Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістіктен өткенді пысықтау

08 маусым 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: 443 – 447 жаттығулар

Сабақтың мақсаттары.
Білімділігі: Етістік туралы берілген білімді талдау, бекіту. Сөйлемнен етістіктерді таба білуге үйрету.
Дамытушылығы: Белсенділігі мен ынтасын арттырып, шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелігі: Көркем жазуға, адамгершілікке, табиғатты қорғауға, жан-жануарға деген қамқорлық, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау, пысықтау.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, тіл дамыту, көрнекілік стратегиясын пайдалану.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, сөздер, слайд.

Сабақ барысы:
I: Ұйымдастыру
1) Сабаққа психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
2) Қазір бізге қандай сабақ?

II: Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау, бекіту.
а) Үйге қандай тапсырма берілді?
(Оқушыларға оқыту)
ә) – Балалар, тақтаға назар аударайық, мұнда өтілген материалдар бойынша сұрақтар бар. Оларды оқып, жауап бере қояйық.
1. Зат есім дегеніміз не?
2. Жалқы есім дегеніміз не?
3. Жалпы есім дегеніміз не?
4. Етістік дегеніміз не?
5. Дара және күрделі етістік туралы не білесің?
б) Дәптер ауыстыру.
в ) – Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
2) – Көктем туралы не білеміз?
- Көктемгі мерекелер туралы не білеміз?
- Көктем айлары қай айлар?
г) Көркем жазу минуты
Көктем айларын көркем етіп, дәптерге жаза қояйық.
Наурыз, сәуір, мамыр.

III: Жаңа сабақ
1) Суретпен жұмыс
Атаға ағаш отырғызып көмектесу.
1. Ағашты не үшін отырғызамыз?
2. Өсімдіктердің қандай пайдасы бар?
3. Өсімдіктің қандай мүшелерін білеміз?
443 - жаттығу
Мәтінді оқып, етістіктерді теріп жазу.
Толқып жатыр, келді, жүз, барма, айқайлады, жүзді, жүзіп барады.
Көмектесе алдық па?
2)Суретпен жұмыс
- Жарайсыңдар, балалар. Тағы да тақтаға назар аударайық.
Көктемгі мал жайылымы. Кішкене шопан балаға көмектесіп жіберейік.
1. Малдың қандай түрлерін білесіңдер?
2. Олардың қандай пайдасы бар?
3. Малға байлынысты қандай тыйым сөздер білеміз?
444 – жаттығу
Жатқа жазу, етістіктерді табу.
Қазанда шұжық жүр,
Үш шұжық жүзіп жүр.
Шұжықшыл Жүсіп жүр.
Шұжықты сүзіп жүр.
Кішкентай шопан балаға көмектесе алдық па?

IV: Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Қолымызды созамыз.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып қаламыз.
Алақанды соғамыз,
Орнымызды табамыз.
3)Суретпен жұмыс
«Наурыз тойына дайындық».
- Балалар, бұл қай мерекеде болатын көрініс?
- Науырыз сөзі қандай мағына береді?
- Қай күні тойланады? Қандай мереке?
- Біздер де ағаш үй тігуге көмектесейік.
445 – жаттығу
Күркіреді, сіркіреді, жарқылдады сөздерін қатыстырып сөйлемдер құрау.
(оқушыларға оқыту)
Ағаш үй тігуге көмегіміз тиді деп ойлайсыңдар ма?
4) Суретпен жұмыс
1. Нені көріп отырмыз?
2. Қандай ұлттық тағамдарды білесіңдер?
- Біздер де ұлттық тағам дайындауға көмектесіп жіберейік.
446 – жаттығу
Не істейді? Сыпырады, өсіреді, иіреді, емдейді.
Қайтеді? Сайрайды, шаңқылдайды, ақырады, боздайды.
Қандай жұмыс атқардық? Көмектесе білдік пе?
5) Керісінше оқып, сөз шығару.Оқушыларды 3 қатарға бөліп, әр қатарға төмендегі тапсырмаларды орындату
1 қатар ---------------------- 2 қатар ---------------------- 3 қатар
Сөйлем құрату. ----------- Буынға бөлдіру ---------- Дыбыстық талдау жасату.
Дархан ---------------------- Қыран ----------------------- Қала
Есек -------------------------- Мұз -------------------------- Бұлақ
Киім ------------------------- Қысым ---------------------- Сүт
6) Сөз таптарының айтысын тамашалайық.
Автор, зат есім, сын есім, сан есім, етістіктердің өзара сөз жарысы
7) – Балалар, наурыз тойына дайынбыз ба?
- Олай болса, бір бата жасап жіберейік.
Батасыз той болмайды ғой.

V. 1. Сабақты қорыту.
- Сабақ сендерге ұнады ма?
- Қандай жұмыстар атқардық?
2. Оқушыларды бағалау
3. Үйге: 447 – жаттығу
5 646
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1-ден - 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы.
1-ден - 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы.
20 - ға дейінгі сандар қатарымен таныстыру, 20 көлемінде реттік санауға үйрету /тура және кері тәртіппен/.
Көбейтудің қасиеттерін есептеуде қолдану
Көбейтудің қасиеттерін есептеуде қолдану
Көбейтудің қасиеттерін есептеуде тиімді әдістерін қолдана отырып, оқушылардың есептеу дағдыларын пысықтау, есептер шығару, өткенді қайталау. Көбейтудің қасиеттері, амалдардың орындалу реті жайлы білімдерін жетілдіру.
Етістіктен өткенді қайталау
Етістіктен өткенді қайталау
Етістіктерді тауып дара және күрделі екенін ажырата білуге үйрету. Тілін сөздік қорларын дамыту
Етістік
Етістік
Етістіктерді тауып дара және күрделі екенін ажырата білуге үйрету. Тілін сөздік қорларын дамыту. Байқампаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Шегіртке мен құмырсқа
Шегіртке мен құмырсқа
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №8 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Алиева Динара Қасанқызы
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Исмаилова Ляззат Нуржанқызы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×