Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

18 қараша 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
4 сынып
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздердің сөйлемнің бірыңғай мүшелері болатынын түсіндіру, бірыңғай мүшелердің өзіне тән ерекшеліктеріне сипаттама беру және оқушылардың жеке тұлға құзіреттілігін дамыту;
2. Оқушылардың танымын кеңейту, материалды тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін айтуға төселдіру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, тіл мәдениетін дамыту;
3. Өз - өзіне сенімділіктерін арттыру, Отан деген сүйіспеншілігін арттыру. Елордамыз – Астана туралы мағлұмат беру.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Сабақтың формасы: жаппай, топпен, жұппен, жеке
Әдіс - амалдар: Көрнекілік. түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу, іздендіру, жүйелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек сызбалар, оқулық суреттер.

Сабақтың барысы:
І. Мотивациялық кезең:
- Оқушылармен амандасу
- Оқушыларды түгендеу

1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Армысың Туған жер!
- Армысың Жер - Ана!
- Армысың Алтын - Күн!
- Армысың Сен!
- Армысың Мен!

2. Қызығушылықты ояту.
- Балалар біздің Отанымыз қалай аталады?
- Республикамыздың астанасы қай қала?
- Астана туралы не білесіңдер?
- Бүгін біз Астана қаласындағы өте тамаша ғимарат «Бәйтерекке» басқышпен жоғары көтерілеміз?
- Басқыштағы кезеңдердегі тапсырмаларды орындау арқылы жоғары көтерілеміз.
- Басқыштар жай емес, сиқырлы әр басқышта кім тапсырмаларды жақсы орындап отырса біз оларға геом. фигураларды беріп отырамыз. Сабақтың соңында, қай топ көбірек жинаса сол топ жеңеді. Және мына туға ие болады.
- Бәйтерек туралы не айта аласыңдар?
«Алғырлар» -----------«Тапқырлар»
Бірі бәрі үшін, ---------Жеңіскер боп өсеміз,
Бәрі бір үшін. ----------Азамат боп өсеміз.

1 кезең «Өткенге шолу»
Поэзия минуты: Көкшетау ( І. Жансүгіров)
Өлең жолдарын барлығы мәнерлеп оқиды (сын есімнен жасалған дара, күрделі мүшелерін айтқызу)
Оқушыларды сабаққа ұмтылдыру

Үй тапсырмасын тексеру. Қайталау сұрақтары:
1. Сөйлемнің дара мүшесі дегеніміз не? Мысал келтір.
2. Сөйлемнің күрделі мүшесі дегеніміз не? Мысал келтір. 5 - жаттығу
Күрделі мүшелерді тауып белгіле )
Операциялық кезең

2 кезең «Ой ашу» Жаңа тақырыппен танысамыз.
Бірыңғай мүшелерді түсіндіру үшін, күнделікті өмірде кездесіп, пайдаланып жүрген нақты заттардың төңірегінде әңгіме жүргізу.
Мысалы, бір оқушы партасының үстіне оқу құралдарын жайып қояды. Оқушының дәптерін, кітабын, қаламын, қарындашын көрсетіп, бұл заттардың бәрі Айымдікі екені аңғартылады. Содан кейін оқушылар
Айымда кітап, дәптер, қалам, қарындаш, сызғыш бар деген сөйлем құрастырылады. Бұл сөйлемнің ішінде 5 сөз бірдей сұраққа жауап береді. Не? сұрағына жауап беріп, бастауыш болып тұр. Бұлардың сұрағы бірдей болғандықтан олардың сыртқы тұлғалары да, бірдей болып келеді. Бір сұраққа жауап беретін сөздердің орнын ауыстырып, қолдана беретіндігі аңғартылады.

1. Берілген мысалдарға дәлел айтады.
Күтілетін жауап: Мысал - Дәлел
Біз табиғатты қорғаймыз. (Дара сөйлем мүшесінен құралған сөйлем.)
Біз орманды, көлді, өзенді қорғаймыз.
(Сөйлемде сөздер бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір мүшесімен байланысып тұр.)
Өз пікірін айтуға төсілдеу

Интерактивті тақтада
1. Орманда қайың, тал, терек, үйеңкі өседі.
2. Жылыжайда ақ, көк, қызыл, сары гүлдер өсірілуде.
3. Ақ қайың, құба тал, көк теректер өседі.
4. Өзен, көлдер – елдің, жердің берекесі.
5. Бидай мен арпа, жүгері мен күріш және тары – дәнді дақылдар.
6. Алтайдың қарлы шыңдарында бүркіттер де, ұларлар да мекендейді.
Тірек - сызбаны оқушылармен толтыру.
2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын кесте арқылы белгілейді. Күтілетін жауап:

1 - ереже: Бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздерді сөйлемнің бірыңғай мүшелері дейміз.
Бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады.
2 - ереже: Бірыңғай мүшелер жеке сөзден де, сөз тіркесінен де тұрады.
3 - ереже: Қосымша бірыңғай мүшелердің соңғы сөзіне ғана немесе әрқайсысына жалғанады
4 - ереже: Бірыңғай мүшелер және мен, бен, пен шылаулары арқылы жазылғанда үтір қойылмайды, ал да, де, та, те, шылаулары қайталанып келсе олардың арасына үтір қойылады.

3 кезең «Кім сауатты?»
1 - жаттығу. (Ауызша) Әр топтағы сұрақтарға сұрақ қою. Қай сөз табы екенін анықта. Артық сөзді тап. Неге артық екенін дәлелде.

Тақтамен жұмыс.
2 - жаттығу(жазбаша) Бірдей сұраққа жауап беретін сөздер сөйлемнің қай мүшесімен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсет.
Сергіту сәті
Кәне қанат жазайық
Қарлығашқа ұқсайық
Ұшып - ұшып алайық
Орнымызға қонайық
4 - жаттығу (Сурет бойынша сөйлем құрап жаз. Сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер болсын. Сөйлем ішіндегі бірыңғай мүшелер қандай сөйлем мүшесі болып тұр. Сөйлемдегі бірыңғай мүшелер неге бір ғана сөйлем мүшесі болып тұр.)

4 кезең «Адасқан әріптер»
1. 2. ЕҚАШНА ӨКТРІІ АТЙПА.
2. БІЛМЕНІҢГЕДІ - БІЛНЕНГЕН СРҰА

5 - кезең «Кім шапшаң?» «Пирамида» құрастыр
А Ана
А – А------------- АлмА
А - - А-------------- АрттА
А - - - А --------------АстанА
А - - - - А--------------- АйдындА
А - - - - - А ---------------АтыраудА
А - - - - - - А ---------------АйдынындА
А - - - - - - - А---------------- АйшолпандА
А - - - - - - - - А

6 кезең «Жұмбақты математика»
Картоп, сәбіз, қызылша, қызанақ қосылғыштар. Қосында не болады? Көкөністер болады.
Қосындысында мектеп сыныбы. Қосылғыштарды тап.
Орындық, үстел, шкаф, диван қосылғыштар. Қосындысында үй жиҺаздары.
Бірыңғай сөйлем мүшелерді айтқызу.

7 кезең «Аукцион»ойны
Фишкаларды беріп отыру
Интерактивті тақтада жазылып тұрады
1. Сұрақтар:
- Сабақта нені өттік?
- Сабақтың мақсатына жеттік пе?
- Бірыңғай сөйлем мүшелері деген не?
- Оның өзіндік қандай ерекшеліктері бар?
Геомет. фигураларды санау арқылы қай топ жеңгенін аңықтау. Туды тапсыру.
Ойын - жаттығу
Аспан көгіндегі күн болсаңдар, адамдарға қандай жылы сөздер сыйлар едіңдер? Сол жылы сөздерді күн шуақтарына жазыңдар. Күтілетін жауап: мейірімділік, жылулық, жарқындық, сұлулық, сергектік, кішілік, кісілік.т. б. Плакатқа маркермен жазу

Үй тапсырмасы: 5 - жаттығу (өлеңді оқып, көшіріп жаз. Бірыңғай мүшелердің астын сыз)
Бірыңғай мүшелер қай сөз табынан жасалған? Отырар қаласы туралы не білесің?)

Тайынша қаласы, № 5 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Исбулатова Л. Қ.
70 015
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері жайында жан - жақты толық мағлұмат беру; ә) сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру; б) өз пікірін айтуға төселдіру, танымын кеңейту, ойлау қабілетін арттыру.
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сөйлемде бір ғана сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада тұратын сөйлем мүшелерін бірыңғай мүшелер дейміз.
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері (күнделікті сабақ жоспарлары)
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері (күнделікті сабақ жоспарлары)
Бірыңғай мүшелер жалғаусыз да, жалғаулықтар арқылы да (мен, да, және, әрі, я, не, немесе) байланысады. мысалы: Арба да, дөңгелектер де, адамдар да қызғылт шаңның ішінде. Жалғаулық шылаулар қайталанбай бір – ақ рет келсе, арасына үтір қойылмайды.
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
ШҚО, Үржар ауылы, «М. Горький атындағы орта мектебі» КММ - сі Бастауыш сынып мұғалімі Досанова Алмагүл Болатқанқызы
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Оқушылардың бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздердің сөйлемнің бірыңғай мүшелері болатынын түсіндіру, бірыңғай мүшелердің өзіне тән ерекшеліктеріне сипаттама беру және оқушылардың жеке тұлға құзіреттілігін дамыту;
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қарасу орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дуйсенгалиева Гульмира Жумажановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×