Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әдептілік әлемінде

23 сәуір 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Әдептілік әлемінде
Мақсаты: Адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілдікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт - дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға, имандылыққа тәрбиелеу.
Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдептілік әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын арттыру.
Көрнекіліктері: Слайдтар, мақал - мәтелдер, ұлағат сөздер.
Сабақтың жүрісі:
Кіріспе сөз
Үй тапсырмасын сұрау
Әдептілік ережелерімен танысу
Ұлағат сөздер
Сұрақ - жауап
«Құпия хаттарға» кеңес беру
Негізгі бөлім:
Әдеп сөзі қазақ тіліне араб тілінен енген сөздердің бірі. Әдеп дегеніміз - адамдар арасындағы қарым - қатынаста сыпайы болу және жаман қылықтардан аулақ болу дегенді білдіреді. Яғни, бір кісінің басқа кісілермен инабатты түрде қарым - қатынас жасауын және сөйлеген сөздері мен істеген істерінде, көрсеткен қылықтары мен жасаған әрекеттерінде сыпайы, мәдениетті болуы. Әдептіліктің нышаны болып табылады. Сондай - ақ, әдеп сақтау туған халықты, елді жерді ардақтау болып табылады. Өйткені бұл ұрпақтық парыздың нақты көрінісі, қоғамның ең үлкен байлығы - әдепті адам. Себебі ұжымда, сыныпта әдепсіз бір адам болса, ол өзіне ғана емес, сол ортаға жаман ат келтіреді. Бұны халқымыз «бір қарын майды, бір құмалақ шірітеді» дейді. Әдептілік нәсіл қуатын нәрсе емес.
«Баулитынды батыр болады,
Үйретінді шешен болады.
Көре көре көсем болады
Сөйлей - сөйлей шешен болады.» дейді.
Адам өзінен - өзі жақсы адам болып шыға келмейді. Әдептілік өскен ұясынан, жүрген ортасынан, мектептегі достарынан, ұстаздарынан алған тәрбиесінен болады.
Әдептілік амандасудан басталады. Амандасу әр халықтың мәдениетінің алғашқы беташары. Амандасу бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі.
Мұсылман халқында амандық салты «Ассалаумағалейкум» деген сөзден басталады. Ол «сізге Алланың нұры жаусын» деген сөз. Жас адам жолы үлкен, жасы үлкен адамға алдымен қос қолын ұсынады. Сәлем алушы «Уағалейкумассалам» деп, оң қолын ұсынады. Бұл «Алланың рақым нұры маған бір есе жауса, сізге екі есе жаусын» деген сөз.
«Сәлем беру»- қазақ қыздарымен, келіндеріне тән ізеттілік белгісі. Келін Үлкен адамдарға сәл иіліп, даусын шығармай сәлем қылады.
Амандасу рәсімінің бірнеше түрлері бар. Қол беріп амандасу, төс қағыстырып амандасу, қолдан сүйіп амандасу, көзден сүйіп амандасу, маңдайдан сүйіп амандасу, иіскеп амандасу.
Мейірімділікті анадан үйрен,
әдептілікті данадан үйрен - демекші, оқушылардан үйге берілген әдептілікке байланысты тақпақтар, ырым - тыйымдар сұралады.
Ұлағатты сөздер:
Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды.
Ж. Баласағұни
Үлкеннің ақылын тыңдау, сөзге тоқтау, үлкен - кішіні сыйлау - инабаттылықтың көрінісі.
Ғ. Мұстафин
Біз өз бойымызда әдеп сезімін дамытуға тиіспіз. Өйтпесек, адамдардың ілтипатынан оп - оңай айырылып қалуымыз мүмкін. Бұл қателігі үшін адам өмірде өте көп зиян шегеді. Және, өкінішке орай, ұрпақтарын осы ауыр зияннан құтқара алмай келеді.
И. Гете
«Жақсы адам болып қалыптасу үшін, жаратылысынан гөрі, жаттығудың рөлі зор»
Демокрит
Өлең оқу: Жексенова Ақманет
«Көшеде» М. Мақатаев
Әдептілік - өзіңнің ата - анаңды ренжітпеу, ата - ана ақысы туралы қысқаша тоқталайық. Перзент әрдайым ата - ананы құрметтеп, оларға жақсылық жасап, айтқандарын істеп, қартайған шағында оларға ауыр сөз айтпауы, көңілдерін қалдырмау. Қандайда бір тапсырма берілсе ауыр болсын, орындауға тырысу. Әрдайым күлімсіреп жақсы сөзбен жауап беру, сыйлап құрметтеп отыру керек. «Анаңды арқалап Меккеге апарсаң да ақ сүтін ақтау қиын»деген осыдан болса қажет.
Көрініс: «Әдеп» Ы. Алтынсарин
Тақтаға «Әдеп» деген сөзді жазып, әр оқушының бір - бір сөзін топтастыру.

Ж - ігерлі Ж - алқау
А - дал А - рсыз
Қ - айрымды М - ейірімсіз
С - ыпайы А - қылсыз
Ы - нтымақты Н - адан

Егер сені ешкім қадір тұтпаса, мұның себебі өзіңде екенін ұмытпа.
Қорытынды:
Ендеше оқушылар біз өзімізді әрдайым әдепті оқушы болуға тәрбиелейік. Олай болса балалар біз бір - бірімізге, адамдарға қамқорлық жасауды, жақындарымызға, достарымызға тіпті бөтен адамдарға да қуаныш сыйлауды өзімізге әдепке айналдырайық, біздің бүгінгі алған біліміміз із - түссіз кетпейді, күнделікті өмірде естеріңде ұстайсыңдар деп сенемін.
Ақыл, сана, біліммен,
Өнеріме сенемін?
Арым - таза ақ көңіл,
Адалдыққа сенемін.
Абыройлы ақ ниет,
Адамдыққа сенемін,- дей отырып сынып сағатымызды аяқтаймыз.
8 794
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Әдептілік - әдемілік белгісі
Әдептілік - әдемілік белгісі
Балалардың әдептілік туралы білімдерін кеңейту. Көрініс арқылы адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. Көрнекі суреттер арқылы зейін, логикалық ойлауын дамыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
Әдептілік – адамдықтың белгісі
Әдептілік – адамдықтың белгісі
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №12 бастауыш мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Нуржанова Гулжан Аманжолқызы
Әдептілік - тәрбие бастауы
Әдептілік - тәрбие бастауы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жанкелдин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Серикова Алма Төленқызы
Әдептілік – тәрбие бастауы
Әдептілік – тәрбие бастауы
Әдептілік - адамдардың өзара жақсы қарым - қатынасының, жүріс - тұрысының ережесі. Мысалы: уәде беріп оны орындамаса, басқа кісіге дөрекі жауап берсе, үлкенді сыйламаса, ондай адамды жұрт «Әдепсіз екен» дейді.
Әдептілік - әдемілік
Әдептілік - әдемілік
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Кереева Жанылша Курамысовна
Әдептілік - тәрбие бастауы
Әдептілік - тәрбие бастауы
Атырау облысы Исатай ауданы, Жанбай селосы Х.Наубетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Инкабаева Аян Тобаниязқызы Әдептілік - тәрбие бастауы «Әдептілік, ар - ұят - адамдықтың белгісі» Халық мақалы Мақсаты: 1.Адамгершілікке,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×