Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлемдерді тыныс белгісін қойып көшіру

29 сәуір 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тыныс белгілерін қою білуге, сөйлемдердің мағынасын ұғына білуге үйрету.
Сабақтың міндеттері:
а) Пунктуацияларды ажырата білуге, оларды сөйлем ішіне қоя білуге уйрету.
ә) Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, таза, сауатты көркем жазуға, сабақты ұқыпты тыңдай білуге дағдыландыру.
б) оқушылардың сөз байлығын арттыру, сөйлеу мәдениетін, ойлау дағдыларын, есте сақтау қабілетін қалыптастыру.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, әңгімелесу, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаз, плакат, суреттер, кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
а) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
ә) құрал - жабдықтарын тексеру;
Психологиялық дайындық
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен.
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
а) ереже сұрау
б) көркем жазу.
// и // и //и // и //и //и //и // и //и //и //и // и //
Ирек киіз ширақ қияр
Игіліктің ерте кеші жоқ.
ІІІ. Жаңа сабақ

а) түсіндіру
Тыныс белгілер дегеніміз - грек тілінен аударғанда «нүкте» деген мағынаны білдіреді. Тыныс белгілер қояр кезінде, сөйлемдер бір - бірімен мағыналық байланыста болады және аяқталған ойды білдіреді. Бірінші сөзі бас әріппен бастап жазылады. Соңына не «,» не «!» «?» «.» қойылады.
Нүкте деген - пайымды
Батыл тыныс белгісі,
Аяқтамай ойыңды,
Келмейді оның көнгісі.
Жазып жатқан кездерде
Асықпай - ақ күтеді
Небір ғажап сөздер де
Сол нүктемен бітеді
(Қадыр Мырза Әли)

Дәптермен жұмыс(Өз бетімен жұмыс.)
1 - жаттығу. Тиісті тыныс белгілерді қойып, мәтінді көшіріп жаз.
Тоғайда түрлі аңдар болады қалың шатқалға қояндар жасырынады қызыл түлкілер тоғай кезіп жүреді тиіндер ағаштан ағашқа секіреді.
2 - жаттығу. Сөздерді оқы. Олардан сөйлем құрап жаз.
Айдос, барды, ауылға, тұрады, атасы, әжесі, мен, ауылда, оған, қозы, берді, атасы, қозысын, ол, көреді жақсы.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды соғамыз.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып аламыз.
3 - жаттығу. Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жаз.
Балалар Ақлима әжесі көмекке келді қыздар үй тазалады ұлдар жарды Ақлима әжей балаларға риза болды.
4 - жаттығу. Тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жаз.
Көрікті Алатау аясындағы мемлекеттік қорықта түрлі хайуанаттар тіршілік етеді солардың бірі теңбіл марал маралдың мүйізінен әр түрлі дәрі - дәрмек жасалады марал пайдалы жануар.

IV. Сабақты қорыту
Үйге тапсырма
- Көктем мезгіліне шығарма жазу.
10 159
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Сабақтың мақсаты: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
Диктант. Қыс туралы.
Диктант. Қыс туралы.
оқушылардың дыбысты есту қабілеттерін тексеру, дұрыс жаза білуге баулу; ә) оқушыларды сөздерді сауатты әрі әдемі жазуға үйрету; білімдерін тексеру;
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Құрмалас сөйлем. (қайталау сабақ)
Құрмалас сөйлем. (қайталау сабақ)
Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; құрмалас сөйлем туралы түсініктерін қалыптастыру; Құрмалас сөйлемдерді сауатты жаза білу қабілеттерін дамыту; шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Сөйлем
Сөйлем
Сөйлем туралы түсініктерін нығайту. Сөйлем түрлері жайлы білімдерін толықтыру. Сөйлем түрлерін ажырата білуге үйрету.
Й әрпінің жазылуы
Й әрпінің жазылуы
Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектептің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Сатыгалиева Акмарал Темирхановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×