Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ц дыбысы

03 мам 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «Ц»дыбысы.
Сабақтың мақсаты: ц дыбысының дауыссыз екендігін айтып, оның айтылу артикуляциясымен таныстыру,Ц дыбысы қазақтың төл сөздерінде кездеспейтінін байқату, ц дыбысы бар сөздердің мағынасын түсіндіріп, дұрыс айтуға және сауатты жазуға дағдыландыру.
Сабақтың принципі: жүйелілік, ғылымилық, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: қазақ алфавиті, тірек - сызбалар т. б.

Сабақтың мазмұны:
І. Психологиялық әзірлік
Мектеп - кеме, білім - теңіз,
Барар жерге тез жетеміз,
Адаспаймыз ұлы жолда
Ұстаз берген білім ойда.

ІІ. «Ой ашар»: «ӘР ҚАШАН КҮН СӨНБЕСІН!»сөйлеміндегі тек дауысты дыбыстарды оқи отырып, әнімен айтып шық.
Дауыссыз дыбыстармен әндетіп көрші. Қандай қорытынды шығарар едің?

ІІІ. «Ой сергіту»жаттығулары:
1. Қазақ тілінде қанша әріп бар?
2. Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?
3. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
4. Екі дыбыстың қосарлануы арқылы жасалатын дыбыс.
5. «Лагерь»сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?
6. «Ащы»сөзіне қарама - қарсы сөз.
7. «Р»қандай дыбыс?
8. «Бойында»бар, «ойында»жоқ. Ол қай әріп?
9. Судан шашақ шашылар, су тоқтаса басылар. Ол не?
10. «Ч» дыбысының алдындағы дыбысты ата.

ІY. Жаңа сабақ. Ц дыбысы - қатаң дауыссыз дыбыс. Ол сөздің барлық буынында кездеседі. Мысалы: цемент, авиация, марганец.
А) көрнекілікпен жұмыс.
Б) дәптермен жұмыс.(бір жолға «ц» әрпінің үлкенін және кішісін жазу ұсынылады.)
Y. Оқулықпен жұмыс 106 - жаттығу (әр сөздің мағынасын түсіндіру)
мысалы: центнер - салмақ өлшемі т. б.

YІ. Бейнелі жазу.
Мына суретте қандай әріптер бар? Сол әріптерден сөз құра.
(Жауабы: автомобиль)
YІІ. 107 - жаттығу (ц әрпі бар сөздерді теріп жазу.)
Станция, авиация, цирк, цистерна.

YІІІ. Сергіту сәті: Өн бойымды тік ұстап,
Таянамын бүйірді.
Бастап кетем дұрыстап
Сәйгүлікше жүруді.
Аяқты алға қоямын,
Жұдырықты түйемін.
Қос қолымды жоғары
Көтерем де, иемін.
Шығарғанда демімді,
Екі деймін ішімнен.
Көтерілген қолымды
Қапталыма түсірем.

ІХ. Дидактикалық ойын: «Нешінші бөлік артық?»
(Жауабы: төртінші бөлік артық, себебі Б, В, Г - ұяң дауыссыз дыбыстар)
Х. Оқулықпен жұмыс.
109 - жаттығу. Ребусты шеш.(жауабы: цемент.) Осы сөзге дыбыстық
талдау жасау.
110 - жаттығу. Мәтінді оқы. Цирк.(нұсқауын оқып, сұрақтарға жауап беру.)

ХІ. Сабақты қорытындылау:
В?... ирк, Кие...
Ф?... агон, шка...
Ц? теле... он, кон... ерт

ХІІ. Үйге тапсырма: 108 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
ХІІІ. Бағалау, мадақтау.
13 332
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
И, у, ю, я дыбыстарына арналған тест жұмыстары
И, у, ю, я дыбыстарына арналған тест жұмыстары
И, у, ю, я дыбыстарына арналған тест жұмыстары
Ц дыбысы
Ц дыбысы
Атырау қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы №11 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шамұратова Алмагүл
«Ц» дыбысы
«Ц» дыбысы
Атырау облысы, Атырау қаласы, №34 лингвистикалық мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Шотаева Ақырыс Қойбағаровна
Я дыбысы мен әрпі
Я дыбысы мен әрпі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Құрбанова Жанат Төлегенқызы
К дыбысы мен әрпі
К дыбысы мен әрпі
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылы Т.Амандосов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нургул Жалгасова Кулмановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×