Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әдептілік әлеміне саяхат

25 маусым 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
«Әдептілік әлеміне саяхат» тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Әдептілік әлеміне саяхат»
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, қарапайымдылыққа,, кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға, өз халқының салт - дәстүрін ұйрене отырып, әдеп әліппесін дарыту.
● Адам бойындағы жақсы және жаман қасеиттерді ажырата білуге үйрету, әдептілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіру. Балаларды үлкендерді сыйлай білуге, кішіге қамқор болуға үйрету, алған білімдерін тереңдету.
● Сұрақ - жауап арқылы балалардың сөздік қорын дамыту.
Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, сахналау.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта,«Әдептілік әлемі», гүл суреті, гүлдер суреті, ойын тапсырмалары, ағаш суреті, жапырақтар.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!

Барысы:
(Балалар шаттық шеңберін құрып, келген қонақтармен амандасады.)
- Армысыз, қайрымды Аспан - Ата,
- Армысыз, мейрімді Жер - Ана,
- Армысыз, Шұғылалы Нұрлы Күн,
- Армысыз, мектептегі сыныптас,
- Армысыздар, құрметті мұғалімдер.
- Балалар, біз қазір неге амандастық деп ойлайсыңдар?
- Үлкендермен және барлық адамдармен амандасу керек.
- Амандасу ненің белгісі?
- Амандасу әдептіліктің белгісі.
- Әдептілікке нелер жатады?
- Ендеше, балалар, біз әдептілік әлеміне саяхатқа шығамыз. Менің әдепті балаларды көргім келеді. Бірақ сол әдептілік әлеміне бару үшін көп еңбек етуіміз керек. Қиыншылықтарды жеңу үшін бізге білім, шындық қажет.
- Ал көздеріңді жұмып, 3 - 4 дегенде көзімізді ашамыз.(музыка әуені естіледі, тақтада гүлдерден із жасалып, балалар сол ізбен жүреді). Мына жерде «Әдептілік әлемі» деп жазылып тұр екен.
Бірнеше тапсырмаларды орындасақ, біз «Әдептілік әлемінде» не бар екенін білетін боламыз.
Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Айтқан тілді ұғамыз,
Саяхатқа шығамыз.

1 - тапсырма: Жағдаятты шешу.
1. Көше бойымен таяққа сүйенген қарт келе жатады. Басын көтеріп жол бағдарлауға шамасы келмей келе жатыр. Сіз оған қарсы кездестіңіз. Не ойлайсыз? Не дейсіз? Не істейсіз?
Оқушылардың жауабы.
2. Сіз автобуста отырсыз бір әже кірді. Не ойлайсыз? Не дейсіз?
Не істейсіз?

2 - тапсырма: Көрініс.
Дүкенге бір қарт адам келе жатады. Жер тайғақ еді, ол кісі тайып жығылып қалады. Бір қыз бала мен ер бала мектепке келе жатқан еді. Ер бала қыз балаға сөмкесін беріп, қарт кісіні көтеріп тұрғызып жібереді. Ол рақмет айтып, кетіп қалады. Қыз бала одан:
- Ана кісі сенің анаң ба?
- Жоқ, анам емес.
- Жеңген бе?
- Жоқ, жеңгем емес.
- Әлде әжең бе?
- Жоқ, әжем емес.
- Танисың ба?
- Жоқ танымаймын. Жәй бір адам ғой. Қыз бала таңырқап қалады. Сендер осы көріністен не түсіндіңдер? (балалар өз ойларын айтады). Әже не деді балаға? (рақмет).

3 - тапсырма. Сиқырлы сөздер.
Сендер қандай сиқырлы сөздер білесіңдер? (рақмет, кешіріңіз, қайырлы таң,)
- Жақсы.

4 - тапсырма. Ойын: «Жалғастыр».
Не істеуге болмайды?
- Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.
- Құстарды атуға болмайды.
- Құстың ұясын бұзуға болмайды.
- Сабақтан кешігуге болмайды
- Мектепте төбелесуге болмайды.
Не істеу керек?
- Үлкенді сыйлау керек.
- Үлкендерге сәлем беру керек.
- Оқу құралдарын күтіп ұстау керек.

Тақпақтар айту. Тыйым сөздерге кезек берейік.(Слайд)
Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Киме теріс киімді,
Теппе киім - бұйымды.
Асықпай іш тамақты,
Жалама аяқ - табақты.
Нанды үгітпе, қадірле,
Қабығымен бәрін же.
Саусағыңды сормағын,
Салдыр - салақ болмағын.
Салма ауызға инені,
Үзбе жұлқып түймені.
Жасама жат қылықты -
Былғама су, құдықты.
«Қауіпсіз» деп ойлама,
Отпен оқыс ойнама!
Кеспе жолын үлкеннің,
Шыдамсыздық - үлкен мін.

5 - тапсырма. Сұрақ.
Әдептілік, жақсы қасиеттерді қайдан үйренуге болады?
Оқушылар:
- мақал - мәтелдерден;
- кітаптан;
- нақыл сөздерден;
- мектептен;
- ата - анадан;
- жақсы адамнан;
- газеттен;
- журналдан, т. б.

«Заң» туралы айту. (Слайд)
5 - бап. Басқаны қинауға, оған қатал қарауға, кемсітуге және ренжітуге ешкімнің құқығы жоқ.
12 - бап. Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, біреудің хаттарын оқуға ешкімнің құқығы жоқ.
19 – бап.
Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым - қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.
29 - бап.
Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
30 - бап.
1. Азаматтардың тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.
2. Қазақстан Республикасы азаматтарының конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.

6 - тапсырма. Лебіз айту.
Мұғалім: Енді біз айналамыздағы адамдарға, әке - шешемізге, достарымызға жылы лебіздер айтайық. Оны жапыраққа жазып, ағашқа ілеміз.
«Әдептілік әлеміндегі» сөздерді оқып, тәрбие сағатын қорытындылау.
13 450
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдептілік - әдемілік
Әдептілік - әдемілік
Әдептілікке, әдемілікке баулу, күнделікті өмірдегі күн тәртібін, жаман мен жақсы әдет қалыптастырып ажыратуға үйрету. Адамгершілікке, ойынға деген қызығушылығын арттыру.
Әдептілік - әдемілік белгісі
Әдептілік - әдемілік белгісі
Балалардың әдептілік туралы білімдерін кеңейту. Көрініс арқылы адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. Көрнекі суреттер арқылы зейін, логикалық ойлауын дамыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
Әдептілік – адамдықтың белгісі
Әдептілік – адамдықтың белгісі
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №12 бастауыш мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Нуржанова Гулжан Аманжолқызы
Әдептілік - тәрбие бастауы
Әдептілік - тәрбие бастауы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жанкелдин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Серикова Алма Төленқызы
Әдептілік әлемінде
Әдептілік әлемінде
Мақсаты: Адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілдікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт - дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға, имандылыққа тәрбиелеу. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып,
Әдептілік – тәрбие бастауы
Әдептілік – тәрбие бастауы
Әдептілік - адамдардың өзара жақсы қарым - қатынасының, жүріс - тұрысының ережесі. Мысалы: уәде беріп оны орындамаса, басқа кісіге дөрекі жауап берсе, үлкенді сыйламаса, ондай адамды жұрт «Әдепсіз екен» дейді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×