сауатты адам санатына кіргенім.
Асел:
Тіл тысауын кестің сен
Айаулы анам болып сен
Айыбымды кештің сен
Қош бол құтты Әліппем.
Ән: Қош бол құтты Әліппем.
Хор:
Қош бол сүйікті Әліппе,м.
Бәрімізді сүйіп өткен
Балаларға үйреткен
Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен.
Ән: Ата-әже.
Би: Қара жорға.
Мұғалім: Оқушылар Әліппеден көп қызық әңгімелер, тақпақтар үйрендіңдер, енді математикадан алған білімдеріңді тексерейік.
Табақта бес алма
Қолымда екі алма
Қосқанда барлығы
Болады неше алма?
Хор: Жеті алма.
Терең ғылым сананың
Тегі деп ой саламын
Маңызды етіп оқыңдар
Математика сабағын.
Бекзат:
1-дегенім бесік
Шықтым содан өсіп.
Лаура:
2-дегенім егін
Далам тауым көгім.
Мерей:
3-дегенім үміт
Үміт жақсы жігіт.
Асила:
4-дегенім төзім
Төзе білем өзім.
Едіге:
5-дегенім бақыт
Бағалайтын уақыт.
Миіргүл:
6-дегенім ақыл
Тыңдағаның мақұл.
Ержан:
7-дегенім жалау
Жүректегі алау.
Үмтай:
8-дегенім сөзім
Серт беретін кезім.
Азима:
9-дегенім тоқтау
Елдің жоғын жоқтау.
Айнура:
10-дегенім Отан
Қорға соны ботам.
Ән: Мен қазақтың баласы.
Хор: Біз өмірдің гүліміз.
Мұғалім:
Әліппені бітірді балаларым
Әліппеден нәр алған даналарым
Өзі оқып жазатын халге жетті
Құтты болсын қадамы балалардың.
Балалардың білімі құтты болсын
Денсаулығы әрқашан мықты болсын
Білімдерін әрі қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын.
Қымбатты шәкірттерім Сіздердің білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті қадамдарың құтты болсын.
Бүгінгі кеш әр үйдің «Той басы» деп саналар
Балалардың есімі әулеттерге таралар
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар.
Осы мен мерекелік кешіміз аяқталды.Ендігі сөз кезегі Ата-аналарға.

Жаңалықтар
Қош бол, сүйікті Әліппем!
Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатының, әліппенің кең дүниеге есік ашатының сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру; сүйікті оқулықтары - Әліппемен қоштасу кешінде оқушылардың қабілеттерін, шеберліктері
Қош, бол сүйікті Әліппем!
«Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Полатова Айгуль Жамантаевна
Әліппе - білім бесігі
ШҚО, Аягөз аудан, «Жамбыл Жабаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ бастауыш класс мұғалімі Карабаева Жанар Кажымукановна
Қош бол, сүйікті Әліппем!
Қарағанды облысы, Сатпаев қаласындағы №5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Баймұханова Бақыткүл Издібайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.