Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бұл кім? Ыбырай Алтынсарин

02 маусым 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Бұл кім? Ыбырай Алтынсарин
Мақсаты: Білімділігі: Оқушыларды өлеңнің мазмұнымен таныстыру, көркем шығармаға қызығушылықтарын арттыру. Өлеңдегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
Дамытушылығы: Түсініп, мәнерлеп оқу дағдысын нығайта түсу. Сөздік қорларын, белсенділіктерін, қызығушылықтарын, қиялдарын дамыту. Шығармашылықпен жұмыс істеуге, танымдық қабілеттерін дамытуға, өз ойларын еркін айтуға үйрету.
Тәрбиелік: Ананың құдіретті және мейірімді жан екенін ұғындыра отырып, ананы сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап, дөңгелек үстел, болжау, тест, топтау әдістері.
Түрі: жаңа білім беру сабағы
Формасы: жалпы оқушылармен, топпен жұмыс
Көрнекілігі: қорап: топшамалар
Техникалық құрал: теледидар, бейнемагнитафон, слайд
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану, әуез сабақтарымен

Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Слайдтан күлімдеген күннің суреті шығады.
Балалар, мына күн сияқты күлімдеп, бүгінгі сабақты жақсы көңіл күймен бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген тапсырманы сұрап, суреттерін тексеремін.
ІІІ. Өткенді пысықтау
І топ Тест алынады
ІІ топ Еңбекке, білім алуға байланысты мақал – мәтелдер айту
ІІІ топ Сөзжұмбақ шешу

ІҮ. Бейнесөз шешу
5,,,,, М? Ш: Бұл кім?
Ұл түлкі
Жұмбақ шешу
Даладай Данадай
Кімнің кең пейілі? Кімнің мол мейірі? (Ана )

Ү. « Болжау» әдісі
Слайдтан құрастырылып шыққан сурет бойынша бүгінгі өтетін тақырып туралы өз ойларын болжап айтады.

ҮІ. Жаңа сабақ
1) Қызығушылықтарын ояту
І топ « Ой қозғау» әдісі Аналарың сендерге қандай жылы сөз айтып, қамқорлық жасайды.
ІІ топ « Топтау» әдісі
Ана
Ана деген сөзді естігенде ойларыңа не келетінін бір сөзбен жазып шығыңдар.
ІІІ топ « Дөңгелек үстел» әдісі
Қ, ә, а, с, т, ұ, к әріптерін пайдаланып, аналарының мінезіне байланысты сөздер айтады.
2) Ана туралы мағлұмат беру.
3) Өлеңнің авторымен таныстыру
Ыбырай Алтынсарин – Қостанай облысында туған. Ол қазақтан шыққан тұңғыш ұстаз. «Қазақ хрестоматиясы» деген оқулық жазды.
4) Өлеңді магнитофоннан тыңдау
5) Сөздік жұмысын жүргізу
Изен – шөптің бір түрі.

ҮІІ. Сергіту сәті
« Анашым» әнін хормен орындайды.
ҮІІІ. Кітаппен жұмыс
І топ Өлеңді мәнерлеп оқу
ІІ топ «Түн ұйқысын төрт бөліп» дегенді қалай түсінесіңдер?
ІІІ топ Пантомима көрсету
Аналарыңа қандай сый құрмет көрсетесіңдер?

ІХ. Дәптермен жұмыс
«Бұл не?» ойыны Қорапта не бар деп ойлайсыңдар? – деп оқушыларға сұрақтар қоямын.
(кәмпит, кітап, сурет, торт т. б жауаптар айтады. ) Қораптан мақал шығады.
Ананың құшағы жылы,
Күннің шуағы жылы.
Осы мақалды дәптерге жазады.

Х. Сабақты бекіту
1) Аналарыңа арнап қандай тілектер айтар едіңдер?
( тілектерін айтады )
2) Енді балалар аналарың сендерге қандай тілек айтады екен, соны теледидардан тыңдап көрейік. Бейнетаспа арқылы аналары тілек айтады.
3) «Анамның дауысы» ойыны ойналады
Аналарының еркелеткен дауысын балалары тауып алуы керек.
Сабақты қорыта келіп ана туралы өлең оқып беремін.
Ананы ардақтамас адам бар ма,
Бас иер алдында оның даналар да.
Жаз құшақ, аққу жанды, күн келбетті,
Не жетсін дүниеде аналарға, - дей отырып әр уақытта аналарыңды сыйлап, құрметтеп, қуанышқа бөлеп жүріңдер деп сабағымды аяқтаймын.

ХІ Үйге тапсырма
Өлеңді түсініп оқуға және аналарына байланысты өлең шығаруға беремін.
ХІІ Бағалау, мадақтау
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға аналарына сыйлайтын гүлдер беріледі.
7 925
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұстаз
Ұстаз
Оқушыларға тақырыптың мазмұнын түсіндіру, негізгі идеяны ашу. Оқиғаның мазмұнын айтуға төселдіру. Топта жұмыс істей білу, өз бетінше жұмыс істей білу дағдыларын шыңдау.
Өзен. Көл
Өзен. Көл
туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, құрметпен қарауға тәрбиелеу. сөздік қорын, тіл байлықтарын дамыта отырып, көркем сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Ы. Алтынсарин «Өзен»
Ы. Алтынсарин «Өзен»
Өзен өлеңі арқылы табиғатты сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Өлең жолдарын мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.
Ыбырай Алтынсарин "Баланың айласы"
Ыбырай Алтынсарин "Баланың айласы"
Әңгіменің мазмұнын таныстыра отырып, ондағы негізгі ойды, идеяны меңгерту, көркем шығармаға қызығушылығын арттыру
Ыбырай Алтынсарин «Өзен» өлеңі
Ыбырай Алтынсарин «Өзен» өлеңі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №125 С. Сапарбеков атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Асанова Жаннат Шымырбекқызы
Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×