Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әдептілік – тәрбие бастауы

02 наурыз 2014, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Әдептілік – тәрбие бастауы
Мақсаты: Тәрбиеленушілерді адамгершілікке, қарапайымдылыққа, әдептілікке, кішіпейілділікке, еңбексүйгіштікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу;
Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдептілік әліппесі бойына дарыту;
Тіл байлығын дамыту, таным белсенділігін арттыру.
Көрнекіліктер: мақал - мәтелдер, слайд - презентациялар, тапсырмалары жазылған кеспе қағаздар.
Сабақтың түрі: сұрақ - жауап, талдау, пікір алмасу
Сабақтың барысы:
Тренинг «Тілек шоғы»
Қыздар қолдарындағы гүл шоқтарын бір - біріне тілек айту арқылы ұсынады.
«Өзгелерге денсаулық тілеп жақсылық жасасаң, ол өзіңе қайтып оралады» деген қорытынды жасаймын.
Біреуге жақсылық тілеудің өзі де әдептілікке жатады.

Кіріспе:
Әдептілік - адамдардың өзара жақсы қарым - қатынасының, жүріс - тұрысының ережесі. Мысалы: уәде беріп оны орындамаса, басқа кісіге дөрекі жауап берсе, үлкенді сыйламаса, ондай адамды жұрт «Әдепсіз екен» дейді. Одан басқа адамдар қарым - қатынас жасаудан қашады. Оны сыйламайды. Кейбір балалар әдептілік ережесін байқамай немесе білмей бұзады. Қазір сендер мектеп қабырғасында білім алып жатырсыңдар. Уақыт тез өтеді, ертең - ақ әрқайсысың үлкен азаматша боласыңдар. Бірің дәрігер, бизнесмен, мұғалім, әнші, биші, енді бірің - елші боларсыңдар. Алайда, сендер ең әуелі нағыз азамат, жақсы адам болып өсулерің қажет. Бойларыңа мейірімділік, батылдық, қарапайымдылық, кішіпейілділік, сыпайлық сияқты асыл қасиеттерді сіңірулерің қажет.
Кей кезде қарым - қатынас мәдениеті, мінез - құлық әдебі жетіспей жатады. Ал ол үшін оған осы бастан үйренуіміз, өзімізге сын көзбен қарауымыз керек.

Негізгі бөлім:
Сонымен біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз «Әдептілік – тәрбие бастауы» деп аталады.
Енді ойланайық, пікірлесейік.
- Әдепті бала қандай болады?
- Өз іс - әрекетіңнен ұялған кезің болды ма?
- Әдепті адамның бойында қандай қасиеттер болуы қажет?
- Біреуді мазалаған кезде немесе оған қолайсыздық тудырған жағдайда не істер едің?
Ребус шешу:
Әр суреттің атауларының бастапқы әріптерін қосып оқитын болсақ, қандай сөз шығады?
Әдептілік - әдемілік туралы оқиық!

Мария: Ата - ананың тілегі -
Адам болып өскенің.
Адамдықтың тірегі -
Адам болып өскенің.

Тамара: Әдептілік дегенің -
Әрқашан де керегің.
Әсемпаздық дегенің -
Әуре - сарсаң әлегің.

Анна: Атам менің әманда
«Ынтымақшы бол» дейтін.
«Бірлік болса» адамда
«Шын бақыт қой» ол дейтін.

Камила: Сәлем сөздің анасы.

Лаура Кажгалиева

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 282
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдептілік - әдемілік белгісі
Әдептілік - әдемілік белгісі
Балалардың әдептілік туралы білімдерін кеңейту. Көрініс арқылы адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. Көрнекі суреттер арқылы зейін, логикалық ойлауын дамыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
Әдептілік – адамдықтың белгісі
Әдептілік – адамдықтың белгісі
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №12 бастауыш мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Нуржанова Гулжан Аманжолқызы
Әдептілік - тәрбие бастауы
Әдептілік - тәрбие бастауы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жанкелдин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Серикова Алма Төленқызы
Әдептілік әлемінде
Әдептілік әлемінде
Мақсаты: Адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілдікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт - дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға, имандылыққа тәрбиелеу. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып,
Тәртіп - тәрбие бастауы, Тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы
Тәртіп - тәрбие бастауы, Тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Б. Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Үргенішбаева Гүлзат Нәбиқызы
Әдептілік  - тәрбие бастауы
Әдептілік - тәрбие бастауы
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Б. Аманшин орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Мукашева Лаззат Амангелдиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×