Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Я әрпі мен дыбысы

11 мам 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Я я әрпі мен дыбысы
Сабақтың мақсаты:
1. Я я әрпі мен дыбысын дұрыс дыбыстату. Я әрпі қосарлы дыбыстың таңбасы екенін меңгерту, әрпін таныту; Я я дыбысын дұрыс айтуға төселдіру; пәнаралық білімдерін қалыптастыру.
2. Оқушылардың «Әліппе» еліне ойша саяхат жасау арқылы ақыл - ойын, шығармашылық қабілеттерін, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту.
3. оқушылардың таза жазуларын қалыптастыру; Жылдамдыққа, өз ойын дұрыс жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді дамыту.
Әдіс - тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: теледидар, «орманның» сызбасы, кеме суреті, суреттер.
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру.
а) оқушылармен амандасу.
ә) сабаққа назарын аудару.
Алфавитті біліңдер
Онда жүйе, қалып бар
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар

2) Үй тапсырмасын тексеру.
Г г әрпі мен дыбысы
«Құлагер» мәтіні
А) сұрақтарға жауап алу
- Сөйлем қай әріптен басталады?
- Сөйлем соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
- Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
ә) бағандағы сөздер мен «Құлагер» мәтінін мәнерлеп оқыту.
Б) «гүл» сөзіне дыбыстық талдау жасату

3. Жаңа білім беру
а) Теледидардан «Білім кемесін көрсету». «Әліппе» аралына саяхат шегу
ә) «Әліппе» аралына жеткенше өткен әріптерге байланысты тақпақтарын, мақалдарын айтады.
б) Аралға келгеннен кейін, кемеден түсіп, орман аралаймыз. Орманның табиғат тамашаларын қызықтайды.
Жұмбақ шешу.
Екі теңдей құлағы
Дыбыс сезіп тұрады.
в) қасқыр қуып келе жатқан қоянды құтқару үшін «қоян» сөзін буынға бөліа, Я я әрпінің баспа, жазба түрлері және «қоян» сөзіне буындық, дыбыстық талдау жасалынып, таныстырылады.

4. Күн бұлттанып, «Бұлттан әріптер жауғанда» ойны ойналады.
Оқушылар «я» әрпі бар сөздер ойлайды.

5. Сөз неден құралады екен?
- Сөз дыбыстардан құралады

6. Күн ашылып ормандар құстарға толыпты. «Бозторғай» әні жіберіледі. Әр құстың артында оқулықтағы бағандағы сөздер жазылыпты.
Аяқ қоян қияр аяз тақия
Таяқ шаян пияз саяз дария
әр сөздің мағынасы ашылады.
Дыбыстық, буындық талдау жасалады.

7. Құстар ұяға паналапты.
Ұя сөзін буынға бөлу.
Қ. Баянбаев «Ұя» өлеңін мәнерлеп оқу.
8. Оқушыларға тізбектей және хормен оқыту.
9. Сурет бойынша әңгімелеу.
10. «Ауылым» әнімен саяхаттан қайту.
Дәптермен жұмыс.
Я я әрпінің үлкен және кіші түрлерін дәптерге жазу.
«Ұя» сөзіне дыбыстық талдау жасау

11. Жаңа білімді бекіту.
- Сабақ ұнады ма?
- Не туралы білдік?
Бүгінгі сабақ көңілді
Серпілттік бір сәт өмірді
Ауамыз таза болсын
Жан - жануар барлығы аман болсын.
12. Оқушыларды мадақтау.
13. Үйге тапсырма
12 408
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
П п дыбысы мен әрпі
П п дыбысы мен әрпі
- Пияз сөзі қандай дыбыстан басталып тұр? - П дыбысы дауыссыз дыбыс. П дыбысын көк түспен белгілейміз. П дыбысын айтқанда жоғарғы ерін төменгі ерінге жуық тиіп, тез ажырап кетеді. - П әрпі сөздің басында, ортасында, соңында келеді. - Парта, дәптер,
П дыбысы мен әрпі
П дыбысы мен әрпі
П п дыбысы мен әрпін таныстыру. П дыбысы дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Ц дыбысы мен әрпі
Ц дыбысы мен әрпі
Ц дыбысына байланысты жаңа сөздермен таныстыру. Балалардың дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем туралы білімдерін толықтыру. Тақырыптық суреттер бойынша әңгіме құрастыруға баулу.
Х дыбысы мен әрпі (слайд)
Х дыбысы мен әрпі (слайд)
Сабақтың тақырыбы: Хх дыбысы мен әрпі (слайд)
«Б» дыбысы мен әрпі
«Б» дыбысы мен әрпі
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №32 Жалпы орта мектеп - гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Кужакова Ляззат Кужабаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×