Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Денсаулық әліппесі

09 маусым 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Денсаулық әліппесі
Білімділік мақсаты: Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы – денсаулықты сақтаудың басты жолдары – зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру.

Дамытушылық мақсаты: «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу.
Оқушылардың күнделікті денсаулығын шынықтыру, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруын қамтамасыз ету.

Барысы:
Мұғалім: Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың - салауатты өмір салтын сақтау. Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап осы ұстанымды басшылыққа алып келеді. Қоғамның денсаулығы бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру міндетін жүзеге асыру жолындағы басты тірек.

Салауатты өмір салты мен өмір сүру үшін төмендегі талапты орындау керек. Адам денсаулығын сақтауда төмендегідей факторлардың маңызы зор.
1. Айқын жасалған күн тәртібінің болуы.
2. Дұрыс тамақтану.
3. Дұрыс тынығу.
4. Дене еңбегімен шұғылдануы.
5. Таза ауада болып, күн көзінде серуенлеу.
6. Табиғат аясында болуы.
7. Зиянды әдеттерден сақтану.
8. Дұрыс қозғалыста болуы.

Балалар, сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан – жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?
- Оқушылар: Денсаулық.
1. рі дә
2. ру дә мен
3. ны шы ғу
4. ла уат са
5. ги на ги е
6. тау тұ
7. лық сау ден

Денсаулық туралы
1 - оқушы: Денсаулық ол – шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол - тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
2 - оқушы: Денсаулық ол - күлуің
Көңіл – күйің жадырай,
Денсаулық ол – жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Адамның дене құрылысы
3 - оқушы: Қара айнаға, көресің
Өзіңді – адам денесін.
Қол - аяғың, басың бар,
Бұған кеуде қосылар –
Құрылысың бұл сыртқы.
Көрінбейді жүрегің,
Өкпе, миың, бүйрегің –
Құрылысың бұл ішкі.
Дұрыс дене бітімі
4 - оқушы: Сымбат - мүсін дегенің
Бітім – көркі денеңнің.
Сымбат – жүру әдемі,
Дене қалпын тік ұстап:
Көтеріп сәл кеудені,
Иық жазып дұрыстап.
Түзу отыр, қисаймай,
Бүкіреймей, жантаймай.
Күш сап бас пен арқаға,
Жатып алма партаға.
І: Әр түрлі жұқпалы аурулардың адамға микробтар арқылы таралатыны және одан микробтардың кір – қоқысты жерлерде өсіп - өніп, шаң - тозаңмен бірге ауаға көтерілетіні баршамызға белгілі жағдай. Сондықтан тұрмыста тазалық сақтау адамның денсаулығына өте қажетті жағдай екенін естен шығармаған дұрыс..
Гигиена - бұл денсаулықты қорғау және тазалық сақтау туралы ғылым.
5 – оқушы
Дос бол сабын, сумен сен,
Жиі – жиі жуын сен:
Таңертең де, кешке де,
Жуын күндіз – түсте де,
Жуын тамақ алдында,
Жуын тамақ соңында,
Жуын ұйықтар кезіңде,
Жуын тұрған мезгілде.
Ауыз қуыс гигиенасы
6 - оқушы: Мен айтайын тақпақ,
Алғың оны жаттап.
Тісіңді жу, тазарт
Маржандай болсын аппақ.
Атқаратын қомақты
Ауыз қуыс ісі бар:
Ұсататын тамақты
Отыз екі тісі бар.
Алғашқы тіс – сүт тістер
Түсіп бірте тынады.
Алты жастан нық тістер –
Тұрақты тіс шығады.
Тісті күту
7 - оқушы:
Тіс болмаса,
Асты қалай шайнарсың,
Тазалап жүр тісіңді.
Тісті күнде екі рет
Кішкене де ыңғайлы,
Тазартуды ойларсың.
Тіс щеткасын пайдалан.
әдет қыл бұл ісіңді:
Тазалауға болмайды,
Щеткасымен басқа адам.

Аяқ — қол гигиенасы

8 - оқушы: Аяқ — қол – көмекші,
Күт оны ерекше.
Қол жиі ластанар
Сондықтан істің әр
Соңында қолды жу,
Жояды кірді су.
Аяқ – қолды кірлетпей,
Тырнағыңды алып жүр.
Тері гигиенасы -
9 - оқушы: Тері - сезім мүшесі, ---------------- Тері дайым дұрыстап,
Маңызды оның үлесі ---------------------------- Қызуыңды реттейді.
Сол арқылы білесің ------------------------------ Зиян микроб, вирустар
Сезіп затты, ыстықты, ---------------------------- Ағзаға одан өтпейді.
Қатты, жұмсақ, суықты.
10 - оқушы: Еріншектен – салақтық, --------------- Еріншек таза жүре алмас,
Салақтықтан – надандық. ----------------------------- Кір қолын да жуа алмас
Бірінен бірі туады, -------------------------------------- Қаракет жоқ, ғылым жоқ
Жоғалар сөйтіп адамдық. ---------------------------- Өз бойынан ұялмас.

М: Балалар, біздің арамызда кейде тазалықты сақтамайтын оқушылар болса, олар туралы не айтамыз?
Екі оқушыны шығару. Біреуінің үсті басы кір, ал екінші оқушы ұқыпты бала.
11 - оқушы: Күнде бетін жумайды, -------------- Жатып алап тұрмайды,
«Жу» десең – ақ тулайды. -------------------------- Дейді ақырып «Жолама»,
Өз - өзінен өкпелеп, ---------------------------------- Сондай бала бола ма?
12 - оқушы: Беті қандай кір еді, ------------------- Күледі – ау жұрт, күледі.
Айниды адам жүрегі ---------------------------------- Сондай бала бола ма?
Көрсе осы бір кескінін ------------------------------- Сендер оған жолама

М: Ал тазалықты сақтайтын, жақсы ұқыпты балалар туралы не айтамыз?
13 - оқушы: Жақсы бала құлақ сап,
Істемейді шалалық,
Айтқаныңды ұғады.
Төсегінен тұра сап
Таза ауаға шығады.
Жақсы бала ол анық
Тап – таза боп жуынып,
Алады өзі таранып.
М: Кір балаға қарап, оның ұялғанын байқайды. Сен енді тазалықпен дос болысың ба? Жаман бала: Ия, ант етемін дейді.
Барлығы: Тазалық – денсаулық кепілі.
14: Күн тәртібі – бұл жұмыс пен тынығу уақытының ауысымын дұрыс бөлуге көмектесетін кесте. Күн тәртібі – бұл уақыт бойынша әрекеттерді тиімді және дәйекті түрде бөлу: тәулік бойы жұмыс пен демалысты кезектестіру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 112
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық - адам өміріндегі ең үлкен байлық. Денсаулықтың арқасында адам еңбек етеді, жетістікке жетеді және бақытты өмір сүреді.
Салауатты өмір – еліміздің болашағы
Салауатты өмір – еліміздің болашағы
Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы, денсаулықты сақтаудың бірден - бір дұрыс жолы зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру
Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ
Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ
Оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігі, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену; Ой – өрістерін, сана, сезімдерін, шығармашылықтарын дамыту;
Дені саудың – тәні сау
Дені саудың – тәні сау
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөмішкөл ауылы, №66 мектеп Анапияев Олжас
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық – зор байлық
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №8 «Теремок»бала - бақшасы тәрбиешісі: Балдырова Бақыт Мейрамовна
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Мақсаты: Жас желектей өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×